«Осень 2024»

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік кештің сценариі

Жаңа жылдық мерекелік кешке арналған сценарии

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Қош келдің, Жаңа жыл» мерекелік кештің сценариі.

Дильназ: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Елдар: Иә, Дильназ дұрыс айтасын көптен бері асыға күткен жаңа жылдық кешімізді бастайық. Думандатып, ән мен күйді, әсем биді билеп-билеп тастайық. (Елдар күліп, жымиады) Құрметті қонақтар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Кенжегалиев Самат Рахымжановичке береміз.(Мектеп директорына сөз беріледі)
Дильназ: Елдар, Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке емес пе?. Осы мерекені жаңа тауық жылын қарсы алып, тойлауға мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған кезде, отырған орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1- үстелде 7 -сынып оқушылары, 2-үстелде 6-сыныптар, 3-үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 5-сыныптың оқушылары орын алған. Ду қол шапалақ, қошыметтеріңізді аямаңыздар достар.
Елдар: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Дильназ: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге-дей келе бүгінгі кешімізді әсем әнмен жалғаймыз. Қабыл алыңыздар, Баймағанбетова Томиристің орындауында «Жаңа-жыл» әні.
Елдар: Дильназ, сен байқайсын ба біздің биылғы жаңа жылымыз басқа жылдардан ерекше, себебі Қазақстанымыз өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.

Дильназ: иә, Елдар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ, қаншама қиындықпен, күшпен келді. Біз осындай бейбіт елде тұрып жатқанымызға риза болуымыз керек, солай емес пе балалар? (Отырған оқушыларға көңіл аударады)
Елдар: Дильназ, біздің еліміз осы 2016 жылы біршама жетістіктерге қол жеткізді, талай әлемге таңылды. Қазақстанымыз өркендей берсін!
Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау - мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар-дей келе жаңа жылдық кешімізде көңілді отыру үшін 7-сыныптың ұлдарының орындауындағы тамаша биді тамашалайық.(Ортаға 7-сыныптың ұлдары шығады)
Дильназ: Елдар, өзін білесін жаңа жыл дегенде ойымызға, қыс, аяз, аппақ қар, жаңа жылдық шырша мен сыйлықтар. Ал, бастысы Аяз атамыз бен Ақшақарымыз түседі емес пе?

Елдар: иә, Дильназ дұрыс айтасын қай жаңа жыл Аяз ата мен ақшақарсыз өткен. Олай болса біз кешімізді одан әрі қыздыра түсейік, ал Аяз ата мен Ақшақарымызды іздеуге жарыс ұйымдастырайық. Әр үстелден 1-1 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп,(Елдар қолындағы қағазды береді) аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(3 оқушыны шығарып жібереміз) Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

Дильназ: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық. 
КОНКУРС-1.
Әр топтан оқушыларды шақырамыз, ортаға келсін. Ойынның шарты былай, қазір көздеріңізді байлап, ақ қағаз береміз, сол қағазға шыршаның суретін көрмей байлаулы көзбен саламыз. Кімнің суреті адемі шығады сол бала жеңімпаз.Ал кеттік бастайық. (Музыка ойнайды)

Елдар: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері 
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға 6-сынып оқушыларын.................................. шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
Дильназ: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
Елдар: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 
(
Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)
Дильназ: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Елдар: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.

(Ортаға Аяз ата мен ақшақар келеді)
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 пен, 5 ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Елдар: Аяз ата мен ақшақар сіздер төрге шыршаның жаңына жайғасыңыздар...(Төр жақты нұсқап орындыққа жайғастырады)
Дильназ: Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
Елдар: Ортамыз нұрға толып,Төрт құбыламыз түгел болды енді Аяз атаға өнерімізді көрсетейік. Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Сахна төрінде 7-сыныптың ұлдарының әзілдер тортамасын тамашалаңыздар. Қол соғып, көңілді отырайық достар.
Дильназ: Жаңа жылда алдағы 
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін-
дегендей кешімізді одан әрі мың бұралған биімен Серікбай Кәлима жалғастырады. Қарсы алыңыздар.
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)

Елдар: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі.

Дильназ: Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
Ән .. «Жаңа жыл»...Аслан мен Тәттімбеттің орындауында. Қол соғып отырайық.
Елдар: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды-дей келесі сахна төріне 6-сынып оқушыларын шақырамыз. Көрініс «Байдың балалары».
Дильназ:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып-дей келе 6-сынып оқушыларын флешмоб билер тортамасымен шақырайық.

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет, өркендерің өссін. Жарайсыңдар балаларым! Алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.
Аяз ата: Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!


Елдар:Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. : КОНКУРС-3. Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3.Қар
Дильназ:Асыға күткен жаңа жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
Конкурс-4, Мерекеден кейін өте көп қоқыс қалады, ендеше сіздердің алдарыңызда тұрған қоқыстарды боклашкаға кім бірінші салады, сол жеңімпаз атанады. Уақыт 3 минут. Ортаға әр үстелден бір ойыншы шықсын.
Ортаға «Жұлдыздар биімен» 5-сынып оқушыларын шақырамыз.

Елдар: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Мешін жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!(Барлық оқушылар есік жаққа қарап, мешінді тосады.)
Дильназ: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Мешін жылын шығарып салайық.
Мешін: (Ескі жыл) Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жылға қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Тауықға беремін.(Сахнаға Тауық шығады.)



Елдар: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тауық: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Тауық: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Мешін жылы, Қош бол!
Дильназ: Ендігі кезекте Жаңа – 2017-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
Елдар: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
Дильназ: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Елдар: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Дильназ: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
Елдар: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Дильназ:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Елдар: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!Қош сау болыңыздар! Жаңа жыл тек сәттілік, береке, молшылық әкелсін! Келесі жүздескенше сау болыңыздар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее