«Зима 2025»

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Мерзімі: 3-4.03.17ж

Сабақ: 24

Сынып: 6к

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету. Дамытушылық: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың типі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру. Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, практикум, тақта. Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру. 2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Кесте дегеніміз не?

2. Кестені құру үшін?

3. Кесте нелерден тұрады?

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тексерген:

Директордың оқу ісінің меңгерушісі

___________________Мункенова К.Қ.

Мерзімі: 3-4.03.17ж

Сабақ: 24

Сынып: 6к

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Дамытушылық: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Міндеттері: 
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Кесте дегеніміз не?

2. Кестені құру үшін?

3. Кесте нелерден тұрады?


ІІІ. Жаңа сабақ
Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалить – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячей.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.

Деректер қоймасымен жұмыс істеу кестелерге  ақпараттарды енгізуден басталады. Кесте режимі қарамағыңызға қарапайым құралдарды  ұсынады.   Әрі  қарай ондағы бар жазбаларды  редакциялауыңызға болады.

Кестеге деректерді енгізу

Кестеге деректерді енгізудің  ең қарапайым түрі кесте режимін пайдалану болып табылады. Бұл үшін қажетті әрекеттер бірізділігін қарастырамыз.

  1. Өзіңіз құрған деректер қоймасын ашыңыз. Егер оның аты Файл менюінің төменгі жағында болмаса, Файл│Открыть командасын орындаңыз және ашылған «Деректер қоймасы файлының ашылуы» диалог терезесінде өзіңіз құрған деректер қомасын тауып, оны ашыңыз.

  2. «Деректер қоймасы» диалог терезесінде Объекты батырмасын басып , тізімнен жоғарғы объектіні – Кестелер  таңдаңыз (егер ол әлі таңдалмаса). «Кестелер» категориясы жандандырылғанда, өзіңіз құрған кестелердің тізімін көресіз.

  3. Деректерді енгізгіңіз келген кесте атына маус меңзерін орнатыңыз. Сосын маус батырмасын екі рет басыңыз немесе деректер  қоймасының Открыть батырмасын басыңыз. Кестеңіз кестелер режимінде ашылады, сөйтіп, деректерді енгізуге кірісіңіз.

  4. Келесі өріске өту үшін Тab пернесін басыңыз. Берілген өріске ақпаратты енгізіңіз.

  5. Келесі өріске өту үшін  Тab пернесін  баса отырып, жолға ақпаратты енгізуді жалғастырыңыз. Кейбір өрістердің бос қалғанына көңіл аудармаңыз. Оларды бос қалдырып, тағы  Тab пернесін  басыңыз.

  6. Жазбаның соңғы өрісіне деректерді енгізуді аяқтаған соң,  Тab пернесін  тағы да басыңыз. Нәтижесінде келесі жазбаның басына көшесіз.                                                                   

Кестені пішімдеу

Кесте жасалғаннан кейін, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы кестені пішімдеудің көптеген жолдарын ұсынады. Егер «Кесте мәнерлері» параметрін пайдалануды таңдасаңыз, кестені тұтасымен бірден пішімдеуге болады және нақты бір мәнерді қолданудан бұрын сол мәнермен пішімделгенде кестенің қандай көрініске ие болатынын алдын ала қарап алуға да болады.

Ұяшықтарды бөлу немесе біріктіру, бағандар мен жолдарды қосу немесе жою немесе жиектерді қосу арқылы кестелердің арнайы көрінісін жасауға болады. Егер ұзын кестемен жұмыс істесеңіз, кесте тақырыптарын кесте көрінетін әрбір бетте қайталауға болады. Кестенің көрінісін бұзатын ыңғайсыз бет үзілімдерін болдырмау үшін, кестенің беттердің қай жерінде қалай үзілуі керектігін көрсетуге болады.

Не істегіңіз келеді?

  • Кестені тұтастай пішімдеу үшін «Кесте мәнерлері» параметрін пайдалану

  • Жиектерді қосу немесе жою

  • Тор сызықтарын көрсету немесе жасыру

  • Ұяшық, жол немесе баған қосу

  • Ұяшықты, жолды немесе бағанды жою

  • Ұяшықтарды біріктіру немесе бөлу

  • Кесте тақырыбын кейінгі беттерде қайталау

  • Кестенің бөлінетін жерін көрсету

Кестені тұтастай пішімдеу үшін «Кесте мәнерлері» параметрін пайдалану

Кесте жасалғаннан кейін «Кесте мәнерлері» параметрін пайдаланып кестені тұтастай пішімдеуге болады. Меңзерді алдын ала пішімделген кесте мәнерлерінің әрқайсысының үстіне қойып, кестенің қандай көрініске ие болатынын алдын ала қарап алуға болады.

  1. Пішімдегіңіз келетін кестені нұқыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Жасақтау қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте мәнерлері тобында, пайдаланғыңыз келетін мәнерді тапқанша меңзерді әрбір кесте мәнерінің үстіне қойып көріңіз.

 ЕСКЕРІМ   Қосымша мәнерлерді көру үшін Қосымша көрсеткісін нұқыңыз .

  1. Кестеге қолдану үшін мәнерді нұқыңыз.

  2. Кесте мәнерінің параметрлері тобында, таңдалған мәнерді қолдану немесе жою үшін әрбір кесте элементінің қасына құсбелгіні қойыңыз немесе алыңыз.

Жиектерді қосу немесе жою

Кестені қалауыңыз бойынша пішімдеу үшін жиектерді қосуға немесе жоюға болады.

Кесте жиектерін қосу

  1. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте тобындағы Таңдау түймешігін басыңыз, одан кейін Кестені таңдау түймешігін басыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Жасақтау қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте мәнерлері тобындағы Жиектер түймешігін басыңыз, одан кейін төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала анықталған жиектердің бірін нұқыңыз.

    • Жиектер және бояу түймешігін басыңыз, Жиектер қойындысын нұқыңыз, одан кейін қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Кестенің жиектерін толық жою

  1. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте тобындағы Таңдау түймешігін басыңыз, одан кейін Кестені таңдау пәрменін таңдаңыз.

  2. Кесте құралдары астында Жасақтау қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте мәнерлері тобында Жиектер параметрін таңдап, Жиексіз түймешігін басыңыз.

Кесте жиектерін тек қана көрсетілген ұяшықтарға қосу

  1. Өзіндік қойындысыныңЕже тобында Көрсету/Жасыру түймешігін нұқыңыз.

  1. Ұяшықты аяқтаушы таңбаларын қоса алып, қажетті ұяшықтарды таңдаңыз.

  1. Кесте құралдары астында Жасақтау қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте мәнерлері тобында Жиектер параметрін таңдаңыз, одан кейін қосқыңыз келетін жиекті нұқыңыз.

Кесте жиектерін тек қана көрсетілген ұяшықтардан жою

  1. Өзіндік қойындысының Еже тобында Көрсету/Жасыру түймешігін нұқыңыз.

  1. Ұяшықты аяқтаушы таңбаларын қоса алып, қажетті ұяшықтарды таңдаңыз.

  1. Кесте құралдары астында Жасақтау қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте мәнерлері тобында Жиектер параметрін таңдап, Жиексіз түймешігін басыңыз.

Тор сызықтарын көрсету немесе жасыру

Кестеге жиектер қолданылмаған жағдайда, тор сызықтары кесте ұяшықтарының жиектерін бейнебетте көрсетеді. Жиектері бар кестедегі тор сызықтарын жасырсаңыз, өзгерісті көре алмайсыз, себебі тор сызықтары жиектердің артында қалады. Тор сызықтарын көру үшін жиектерді жойыңыз.

Жиектерден айырмашылығы, тор сызықтары тек қана бейнебетте көрінеді және олар ешқашан басып шығарылмайды. Тор сызықтары ажыратылса, кесте басып шығарылатын түрінде көрсетіледі.

 ЕСКЕРІМ   Құжатты Веб-шолғыш немесе алдын ала қарап алу күйінде көргенде тор сызықтары көрінбейді.

Құжатта кестенің тор сызықтарын көрсету немесе жасыру

  • Кесте құралдары астында Орналасу қойындысының Кесте тобында Тор сызықтарын көру түймешігін нұқыңыз.

Ұяшық, жол немесе баған қосу

Ұяшық қосу

  1. Ұяшық кірістіргіңіз келетін жердің оң жағындағы немесе оның жоғарғы жағындағы ұяшықты нұқыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Орналасуқойындысының, Жолдар & Бағандар тілқатысу терезесін іске қосушының түймешігін нұқыңыз.

  1. Төмендегі параметрлердің бірін таңдаңыз:

НҰҚУ

МАҚСАТ

Ұяшықтарды оңға ығыстыру

Ұяшықты кірістіру және сол жолдағы басқа барлық ұяшықтарды оңға ығыстыру.

 ЕСКЕРІМ   Бұл параметр басқа жолдармен салыстырғанда ұяшықтар саны көбірек жолдың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Ұяшықтарды төмен ығыстыру

Ұяшықты кірістіру және сол бағандағы қалған бар ұяшықтарды бір жолға төменге жылжыту. Ішінде бұрыннан бар соңғы ұяшық болатын жаңа жол кестенің төменгі жағына қосылады.

Толық жолды кірістіру

Нұқылған ұяшықтың жоғарғы жағына жол кірістіру.

Толық бағанды кірістіру

Нұқылған ұяшықтың оң жағына баған кірістіру.

Жол қосу

  1. Жол қосқыңыз келетін жердің жоғарғы немесе төменгі жағында орналасқан ұяшықты нұқыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Нұқылған ұяшықтың жоғарғы жағына жол қосу үшін, Жолдар мен бағандар тобындағы Жоғарғы жағына кірістіру түймешігін басыңыз.

    • Нұқылған ұяшықтың төменгі жағына жол қосу үшін, Жолдар мен бағандар тобындағы Төменгі жағына кірістіру түймешігін басыңыз.

Баған қосу

  1. Баған қосқыңыз келетін жердің оң немесе сол жағындағы ұяшықты нұқыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Нұқылған ұяшықтың сол жағына баған қосу үшін, Жолдар мен бағандар тобындағы Сол жағына кірістіру түймешігін басыңыз.

    • Нұқылған ұяшықтың оң жағына баған қосу үшін, Жолдар мен бағандар тобындағы Оң жағына кірістірутүймешігін басыңыз.

Ұяшықты, жолды немесе бағанды жою

  1. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

ТАҢДАУ

МАҚСАТ

Ұяшық

Ұяшықтың сол жақ жиегін нұқыңыз..

Жол

Жолдың сол жағын нұқыңыз. 

Баған

Бағанның жоғарғы тор сызығын немесе жоғарғы жиегін нұқыңыз. 

  1. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Жолдар мен бағандар тобында Жою түймешігін басыңыз, одан кейін қажетінше Ұяшықтарды жою,Жолдарды жою немесе Бағандарды жою түймешігін басыңыз.

Ұяшықтарды біріктіру немесе бөлу

Ұяшықтарды біріктіру

Бір жолда немесе бағанда орналасқан екі немесе одан да көп ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіруге болады. Мысалы, бірнеше бағанды қамтитын кесте тақырыбын жасау үшін бірнеше ұяшықты көлденеңінен біріктіруге болады.

  1. Ұяшықтың сол жиегін нұқып, қажетті басқа ұяшықтар бойынша сүйреу арқылы біріктіргіңіз келген ұяшықтарды таңдаңыз.

  2. Кесте құралдары астындағы Орналасу қойындысының Біріктіру тобынан Ұяшықтарды біріктіру түймешігін басыңыз.

Ұяшықтарды бөлу

  1. Ұяшықты нұқыңыз немесе бөлгіңіз келетін бірнеше ұяшықты таңдаңыз.

  2. Кесте құралдары астындағы Орналасу қойындысының Біріктіру тобынан Ұяшықтарды бөлу түймешігін басыңыз.

  1. Таңдалған ұяшықтарды бөлгіңіз келетін бағандардың немесе жолдардың санын енгізіңіз.

Кесте тақырыбын кейінгі беттерде қайталау

Өте ұзын кестемен жұмыс істеген кезде, ол бет үзілімі орналасқан жерде бөлінеді. Кесте тақырыптары әрбір бетте қайталанатындай етіп кестені реттеуге болады.

Кестенің қайталанатын тақырыптары тек қана Басып шығару орналасуы көрінісінде және құжатты басып шығарғанда көрінеді.

  1. Тақырып жолын немесе жолдарын таңдаңыз. Таңдалған бөлік кестенің бірінші жолын қамтуы тиіс.

  2. Кесте құралдары астындағы Орналасу қойындысының Деректер тобынан Тақырып жолдарын қайталаутүймешігін басыңыз.

 ЕСКЕРІМ    Word бағдарламасы автоматты бет үзілімінен пайда болатын әрбір жаңа бетте кесте тақырыптарын автоматты түрде қайталайды. Кесте ішінде бет үзілімі қолмен кірістірілсе, Word бағдарламасы тақырыпты қайталамайды.

Кестенің қай жерде бөлінетінін көрсету

Өте ұзын кестемен жұмыс істеген кезде, ол бет үзілімі орналасқан жерде бөлінеді. Әдепкі күй бойынша, егер бет үзілімі үлкен жолда болса, Microsoft Word бағдарламасы бет үзіліміне жолды екі бет арасында бөлуге мүмкіндік береді.

Кесте бірнеше беттерде орналасқанда, кестедегі мәліметтердің дұрыс көрінуін қамтамасыз ету үшін кестеге өзгерістер енгізуге болады.

Кесте жолының беттер арасында үзілуін болдырмау

  1. Кестенің ішінде нұқыңыз.

  2. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.

  1. Кесте тобында Сипаттар пәрменін таңдаңыз, одан кейін Жол қойындысын нұқыңыз.

  2. Жолдың беттер арасында үзілуіне рұқсат ету құсбелгісін алыңыз.

Кестені беттер арасында нақты бір жолда үзілуге мәжбүрлеңіз

  1. Келесі бетте көрсеткіңіз келетін жолды нұқыңыз.

  2. CTRL+ENTER пернелерін басыңыз.


V. Сабақты бекіту:

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Кестені құру үшін?

  3. Кестені қалай редакциялаймыз?

  4. Кесте ішіне қалай дерек еңгіземіз?

  5. Кестелерді қалай пішімдейміз?

  6. Кестені пішімдеу дегеніміз не?


VІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Кестелерді редакциялау және пішімдеу.

Сабақ аяқталды сау болыңдар.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее