«Осень 2024»

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдалана отырып, өрнектерді ықшамдай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (баяндау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Есептер шығару

5. Сабақты бекіту

6. Сабақты қорытындылау

7. Үйге тапсырма.

Сабақтың мазмұны:

1. a + b = b + a қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Мысалы, 136+14=150, 14+136=150

136+14=14+136

2. (a + b)+c = a +(b + c) қосудың терімділік қасиеті.

Мысалы, 1) (38+17)+43=38+(17+43)=98

2) (m+9)+16=m+(9+16)=m+26

3. a*b=b*a көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

34*5=170, 5*34=170

34*5=5*34

4. (a*b)*c=a*(b*c) көбейтудің терімділік қасиеті.

1)(25*4)*5=25*(4*5) =500

2)7b*4=(7*4)b=28b

№29

а) 17+12+3+8=(17+3)+(12+8) =20+20=40

в) 219+485+281=(214+281)+485=500+485=985

д) 124+228+372=124+(228+372) =124+600=724

31

1) 4а*5=20а 7) у*3*16=48у

4) 4х*2=8х 9) х*6*11=66х

38

1) 15а*8b, мұндағы a=2, b=5

15a*8b=(15*8)ab=120*2*5=1200

4) 25с*45d, мұндағы c=4, d=2

25c*45d=(25*45)*c*d=1125*4*2=9000


Үйге: №30, №32, №37 16бетте





Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнектерді ықшамдауды оқушы санасына енгізу.

ә)Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тез ойлап дәл жауап беруге қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Оқушылардың білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Есептер шығару

5. Сабақты бекіту

6. Сабақты қорытындылау

7. Үйге тапсырма

Сабақтың мазмұны: (5+3)*7=5*7+3*7=35+21=56

(a+b)c=ac+bc көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

Мысалы: 93*5=(90+3)*5=90*5+3*5=450+15=465

5(x+7)=5x+5*7=5x+35

4(a+9+b)=4a+36+4b

(a-b)c=ac-bc көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

Мысалы: 1) 78*6=(80-2)*6=80*6-2*6=480-12=468

2) 7(х-6)=7х-42

ac+bc=(a+b)c ac-bc=(a-b)c c – ортақ көбейткіш

7х+8х=15х

10х-6х=

49.

28*15=28(10+5)=28*10+28*5=280+140=420

99*13=99*(10+3)=99*10+99*3=990+297=1287

28*15=(30-2)*15=30*15-2*15=450-30=420

99*13=(100-1)*13=100*13-1*13=1300-13=1287

№51

1) 7(x+5)=7x+35 6) 9(2-y)=18-9y

3) 12(8+x)=96+12x 9) 20(6+m)=120+20m


Үйге: №50, №52 20-21бет









Сабақтың тақырыбы:Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері.

Сабақтың мақсаты: 1)Натурал санның бөлгіштерін, еселіктерін таба білу.

2) Оқушыларды деңгейлік есептерді шығара білуге тәрбиелеу

3) Оқушылардың сабаққа қызығушылық арттыру, есептерді жылдам шығара білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сабақ түсіндіру

4. Есептер шығару

5. Сабақты бекіту

6. Сабақты қорыту

7. Үй тапсырмасы

Сабақтың мазмұны:

18 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9 және18

13 санының бөлгіштері: 1 және 13

24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24


5 санының еселіктері: 5, 10, 15, 20...

14 санының еселіктері: 14, 28,42,56

21 санының еселіктері: 21, 42, 63,84


Қорытынды: 1. Кез келген натурал санның еселіктері шексіз көп;

2. Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.

147

75 санының бөлгіштері: 1; 3; 5; 15; 25; 75.

40 санының бөлгіштері: 1; 2; 4; 5; 8; 10; 20; 40.

148

1) 5, 9,15, 21, 24, 50 және 60 сандарынан 120-ның бөлгіштерін теріп жазыңдар

120-ның бөлгіштері: 5; 15; 24; 60.

2) 45, 50, 70, 75, 90, 100 және 120 сандарынан 25-тің еселіктерін жазыңдар

25-тің еселіктері: 50, 75, 100

167

1) а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а; а=30

30 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30

2) b санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25,b; b=75

75 санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, 75


Үйге: №149; №150; №153 46бетте


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее