«Зима 2025»

«Қазақстан барысы»

Оқушыларға қазақша күрес жайлы мағлұмат беру.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні:


Сынып:

5 «Б»

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

«Қазақстан барысы» (мультфильм негізінде).

Білімділік:

Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға қазақша күрес жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, сөйлесімге баулу.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақша күрес жайлы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша күрестен өткізілетін сайыс туралы өз ойын айтады, сыныптастарымен тілдеседі.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты диалог, шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Барыс, қабан, аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, арқар, борсық, мүйізтұмсық, жариялау, ақыру, ырылдау, жыртқыш, алдау.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

«Қазақстан барысы» мультфильмі, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты буклеттер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сипаттау, «Оймоншақ» ойыны, «Шаттық шеңбері» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, «Жағымды сөздер» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір- біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты

тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында «Қазақстан барысы» мультфильмі- нен үзінді көрсетеді, сұрақтар қояды:

Балалар, қазақша күрес жайлы не білесіңдер?

Мультфильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан

тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тапсырманың шартын орындайды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін

3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Ә) Оқылым. Оқулықтағы 4, 7-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды, қандай аң екенін айтады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5, 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұраққа жауап береді, сөйлем құрайды, аңды сипаттап айтады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

Топтық жұмыс. А4 парағына

«Қазақстан барысы» сайысының суретін салады, сипат

тайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Әр сұрақ

қа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауап ты тауып айтады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

Жеке оқушымен жұмыс:

  1. Мәтінді оқу

  2. Сұрақтарға жауап беру

  3. Карточкамен жұмыс

  1. Оқиды

  2. Жауап береді

  3. жазады



ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады (оқулықтағы 11-тапсырма).

Тілдесім. Әр оқушы бір сөйлемнен айтады. Тапсырманың шарты бойын- ша сөйлемдер арасында логикалық байланыс болуы керек.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым.

Жұмбақтарды кезекпен оқиды, жауабын айтады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптас- тары тарапынан ай-тылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.

Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее