8 –бөлім. Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис |
| ||||||||
Күні: |
| ||||||||
Сынып:8А | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақ тақырыбы | ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ.АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.1.1.1 -мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау. 8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжап және атаулы сөйлемнің жасалудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады. сөйлем ішінде атаулы сөйлемдерді қолдана біледі | ||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: берілген үзінділерден көтерілген негізгі мәселені болжап, атаулы сөйлемді қолданып, өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беріп, ережесін біледі | |||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады Мәтінді түсінеді, болжайды, көтерілген мәселені болжап, сөйлем ішінде атаулы сөйлемдерге талдау жасайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан әрі дамыта болжам жасайды,анықтауыштың сөйлемдегі өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. | ||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қуыршақ театры ,актер,Ойын,қағаздағы қуыршақ кескін, экранға түсіретін, француз қуыршақ театры Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: менің ойымша....., дегенмен...., бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?... Талқылауға арналған сұрақтар: Театрда қуыршақ театрының маңызы қандай? Қуыршақ театрының шығу тарихы қандай? Қазақ жеріндегі қуыршақ театры неден ойындардан бастау алған ? | |||||||||
Бағалау критерийі | мәтіннен алынған дәйексөздерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжау атаулы сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. | ||||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы | ||||||||
Пәнаралық байланыс | География, биология | ||||||||
Алдыңғы оқу
| SMS жазу арқылы сұрақ-жауап береді, ұялы телефон формасындағы қима қағаздар арқылы жазады. Бір-біріне жібереді жауап береді | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| |||||||
Сабақтың басы 7 минут
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады. Суреттерге қарап ой шақырады. Өз білетіндерін ортаға салады. Оқушылар қаламдары арқылы төрт топқа бөлінеді.
| АКТ, слайд
| |||||||
Сабақтың ортасы 25 минут
| І-тапсырма. Оқылым алды жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Үзіндіні тыңдап, ондағы дәйексөздерге сүйеніп, көтерілетін мәселені болжаңыздар. (Дәйексөздер саны:3) Аудиовизуалды тыңдалым: Өсімдіктердің маңызы
Қуыршақ театры Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған. 19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды. Тыңдалым кезіндегі тапсырма 2-тапсырма «Стоп кадр» әдісі Ж Мәтінді тыңдап, «Т кестесіне» аргументтер мен фактілерді толтырады, әрі қарай оқиғаның дамуын жазып, ауызша әңгімелеп береді. Дескриптор: - мәтінді мұқият тыңдайды; - аргументтер мен фактілерді жазады; - оқиғаның әрі қарай дамуын болжайды; ҚБ Мәтінге жуық болжанған болса, қолшатыр суреті арқылы ынталандыру Саралау: «Топшаманы толықтыр» Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. 4-тапсырма.«Стоп кадр кейін» әдісі ЖЖ Мәтіндегі оқиғаны аяқтап, «Көршіңе әңгімеле» әдісі арқылы болжайды, өз нұсқасын айтады, ауызша толықтырады. Дескриптор: -сөйлемді дұрыс құрап айтады; -пікірін дәлелдермен білдіреді; ҚБ «Мұғалімнің қолпаштауы» Жарайсың! Тамаша! Өте жақсы! Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын. Кері байланыс «Көңіл-күй термометрі». ӘДЕБИ ТІЛ НОРМАЛАРЫ АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР Дала.Егін даласы.Егін даласы рақат құшағында. (Ә.Ә.) Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады: Міне,дала көрінеді.Бұл – егін даласы.Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды,баяндалады. Іс-оқиғаның жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайы (мезгіл,мекен,т.б.)атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз. Атаулы сөйлем,негізінен,зат есімнен болады.Тоғай.Егін.Шалғын.Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ.Мұст.) Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де,екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.Бала күнім.Жер сіреу қар.Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж.Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді,мекенді,жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді.Қазан айы.Түнерген кеш.Баяу ескен қоңыр жел.Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С.Сейф.) | «Өсімдіктер әлемі» бейнефильмі http://www.anatili-almaty.kz
8-сыныпқа арналған оқулық: «Қазақ тілі», «Мектеп» баспасы,
| |||||||
Соңы 10 мин
| «Қызық. Құнды. Қиын» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді Сабақ барысында қызық, қиын, құнды болған ақпарат арқылы ой жинақтау жүргіземін. Рефлексия.«Бес саусақ» әдісі бойынша кері баланыс жүргіземін | | |||||||
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
|