«Осень 2024»

Қазақ тіліндегі негізгі сөздіктер

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі негізгі

сөздіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Қазақ тіліндегі негізгі сөздіктер» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру

Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.

Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, сандықша, интерактивті тақта.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі негізгі

сөздіктер


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Қазақ тіліндегі негізгі сөздіктер» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру

Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.

Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, сандықша, интерактивті тақта.


Сабақтың барысы


І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Кубизм әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталау (сұрақтар арқылы).

Сұрақтар:

1) Фонетика дегеніміз не?

2) Әліпбиді қалай түсінесің?

3) Дауысты дыбыс дегеніміз не және оларды ата.

4) Жуан дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.

5) Жіңішке дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.

ІІІ Жаңа сабақ

Сөздік жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы. Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.

Ал сендер қандай сөздіктер білесіңдер?

Сөздіктердің түрлері

Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалық,

филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөледі.

Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталады.

Синонимдер сөздігі – бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды.

Омонимдер сөздігі– тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды.

Фразеологиялық сөздіктер– тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды.

Этимологиялық сөздіктер – жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады.

Орфографиялық сөздік– сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді.

Терминологиялық сөздіктер – ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.

Лингвоелтану сөздігі – белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды.

Топонимикалық сөздіктер – жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар.

Аса қажетті сөздіктердің бірі – екі тілді, яғни аударма сөздік. Бұған қазақша-орысша, орысша-қазақша немесе қазақша-ағылшынша, қазақша-немісше сөздік сияқтылар жатады. Кез келген сөздің орысшасын немесе орыс сөздерінің қазақшасын, сондай-ақ шетел тілі сөздерінің аудармасын түсіндіретіндер – осындай сөздіктер.

Бұлардан басқа, шетел тілдері сөздерінің сөздігі, жеке ақын-жазушылар тілдерінің сөздігі, әр түрлі ғылым терминдерінің сөздігі, әдеби тіл сөздігі, түрлі энциклопедия сөздіктері болады.


IV. Оқулықпен жұмыс.


І деңгей тапсырмасы.Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

  1. Я завтра собираюсь пойти в театр.

  2. Мы намерены ждать Вас завтра.

  3. Вы собираетесь попрощаться с учителем?

  4. Мы собираемся подготовиться к уроку.

  5. Марал собирается помочь маме.

  6. Вы собираетесь приглашать гостей.

  7. Мадина собирается летом в Италию.

  8. Они собираются нам сказать.

  9. Жанибек собирается поспать.

  10. Мы собираемся смотреть телевизор.


ІІ деңгей тапсырмасы. Диалогты орыс тіліне аударыңыз.


  • Қайырлы таң, Жанат!

  • Сәлеметсіз бе, Әділ!

  • Қал-жағдайың қалай?

  • Рахмет. Жаман емес. Өзің ше?

  • Жақсы. Денсаулығың қалай?

  • Бәрі ойдағыдай.

  • Қай жерде оқып жатырсың?

  • 10 кәсіптік лицейде. Сен ше?

  • Мен № 41 жалпы білім беретін мектепте оқимын.

  • Жарайды. Сау бол! Көріскенше!

  • Сау бол!


ІІІ деңгей тапсырмасы.Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Мои учителя


Я родилась в Алматинской области. Училась в казахской школе №5.В моем классе было двадцать учеников. Наш класс был очень дружным. Нашим классным руководителем в начальной школе была Гульжан апай, а с пятого класса – Гульсара апай. Они проработали в школе 40 лет. Они обе были профессионалами своего дела. Сейчас Гульжан апай и Гульсара апай на заслуженном отдыхе. Гульжан апай была учителем казахского языка и литературы, но много лет работала в начальной школе. Гульсара апай преподавала русский язык и дитературу. Они всегда нас поддерживали в трудную минуту. Учили нас быть хорошими людьми. Благодаря им сегодня каждый из нас безошибочно нашел свою дорогу в жизни.


V. Жаңа сабақты бекіту.

  • Сөздіктер не үшін керек?

  • Сөздіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Орфографиялық сөздіктің мақсаты не?

  • Аударма сөздіктер не туралы мағлұмат береді?

  • Түсіндірме, терминологиялық сөздіктердің мақсаты не?

  • Өз үйлеріңізде қандай сөздіктер бар?


Үй тапсырмасы.Үй тапсырмасынаережелерді жаттау.

VІІ Рефлексия. Сыныпқа рефлексиялық-танымдық тапсырмалар беріліп, талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытады.

VІІІ Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее