Химия пәнінен мектепішілік олимпиадаға арналған тапсырмалар
8 сынып
Қай элементтердің атаулары жасырылған: цергаман, мейкрин, озат?
(3 б.)
Қай химиялық элементтер мемлекеттердің құрметіне аталған? Кем дегенде төрт мысал келтір.
(3 б.)
Тұжырымдар мен ұғымдардың арасында сәйкестікті тап:
| А) Химиялық құбылыс |
| Ә) Физикалық құбылыс |
| Б) Химиялық элемент |
| В) Химиялық таңба |
| Г) Жай зат |
| Д) Күрделі зат |
| Е) Физикалық қасиет |
| Ж) Салыстырмалы атомдық масса |
Жауапты әріп пен сан жұбымен келтір.
(5 б.)
Берілген заттардың ішінде қайсысы жай, қайсысы күрделі зат екенін көрсет:H2SO4, O2, H2O, HCl, N2, Cl2, NH3?
(3 б.)
Малахиттің формуласы (CuOH)2CO3. Малахиттің салыстырмалы молекулалық массасын және оның құрамына кіретін оттектің массалық үлесін есепте.
(7 б.)
Егер күкірт қышқылы молекуласының құрамына сәйкесінше екі сутек атомы, бір күкірт атомы және төрт оттек атомы кіретін болса, оның формуласы қалай жазылады?
Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын анықта.
(5 б.)
Ойша эксперимент.
Ас тұзы мен балшықтан тұратын қоспаны бөлу үшін қандай әдістерді қолдануға болады?
(3 б.)
Жалпы: 29 балл.