
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарға бас иіп
Сәлем бердік біз !

- 1. Топқа бөлу
- 2. Топ басшысын сайлау
- 3. Әр топтың ережесі
- 4. Музыка тыңдау .
- - Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?»
- «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп
- ойлайсыңдар?»



Бүгінгі сабақта:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білесің, тудың маңызын анықтауды үйренесің.

Тірек сөздер
- ту – флаг – flag
- елтаңба – герб – coat of arms
- әнұран – гимн – anthem
- мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol

Оқулықпен жұмыс
- - 60 беттегі с уреттерге қара .
- -Бұл суреттердің бәрі бірге қайда бейнеленген?
- -Олардың әрқайсысы нені білдіреді?
- -Мәтінді өз бетінше оқыту.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Авторы: Шәкен Ниязбеков

ҚР мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Көк түс-бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі .
- Алтын күн- тыныштық пен байлық
- Қыран құс -еркіндікті білдіреді, ҚР-ның жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
- Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.

Әр елдің туы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ


Көршілес елдердің гербтары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан, Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар. Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан, Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар . Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты, Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай. Намысын бермеген, Біздің ел бақытты, Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!


« Кел, анықтайық » айдары
- Жұптық жұмыс.
- - Оқулықтағы 61 беттегі суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап беріңдер.
- Лондон олимпиадасы бейнебаян көрсету.
- -«Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар?
- -Сен өзің не істер едің?»
- Өз елінің туына құрмет көрсету – әр адамның парызы.

Кел, ойланайық ! айдары
- 1-топ:
- -фильмде қолданылған музыканы зерттейді.
- 2-топ:
- -қолданылған декорацияны зерттейді.
- 3-топ :
- -кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды.
- 4-топ:
- - фильмнің аты қалай аталады?

Мақал
- Тусыз бірлік болмайды, елсіз ерлік болмайды .
- Сақтар, ғұндар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын жеңілу деп түсінді. Бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғайды . Туға ерекше құрмет көрсеткен. Қазіргі кезде тәуелсіздікті білдіреді.
- Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы.

Сен білесің бе?
Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау
заманда өмір сүрген, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы
жорықтарға қатысқан. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ұлы ханның әскерлері осы тудың астында жоңғарларды жеңіп, жерімізді сақтап қалды.

« Жеті жебе» әдісі
- Әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазу.

Топтық жұмыс
- Әр топ өзінің туын жасап, қорғайды.
- -Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Қорытынды
- Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді .
- Жауаптардың дұрыстығын анықта .
- –– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.
- –– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.
- –– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.
- –– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.

Кері байланыс

Назарларыңызға рахмет!