«Осень 2024»

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Оқушылардың мысалдарды тиімді әдіспен есептеуге болатыны туралы ұғымын қалыптастыру, қосудың ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, тиімді әдіспен есептеуде ауыстырымдылық қасиетін қолдануға дағдыландыру

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Пәні: математика

Мектеп: Бексейіт орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Мұғалімнің есімі: Нұрғалиева Бақыт

Қазыбайқызы

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады;

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

барлық оқушыға арналған фишка салынған “сиқырлы дорба”;

сандық сәуле салынған парақша;

сандық өрнектер жазуға арналған жол;

сандар мен тірек сөздер жазылған парақша;

Ауызша есептеу” презентациясы.

Тірек сөздер

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың мысалдарды тиімді әдіспен есептеуге болатыны туралы ұғымын қалыптастыру, қосудың ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, тиімді әдіспен есептеуде ауыстырымдылық қасиетін қолдануға дағдыландыру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырса, қосынды өзгермейді. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті оқушыларға тиімді әдіспен есептеуді меңгертеді. Алдыңғы сабақтарда аталған заңдылықты таныстыру бойынша дайындық жұмысы жүргізілді. “Бізді қоршаған әлем” тақырыбына сәйкес қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіну үшін сабақ барысында заттарды қолданып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру керек.

Сабақты ауызша есептеу жүргізуден бастаңыз. Оны интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз. Ол үшін презентацияны қолданыңыз. Қосу мен азайтуды, сандық сәуле мен қосу кестесін қолдану арқылы мысалдарды шығаруды меңгергендері үшін оқушыларды мақтаңыз.

Кіріспе тапсырма. Жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы дорбадан” бірнеше фишканы алып санауды және мысал құрастыруды тапсырыңыз. Бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Қандай қорытынды жасауға болатынын біліңіз.

Өз бетінше қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау үшін оқушылардың талдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырыңыз. Егер қиындық тудырса, онда өзіңіз: “Қосуда санның орнын ауыстырса, қосындының мәні өзгермейді” деп тұжырымдаңыз.

Қай кезде есептеу тиімді болды деп сұраңыз: “Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?” Қосу амалын орындауда сандардың орындарын тиімді ауыстыру бойынша нақты мысалдар келтіріңіз. Мысалы:

1 + 9 және 9 + 1; 3 + 7 және 7 + 3.

Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін дұрыс қолдана білу тез және жеңіл есептеуге көмектесетінін айтыңыз. Сонымен қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану тиімді болатынына көздерін жеткізіңіз.

Суреттерге қарап, қорытынды жаса. Тәжірибелік жұмысты орындау алған білімдерді бекітуге бағытталған. Оқулықта “қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді” деген заңдылық үш түрде: заттардың суреті, оларға сәйкес сандық өрнектер және сандық сәуледегі үлгісі арқылы көрсетілген. Бұл ақпараттың осындай тәсілмен берілу мақсаты әртүрлі деңгейде оқушыларға жаңа тақырыпты қабылдауға көмектесу болып табылады.

Шығарып көр. Тапсырма қосудың толық емес кестесін қолданып, мысалдарды шығаруға бағыттайды. Екінші жартысы қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан алынған мысалдар болады. Осы кестеге сүйене отырып, оқушылар қажетті қосындының мәнін тауып жаза алады және тиімді әдіспен есептеу дағдысын бекітеді.

Жауабы:

а) 9; ә) 10; б) 10; в) 9; г) 8; ғ) 10; д) 9; е) 8; ж) 8.

Орындап көр. Бұл тапсырма қоршаған ортадағы нысандарды ауыстырымдылық заңын қолданып қосуға болатынын көруге бағытталған. Оны орындау барысында оқушылардың назарын конструкциядағы текшелердің екі түсіне аударыңыз. Текшелердің саны екі конструкцияда тең болатындай, екінші конструкциядағы текшелер санын басқа түстегі текшелермен толықтыру қажет.

Жауабы:

а) 2 текше; ә) 3 текше.

Есте сақта! Бұл айдарда берілген тұжырымдамада қосу амалындағы компоненттердің қасиеті көрсетілген. Оны есептеуді жеңілдету және мысалдарды тиімді тәсілмен орындау үшін алдағы уақытта үнемі қолданып отыру керек.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушыларға өз сөздерінде жаңа терминдерді орынды қолдануға және дұрыс айта білуге қолдау көрсетіп отырыңыз. Тапсырманы жұппен және топпен орындау кезінде оқушылар-дың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Суреттер мен оларға сәйкес келетін мысалдарды сызық арқылы қос. Оқушыларға “Лего”

конструкторынан құралған тіктөртбұрыштарды қарауды ұсыныңыз. Әр тіктөртбұрышқа сәйкес мысал тауып, сызбамен көрсетуін сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында бірдей қосылғыштардың орнын ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтыңыз.

Бірдей мысалдарды тап. Тапсырма есептеудің тиімді жолын іздеуге бағытталған. Оқушылар бірдей мысалдарды табуы керек және оларды сызықтармен қосып, мысалдың мәнін табуда қайсысынан бастаған жеңіл екенін анықтап, мәнін есептеуі керек.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып,

4 мысал құрастыр және жаз. Тапсырма

қосудың ауыстырымдылық қасиетін оқушылардың өз бетінше қолдану жұмысына арналған. Оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп, жұп мысалдар құрастырып жазу керек.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдануды ойын арқылы бекітіңіз. Ол үшін оқушыларды топтарға бөліңіз. Топтағы қыздар мен ұлдар санын көрсету арқылы қосудың ауыстырымдылық заңын қолдануын сұраңыз. Ойын барысында оқушылар орындарымен ауыса отырып, саны өзгермейтініне көз жеткізеді.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана отырып, мысалдар шығаруды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене

отырып, есептеудің тиімді тәсілін таңдауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгерy деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

- Егер қосу амалын орындау барысында сандардың орнын ауыстырса, қосудың нәтижесі қалай өзгереді?

- Қай қосудың нәтижесі артық: 5 + 3 немесе 3 + 5?

- Қай мысалды шығару оңай: 2 + 8 немесе 8 + 2? Неге?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее