«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Л.Қыдыралиева
Күні:10.04.2017ж
Сыныбы: 8-сынып
Пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы: §55. Хлордың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы және физикалық, химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларға хлордың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы мен қасиеттері туралы жан-жақты білім қалыптастыру;
2. Дамытушылық – Оқушылардың дара қабілеттерін басшылыққа ала отырып, теорияны практикада қолдана білу біліктілігін дамыту;
3. Тәрбиелік – Оқушыларды тәжірибелер жасаған кезде ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ: өтілген тақырыпты қорытындылау және жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың өтілу әдісі: Түсінік сұрау, тәжірибелерді басшылыққа алу әрі сұрақ-жауап түрінде.
Сабақта қолданылған технология: Сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс:
Физикамен | Хлордың физикалық қасиеттері |
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қауымы хлордың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы мен қасиеттері туралы жан-жақты білім білігін қалыптастырады.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып оқушыларын түгелдеу;
ә) оқушыларды сабақ мәзіріне дайындау;
ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: §54 бойынша жүйелі түрде түсінік сұраймын.
ІІІ) Үй жұмысын қорытындылау кезеңі: Осы кезде оқушыларға тақырып көлемін аша түсетін негізгі деген сұрақтар легін қоямын.
ІV) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Хлор электрондық құрылысына сай І, ІІІ, V, VІІ валенттік көрсете алады. табиғатта хлор қосылыстары кең тараған. Хлор барлық металдармен әрекеттесіп тұздар түзеді. Хлор сутекпен әрекеттескенде өткір иісті, ауада түтінденетін хлорсутек газы түзіледі.
V) Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Жаңа өтілген тақырып көлемі бойынша жалпылама сұрақтар легін қоямын. Мәселен,
Хлорды периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттаңдар.
Табиғатта хлор қандай қосылыстар түрінде кездесетінін айтып беріңдер.
«Тас тұз» деген не және ол қайда кездеседі?
Хлордың физикалық қасиетін түсіндіріңдер және оның ауа бойынша тығыздығын табыңдар.
Хлордың химиялық қасиетін түсіндіріңдер. Не себепті хлорды құрғақ болат баллонда сақтайды?
Хлордың қолданылатын жерлерін айтып беріңдер.
VІ) Сергіту сәті кезеңі: Осы сәтте оқушылар хлор атомының тотығу дәрежесі +3, +5, +7 болып өзгеретінін атом құрылысы тұрғысынан сатылап түсіндіреді.
VІІ) Сабақты қорытындылау кезеңі: Оқушылар тақырып соңындағы 5-6 жаттығуды тиісінше орындайды.
VІІІ) Үй тапсырмасын беру кезеңі: §55. Хлордың периодтық жүйеегі орны, табиғатта таралуы мен қасиеттері және 6-7-8 жаттығуларды жұмыс дәптерлеріне орындау.
ІХ) Бағалау саясаты: Белсенділік танытқан оқушыларды әділ бағалаймын.