«Зима 2025»

Кесте ішіндегі есептеулер

MS EXCEL кестелік редакторында қолданылатын формуламен таныстыру. Фурмулаларды енгізу және көшіру әдістерін қарастыру. Абсолюттік салыстырмалы сілтемелер тусінігін талқылау.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2017 ж ___________________


Пән аты: Информатика

Сыныбы 8

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегі есептеулер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды MS EXCEL кестелік редакторында қолданылатын формуламен таныстыру. Фурмулаларды енгізу және көшіру әдістерін қарастыру. Абсолюттік салыстырмалы сілтемелер тусінігін талқылау.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ұяшықтар пішімі (Формат ячеек) сұхбаттық терезесін шығаратын команданы көрсетіңдер:

  1. Басты →Ұяшықтар →Пішім

  2. Басты →Ұяшықтар →Пішім→Ұяшықтар пішімі

  3. Басты →Теңестіру →Пішім

  4. Пішім →Ұяшықтар пішімі

  1. Excel қандай деректер типтерімен жұмыс істейді?

  1. сан,мәтін, формула

  2. функция,сан, мәтін

  3. сан, дата, мәтін, формула

  4. сан, дата, уақыт, мәтін, формула

  1. Артығын көрсетіңдер. Ұяшықтың ішіндегі деректердің пішімін немесе типін өзгерту үшін не істеу керек?

  1. ұяшықты ерекшелеу, Басты →Теңестіру→Пішім командасын таңдау,керекті пішімді көрсету

  2. ұяшықты ерекшелеу, Басты жолағындағы Сан (Число) тобының тізімінен керекті пішімді таңдау

  3. ұяшықты ерекшелеу,контекстік мәзір арқылы Ұяшықтар пішімі (Формат ячеек) сұхбаттық терезесін шақыру, керекті пішімді көрсету

  4. ұяшықты ерекшелеу, Басты (Главная) →Ұяшықтар (ячейки) →Пішім (Формат) жолағының қосымса парағының тізімінен керекті пішімді таңдау

  1. Деректер типінің қайсысымен есептеу жүргізуге болмайды?

  1. мәтін

  2. сан

  3. дата

  4. формула

  1. Ұяшықтағы деректерді ... теңестіруге болады.

  1. көлденеңінен

  2. тігінен

  3. қиғашынан

  4. барлық жауап дұрыс

  1. Ұяшықтағы мәтінді бірнеше жолға орналастыру үшін ... таңдайды.

  1. Басты Теңестіру→бірнеше жолға командасын

  2. Ұяшықтар пішімі сұхбаттық терезесіндегі опциясын

  3. пішімі сұхбаттық терезесіндегі  опциясын

  4. Басты (Главная) → Теңестіру(Выравнивание) → сөздер бойынша тасымалдау ( переносить по словам) командасын

  1. Ұяшықтардың шекараларын қоспасақ:

  1. басылым кезінде кесте көрсетілмейді

  2. басылым кезінде кестенің шекаралары көрсетілмейді

  3. кестені қағазға басып шығаруға болмайды

  4. кестемен ешқандай көркемдеу амалдарын жасауға болмайды

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кесте ішіндегі есептеулерді автоматтандыру үшін формулалар құрастырылады. Кестелік про­цессор үяшықтың ішінде формула тұрғанын бірінші тұрған теңдік таңбасынан біледі. Сондықтан формуланың әрңашан = таңбасынан басталатынын есте сақтау керек.

Формулада сендер ңосу (+), азайту (-), көбейту (*), бөлу (/) арифметикалың амалдарын қолдана аласыңдар. Формулада ұяшыңтың ішіндегі деректі қолдану үшін оған сілтеме көрсету керек. Мысалы, = А1 + 10. Формуланы енгізуді Enter пернесін басумен аяңтау керек.


A

В

С

D

Е

1


теңгедегі бағасы

саны

құны


2

қарындзш

20

150



3

қаламсап

15

240



4

дәптер

7

532



5





D2 ұяшығындағы «құны» бағанын =В2*С2 формуласымен есептеу жүргіземіз.

D2 ұяшығының нәтижесін алу үшін: = таңбасын теру керек; В2 үяшығын тінтуірмен шерту керек; * таңбасын теру керек; С2 үяшығын тінтуірмен шерту керек; енгізу пернесін басу керек. D2 ұяшығында есептеудің нәтижесі шығады. Фор-муланың өзі формулалар жолында көрсетілетін болады, оны қажеттілік болған кезде редакция лауға болады.

Даталарды есептеу

Кестелік процессордың Дата деректер пішімімен есептеулер жасау қызықты мәселелерді шешуге мүм-кіндік береді. Олардың бірі - екі датаның арасындағы күндер санын есептеу.

Сендердің туған күндеріңе дейін қалған күндер санын есептейік.

  1. А1 және А2 ұяшықтарында - Дата деректер пішімін белгілеңдер.

  2. А1 ұяшығына өздеріңнің келе жатқан туған күн датасын енгізіңдер (күн, ай, жыл - мысалы, 20.12.2016).

  3. А2 ұяшығына дәл осы пішімде бүгінгі күнді енгізіңдер.

  4. A3 ұяшығында туған күндеріңе дейін қалған күндер санын = Al - А2 формуласымен анықтаңдар. Нәтиже дата түрінде шығады, сондықтан сандық пішімді таңдау керек болады.

Формулаларға сілтемелер

Формуланы көшірілген ұяшықтың тұрған қалпына қарай көшіріп жазғанда немесе ауыстырғанда, формула автоматты түрде өзгереі.

«Құны» бағанындағы нәтижені есептеу үшін біз келесң формулаларды пайдаланайық:

D2 ұяшығында

=B3*C

D3 ұяшығында

=B3*C3

D4 ұяшығында

=B3*C4


Өздерің көріп тұрғандай, формулаларды жолдың нөмірі соған сәйкес өзгеретіндіктен формуланы D2 ұяшығында енгізіп, оны қалған ұяшықтарға толтыру таңбасы немесе көшіріп жазу амалы арқылы көшіре аласыңдар.

Сілтеме-бұл басқа ұяшыққа үндеу.

Формуланы көшіріп жазғанда немесе ауыстырғанда автоматты түрде өзгеретін сілтеме салыстырмалы деп аталады.

Кестеге «$-да есептелген баға» бағанын қосамыз. Бұл бағандағы мәндерді есептеу үшін доллардың теңгеге бағамы керек болады. Кестенің өзгерген түрі.

Е3 және Е4 ұяшықтарында нәтиже алу үшін толтыру таңбасын қолданамыз. Сонда #ДЕЛ/0! Қатесі шығады.

Осы типтегі формулаларға ұяшықтарға сілтеме көшіріп жазғанда немесе ауыстырғанда өзгермеуі керек. Осындай типтегі сілтемелер абсолюттік деп аталады. Оларды белгілеу үшін өзгермейтін бөлімнің алдына $ белгісін қояды.

=B2/$ B$7-осындай формула Е2 ұяшығында болу тиіс.

Салыстырмалы сілтеме абсолюттікке айналу үшін, формулада керекті сілтемені ерекшелеу және F4 пернесін басу қажет. Сілтеме $B$7 түрін алады. F4 пернесінің қайта басуы сілтемені B$7 түріне айналдырады. Тағы бір басқан кезде $B7-ні аламыз. Төртінші рет басу қайтадан салыстырмалы сілтемені береді.

B$7 және $B7 сілтемелері аралас деп аталады, өткені олардың салыстырмалы сілтеме де, абсолюттік сілтеме де бар.

Атауы

Жазылуы

Көшіру кезінде

Енгізу технологиясы

Салыстырмалы

В7

Ұяшықтың жаңа орнына байланысты өзгереді

Ұяшыққа шерту

Абсолюттік

$B$7

Өзгермейді

Ұяшыққа шертіп, керекті түрге айналғанша F4 пернесін басу

Аралас

B$7

Жолдың нөмірі өзгермейді

$B7

Бағандағы әріп өзгермейді


Түйін

  • Сілтеме –бұл басқа ұяшыққа үндеу

  • Формулаларда ұяшықтардың сілтемелері көрсетіледі.

  • Формула көшірілген ұяшықтың тұрған қалпына қарай көшіріп жазғанда немесе ауыстырғанда автоматты түрде өзгереді.

  • Формула көшіріп жазғанда немесе ауыстырғанда автоматты түрде өзгерсе, бұл типті сілтеме салыстырмалы деп аталады.

  • Егер сілтеме көшіріп жазғанда өзгермесе-ол абсолюттік болады. Оны белгілеу үшін өзгермейтін бөлігінің алдына $ таңбасын қояды.


ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі

  1. Мысалдағы кестемен жұмысты жалғастырыңдар

  2. Кестенің алдына жаңа жол кірістіріңдер

  3. Оның ішіне алдын ала бірінші жолдың ұяшықтарын біріктіріп, «Мектеп дүкені» атты кесте атауын жазыңдар.

  4. Тауардың тағы 10 атауын қосыңдар.

  5. «Құны», «$-да есептелген баға» бағандарының нәтижелерін есептеңдер.

  6. «Еурода есептелген баға» бағанын қосыңдар

  7. Тауарлардың еуродағы бағасын есептеңдер.

  8. Кестені шекара және құю арқылы безендіріңдер.

  9. Жұмыс жасалған 1-бетті «Бағалар» деп атаңдар.

  10. «Құны» бағанының деректері бойынша диаграмма құрыңдар.

  11. Жұмысты «Менің құжаттарым» бумасына «Мектеп дүкені» атауымен сақтаңдар.

В деңгейі

Көрсетілген үлгі бойынша «Есеп» кестесін құрыңдар (АҚШ долларының жаңа курсымен):


ЕСЕП


Доллар бағамы

355




Тауар

$ бағасы

Саны

$ сомасы

Теңгедегі сомасы

1

TV SONY 1400/2100

460

1



2

Бейнекамера TR-270

865

3



3

Бейнекамера TR-350E

935

5



4

Бейнекамера TR-200AE

1015

12



5

Бейнекамера TR-202E

1065

2



6

Бейнекамера TR-470E

1295

2



7

TV SONY 2531/2541D

1200

5




  1. «Тауар» бағанын толтыру кезінде көшіріп жазу және автоматты түрде толтыру амалдарын қолданыңдар

  2. «$ бағасы» бағанында қосындыны есептеу формуласы қолданылуы қажет.

  3. «Теңгедегі бағасы» бағанында қосындыны есептеу формуласы қолданылуы қажет.


С деңгейі

Еңбекақы төлеудің есептеу кестесін құрыңдар.

Есептелген қосындының 10%-ын кіріс салығы құрайды, есептелген қосындының 10%-ы зейнетақы қорына аударылады.

Назар аударыңдар: тоқсандық есептеулер доллар арқылы қарастырылған, ал жылық есептеулерді және төлемдерді теңгеде санау керек.

«Барлығы» жолындағы деректерді есептеудің тиімді тәсілін табыңдар.


Үйге тапсырма: §24. «Кесте ішіндегі есептеулер» тақырыптарын оқып келу.


V . Қорытындылау:

  1. Деректер типінің қайсысымен есептеуді өткізуге болады, қайсысымен болмайды?

  2. Дата пішімімен қалай есептеуге болады?

  3. Сілтеме деген не?

  4. Салыстырмалы жән абсолюттік сілтемелердің айырмашылығы неде?

VІ. Оқушыларды бағалау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее