«Осень 2024»

Қадыр Мырза-Әлі – балалар ақыны.

Расширить знания учащихся о писателях Казахстана. О Мұқағали Мақатаеве и Қадыр Мырза-Әлі.Жизнь и творчество великого стихотворца!

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

8 сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза-Әлі – балалар ақыны.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қадыр Мырза-Әлі туралы және оның шығармашылығы туралы айта алады.

Міндеттері:



1. Қазақша мәтіндер арқылы қазақ балалар жазушылары жайлы білімін кеңейту.

2. Лексикалық тақырып аясында мақсатты келер шақтан алған білімдерін толықтыру.

3. Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу

Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, түрлі түсті стикерлер, слайд, бағалау парақшалары



Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері», диалог, жұптық, топтық жұмыс, АКТ

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Кезекшімен сұхбат. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сыныптағы психологиялық ахуал туғызу: «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады.



Оқушыларды топқа түрлі- түсті стикерлер таңдау арқылы бөлу. Топ басшыларын сайлау. Бағалау парағын тарату.



ІІ. Үй жұмысын тексеру: Мұқағали Макатаев туралы әңгімелеу. (Бір топ сұрақ қойып, екінші топ жауап беру арқылы ұралады)

Ой қозғау:

1. Қандай қазақ балалар ақын-жазушыларын білесіңдер?

2. Қ. Мырза-Әлінің өлеңін тыңдау

Мағынаны тану

- Бүгін сабақта кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы- «Қадыр Мырза-Әлі – балалар ақыны».

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты қандай?

- Қадыр Мырза-әлінің өмірі, шығармашылығы туралы айта білу

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздердің синонимін, аудармасын табу. Сөз тіркесі мен сөйлем құрау.

Өзгерту –

Жарияланды-

Ойландыру-

Жинақ-



«Мозаика» стратегиясы

Мәтінмен жұмыс. Топтағы оқушыларды «Ақын», «Жазушыға» бөлініп, мәтінді бөлікке бөліп оқып, бір-біріне әңгімелейді. Содан соң өз орындарына келіп, өз бөліктерін әңгімелейді. Соңында әр топтан бір оқушыдан мәтінді толық мазмұндайды.

Жұптық жұмыс.

2- тапсырма. Төмендегі етістіктерге мақсатты келер шақтың жұрнағын жалғау, әр жұп өздерін тексереді.

Айт, талдау, суреттеу, жазу, жеткізу, жаттау, мазмұндау, кел, оқы, алдым.

Сергіту сәті. «Ыстық орындық» ойыны. (Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша бір оқушы отырады. Сынып оқушылары өткен тақырып бойынша сұрақ қояды).

Синтаксистік талдау.1-топ

Ақынның балаларға арналған өлеңдерін оқушылар тез жаттайды.

2-топ

Ақынның екі жүздей өлеңіне ән жазылып, «Күндер-ай» деген жеке жинағы шықты.

Бекіту: «Блум түймедағы» стратегиясы бойынша

1. Қадыр Мырза-әлі кім?

2. Ақын қашан, қай жерде туды?

3. Ол қайда оқыды?

4. Неше жасынан өлең жазды?

5. Алғашқы өлеңі қашан, қайда жарияланды?

6. Ақынның қанша кітабы шықты?

7. Қандай кітаптары шықты?

8. Ақынның қанша өлеңіне ән жазылды?

9. Қандай жинағы шықты?

10. Ақын өлеңдерінің тілі қандай?

11. Ақын өз шеберлігімен кімдерді ойландырады?

12. «Сабақ» атты кітаптың авторы кім?

Бағалау: Топ басшысы бағалау парақшасы бойынша бағалайды.

Бағалау парағы№



Үйге тапсырма: 157-беттегі мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.



Рефлексия: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикер арқылы білдіреді.



Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледді. Балалар қызыл алманы – маған сабақ қызықты болды, түсіндім деп есептесе –алма ағашына жапсырады, жасыл алманы -кейбір тапсырмалар түсініксіз болды деп есептесе себетке жапсырады.































5































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее