Сабақ тақырыбы: Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру
Сабақ мақсаты: Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру дағдысын қалыптастыру, есептер шығару барысында өтілген тақырыптарды еске түсіру, теріс көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді шығару жолдарын нақтылау
Күтілетін нәтиже: Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін еске түсіру арқылы есептер шығарады, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы өз ойларын ашық, нақты жеткізуге дағдыланады. Бақылау жұмысы алдында оқушылардың есеп шығару білігі артады, дарынды және талантты оқушылардың есеп шығару барысы арқылы қиынырақ есептердің шығарылу жолдарын үйренеді
Сілтеме: мемлекеттік білім стандарты, 8-сынып алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: бірлескен оқу, диалогтық оқу, АКТ ны қолдану, сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқыту мен оқуды бағалау
Ресурстар: стикерлерлер, флипчарттар, маркерлер
Сабақ барысы:
Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау
Сыныпты топтарға бөлу.
«Мақалшылар» мен «Жұмбақшылар» тобына бөліну. Сабаққа бағыт бағдар беретін бейнефильм көрсету, топтық жұмысты және әрбір оқушының өзін бағалауына арналған критерилер берілген кестелермен таныстыру, әрбір тапсырмадан соң топтардың бірін бірі бағалау әдістерін айтып өту
(5 минут)
Талантты және дарынды балаларға арналған есептер:
1-топ
Егер a+a-1=2 болса, онда a3+a-3 өрнегінің мәнін табыңдар
2-топ
Егер a+a-1=3 болса, онда a2+a-2 өрнегінің мәнін табыңдар
(10 минут)
Бағалау
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Топ басшылары өз топтары туралы есеп береді. Тақтадағы топтардың бағалануы сараланады. Жеке оқушылар критерилер арқылы толтырған кестелерін қортындылайды. Жалпы сабақты бағалайды.
(8 минут)
Топ жұмысының бағалау кестесі
Үй жұмысы: №147, №149 есептер