Авторлық бағдарламаның тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Боранова Ләйла Мирамбекқызы
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі
Аннотация
Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына химия пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпыеңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер курсын оқу барысында білім алушылар пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалана алуға жағдай жасай отырып, оларды сақтау, элементтерді дұрыс пайдаланудың мәні мен мазмұнын оқып-үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында елімізде кездесетін элементтерді сақтауға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы.
Курсты оқу барысында экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Президенттің егеменді және құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып-үйренуге ерекше маңыз берілген.
«Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» авторлық бағдарламасының жоспары 34 сағатқа арналып жасалынған. Тақырыптар мазмұны оқу бағдарламасынан өзгеше, өз бетінше шығармашылы жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны оқыту барысында оқушыларға Қазақстанда кездесетін химиялық элементтерді жіті тануына және Қазақстан пайдалы қазбаларға бай екенін білуге, оларды орынды пайдалана білуге жағдай жасауды оқуға бағытталған.
«Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» арнайы курсын дайындау «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай Жиырма Қадам» атты қазақстандықтарға жолдауында жас ұрпақтың бойынан өз еліміздегі пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалана білу мақсатында жасалып отырған тапсырмасы болып табылады.
Оқушыларға арналған қосымша жұмыс дәптерінде қызықты сұрақтар мен тапсырмалар, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер, бұйымдарды жасау әдіс-тәсілдері, ой-толғау, эссе жазу және топтастыру әдістері қамтылған.
«Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» таңдау курсы мектеп оқушыларына химия пәнінен қосымша ретінде ұсынылып отыр. «Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» бағдарламасына сай қосымша оқушыларға арналған жұмыс дәптері де жасалынған.
Мақсаты:
Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер оқытуда химиялық элементтердің білім алушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, білім алушыларды пайдалы қазбаларды сақтаудың қыр-сырымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері:
Оқушылардың химиялық білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету;
пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалана білу дағдысының қалыптасуына жағдай жасау;
пайдалы қазбаларды сақтау дағдысын дамыту;
Пайдалы қазбаларды дұрыс пайдаланылмауының алдын алуды қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже
Ойлау мәдениетіне ие болу, мақсат қою мен оған жету жолында ақпараттарды қабылдауда оны кеңейту, талдау қажет;
Қазақстанның пайдалы қазбаларын сақтауға деген көзқарастың артуы;
Пайдаыл қазбаларды сақтау туралы жалпы мағлұмат алады;
Пайдалы қазбаларды сақтаудың әдіс-тәсілдерін ұғына біледі;
Қазақстанда кездесетін химиялық элементтердің түрлерін меңгереді;
Қазіргі заманға сай рухани құндылықтарды игеріп, өз танымы мен ұлттық танымды үндестіре алады.
Пәнаралық байланыс
Мұғалімдер оқу барысын ұйымдастыруда төмендегі пәнаралық байланыс міндеттеріне арнайы көңіл бөлулері тиіс.
«Қазақ тілі»:
оқытуды ұйымдастыру барысында оқушының жалпы және арнайы сөздік қорын байыту, ой- өрісін кеңейту және өз ойын нақты, толық жеткізе алу қабілетін дамыту;
ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті»:
Қазақтардың әдет – ғұрып құқығының пайда болу мен қалыптасуы.
«Тарих»:
Қазақстанда кездесетін химиялық элементтердің пайда болу тарихын, тарихи қажеттілігін негіздеу біліктілігін қалыптастыру.
«Дене шынықтыру»:
Материалды өңдеу барысында қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Нормативтік бөлім
«Қазақстанда кездесетін химиялық элементтер» авторлық бағдарламаның оқыту жоспары
(Аптасына 1 сағ, барлығы 34 сағ)
Р/с | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту |
1 | Кіріспе | 1 |
|
|
2 | Қазақстанда кездесетін химиялық элементтердің қоры | 1 |
|
|
3 | Сутегі элементі | 1 |
|
|
4-5 | Фтор мен хлор элементтері | 2 |
|
|
5 | Оттегі элементі | 1 |
|
|
6-7 | Мыс пен мырыш элементтері | 2 |
|
|
8 | Күкірт элементі | 1 |
|
|
9 | Азот элементі | 1 |
|
|
10 | Аммиак элементі | 1 |
|
|
11-12 | Фосфор элементі | 2 |
|
|
13 | Көміртек элементі | 1 |
|
|
14-15 | Кремний элементі | 2 |
|
|
16 | Германий элементі | 1 |
|
|
17 | Қалайы элементі | 1 |
|
|
18 | Қорғасын элементі | 1 |
|
|
19-20 | Гелий элементі | 2 |
|
|
21-22 | Неон және аргон элементтері | 2 |
|
|
23-24 | Криптон және ксенон элементтері | 2 |
|
|
25 | Натрий элементі | 1 |
|
|
26 | Калий элементі | 1 |
|
|
27 | Кальций элементі | 1 |
|
|
28 | Магний элементі | 1 |
|
|
29 | Барий элементі | 1 |
|
|
30 | Алтын және күміс элементтері | 1 |
|
|
31 | Бор элементі | 1 |
|
|
32 | Алюминий элементі | 1 |
|
|
33 | Уран элементі | 1 |
|
|
34 | Шойын мен болат элементтері | 1 |
|
|
| Барлық сағат саны:
| 34 |
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:
1.Бейсенова Ә.С. Экология. – Алматы : «Мектеп» , 2005 . – 176 б.
2.Болаткулова Р. Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану. – Алматы .: «Мектеп» , 1988. – 68 б.
3.ГузикН.П. Обучение органической химии . – М .: 1988.
4.Джадрина М.Ж.Построение планируемых результатов обучения на примере химии и биологии. – Алматы . :Республиканский издательский кабинет , 1999. – 24 с.
5.Надиров Н.К. Нефть : вчера , сегодня , завтра . – Алматы .: Қазахстан 1983 . – 210 с.
6.Надиров Н.К. Химическое равновесие и принципы его смещение .
- Алматы .: «Мектеп» , 1986. – 216 с.
7.Усманова М.Б. Химия . – Алматы .: «Атамұра» , 2005 . – 239 б.
8.Эпштейн Д.А. Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтар . – Алматы .: «Мектеп» 1983 . – 125б.
9.Сарманова К.А.Задания для итоговой проверки по химии, Ротопринт,29с.
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1.Артемов А.В. Химия : Интенсивный курс подготовки к ЭГЭ . – М.:
Айрис – пресс , 2005 . – 336 с.
2.Дикенштейн Г.Х. Нефтяные и газовые месторождения средней Азии.
- Москва .: Недра , 1975 . – 429 с.
3.Исламгулова С.Органическая химия. – Алматы.: «Творческая педагогика» 1999 . – 60 с.
4.Мансурова Б.А. Сборник тестовых заданий по органической химии.
- Алматы .: «Атамұра» , 2004 . – 224 с.
5.Темірболатова Ә , Нұрахметов Н. Химия . – Алматы .: «Мектеп» , 2007. – 352 б.
6.Сәулебекова М.С. Химия анықтамасы 8 – 11 сыныптар . «Арман –ПВ»
2005 . – 302 с.
7.Семенов И.Н . Химия и научно – технический прогресс. – М .: «Просвещение» , 1988. – 172 с.
8. Усманова М.Б. Химия . – Алматы .: «Атамұра» , 2005. – 239 б.
9.Халимов Э.М. Управление запасами нефти .– М .: Недра ,- 1991 .– 284с.