Күні:
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: қазіргі кезі және болашағы.
2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Қазақстанның экономикасының қазіргі даму деңгейі мен болашағы үшін маңызыды салаларды білу
Ел экономикасының дамуында қарқынды дамып келе жатқан салалар мен жоғары технологиялы салаларын анықтау.
Нанотехнология мен биотехнология салаларын дамытудың маңызын білу.
Қазақстан экономикасының әлеуеті, жоғары технологиялық салалар және сыртқы сауда айналымына талдау жасау.
Қазақстанның экономикасын дамытуда маңызды шаруашылық салалары және болашақта іске қосылатын өндірістерді сипаттау.
Оқушылардың ел экономикасының дамуындағы жоспарлар мен шаралар туралы өз ой пікірлерін жеткізу.
3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу. -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; - сабақтың өткізу жоспарын көрсету. | Оқушылар топқа бөлінеді. Тақтадан күн ретін жазып алады. сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады |
10 минут | Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады. Оқулықпен жұмыс:
Кім жылдам?
Картамен жұмыс
| Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды. |
20 минут | Негізгі бөлім Видио көрсетіп Қазақстан аумағын экономикалық аудандастыруын ажырату. а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады I топ. Қазақстанның экономикалық әлеуеті. II топ. Жоғары технологиялық салалар. III топ. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы. | а)Оқушылар тақырыпты жазып алады ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды, оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады. |
10 минут | Қорытынды бөлім Кім жылдам? *Қазақстанның экономикасының болашағы* кестесін талдай отырып, экономиканың жеке салалары бойынша іске асатын жаңа құрылыстарға сипаттама жасаңдар. Картамен жұмыс Қазақстанның экономикалық даму кезеңдерін атаңыз Топтар арасындағы байланыс Топ оқушылары бір-біріне сауалдар қояды Кейінгі оқу:
*Болашақ Қазақстан* эссе жазу | Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды. Сабақ рефлексиясын жазады. |
Топтық жұмысты бағалау критерий
Тақырыпты ашу тереңдігі
Тақырып ашылмаған -0 ұпай
Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай
Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай
Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай