«Осень 2024»

«Кең даланы асқақтатып, тауларыңды аласартпа.»

Үлкендер қандай көреген, дана адамдар. «Кең даланы асқақтатып, тауларыңды аласартпа». бұл О.Сүлейменов атамыздың өмірлік ұстанымы екен. Екі ауыз сөздің астарында қандай терең мән-мағына барын таудай биік тұлғалар мен даладай кең даналар түсінген ғой, шіркін.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Кең даланы асқақтатып, тауларыңды аласартпа...»

Үлкендер қандай көреген, дана адамдар... «Кең даланы асқақтатып, тауларыңды аласартпа» ... бұл О.Сүлейменов атамыздың өмірлік ұстанымы екен. Екі ауыз сөздің астарында қандай терең мән-мағына барын таудай биік тұлғалар мен даладай кең даналар түсінген ғой, шіркін... Біз де осынау атаулы жобадан тыс қалмадық, 2017 жылғы 27 қазанда Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ «Тауларды аласартпай, даланы асқақтат» атты ауызша журнал түрінде қазақ-орыс тілінде әдеби-сазды кеш өтті. Қазақстан тарихынан сыр шертетін танымдық түрдегі беттер ұсынылды.

1 –бет «Ғасыр адамы» О.Сүлейменовке арналды. НЕВАДА-СЕМЕЙ ядроға қарсы Халықаралық қозғалысқа ерекше мән берілді.

2-бет «Абай – дана, Абай – дара». Галайба А. мен Быкова Е. Абайдың балалық шағы мен өмірі жайлы айтты. Абайдың қара сөздері де оқылды.

3-бет «Сүйікті жазушыларымыздың, сүйікті өлең жолдары» 10-сынып оқушылары Казанцева А. мен Ковалева А. барлығымыздың сүйікті ақынымыз Пушкин А.С. «Ескерткіш», «Алтын тоғай сыңғыры» өлеңдерін әсем сазбен жүрекке жеткізе білді.

4-бет «Қасиетті жерлерге саяхат» тарих пәні мұғалімі Казанцева Л.Н. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қысқаша шолу жасап, түркі тамыры туралы әңгімеледі. 5 «а» сынып оқушысы Жұмабекова Д. «Түркістан туралы әнді» орындады. Шарапова А. М.Өтемісұлының өлеңімен бетті аяқтады.

5-бет «Соғыстың жаңғырығы» 9-сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың ерліктері туралы айтты, Нұрмақанова А, Тортопиди А. Корнеева Е. жауынгер-жазушы Б.Момышұлының, Р.Қошқарбаев пен Ә. Молдағұлованың ерліктеріне арналған ақиық ақындардың өлеңдерді оқыды.

Әрбір бет көрсетіліммен және видеороликпен толықтырылып отырды. Аталған мерекелер оқушылар бойында шығармашылықтарын шыңдауға, өздерін тұлға ретінде қалыптасуына көп көмегін тигізеді деген сенімдемін.


Әліпаева А.Қ. директордың бейіндік оқыту орынбасары



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее