«Осень 2024»

"Компьютер менің досым" сыныптан тыс шара

7 сыныпқа информатика пәнінен сыныптан тыс шара

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы: Компьютер менің досым
Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру; Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Компьютер менің досым» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 6 оқушы қатысады.


Жоспар:
I. Компьютер құрылғысын білеміз бе
II. Адасқан әріптер
IІ. Жұмбақ шешу
ІV. Қиықтар жинау
V. Сиқырлы тізбек

Мұғалім:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп 1 – кезең. «Компьютер құрылғыларын білеміз бе?» (сұрақтар қойылады)
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
2. Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)
3. Тышқанның түрлері қандай?(екі батырмалы, үш батырмалы)
4. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)
5. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)
7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)
8. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)







Мұғалім:
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссың - деп 2 – кезең. «Адасқан әріптер»
Монитор --------- Торнимо
Компьютер -------- Пьютерком
Тышқан ------------ Қантыш
Колонка ---------- Каколон
Интернет --------- Тенинтер
Сурет --------- Терус
Бояу -------- Уяоб
Наушник --------- Никнауш

Мұғалім:
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Бүгінгі кеште біз бастайық,
Сайыста көңілмен қол соғайық – деп 3 - кезең. «Жұмбақ шешу»

1. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)

4. Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)

7. Төртбұрышты әйнек,                          8. Компьютеріңіз ауырса,

Тұнып тұрған әлек   (монитор)                  Қызметі дайын үнемі.

                                                                       Кірген зиян-залалды,

Күмәнсіз ол кетірер.  (антивирус)



9. Бұтақ орнында мың бір инесі,                             

    Компьютер жаны оның мекені.  (кактус)

10. Ақпаратты енгізу құрылғысы  (пернетақта)




Мұғалім:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып - деп 4 - кезең: «Қиықтар жинау»
Алдарындағы қиықтарды жинап құрастыру керек және оны бояу керек. Тез жылдам орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.
Мұғалім:
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста - деп 5 - кезең: «Сиқырлы тізбек»
Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.
Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт;

Қорытынды: жеңімпаз болған оқушыларды I, II, III орынмен марапаттау.
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее