«Зима 2025»

"Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік" ашық тәрбие сағаты

"Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік" ашық тәрбие сағаты

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 12.12.2019

Сынып жетекшісі: Омарова Г.

Тақырыбы: Мәңгілік мәртебесі -Тәуелсіздік



Мақсаты: Ата- бабаларымыздан бері ұрпақтан -ұрпаққа жеткен халықтық салт- дәстүрімізді, әдет- ғұрпымызды әрі қарай дамыту. өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасымызды қалыптастыру. Қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.



1991жыл 16- желтоқсан. Біздің тәуелсіздігімізді халқымыздың тарихында ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

Бұл күн -біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн.

Қазақстанға арналған үш шумақ өлеңді кезектесіп айтып шығу.

Құрманғазының «Балбырауын» күйі.

Мұғалім: Отанымыздың тәуелсіздікке қол жетуі жолындағы бастан кешкен қиындықтары, тарихи күресі туралы әңгімелеп беру. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» туралы оқиғаны әңгімелеу. 2-ші кезек азаттық жолындағы күрестің ен ірісі – 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі, бұл соғыста 60 мыңнан астам адам патша жендеттерінің қолынан қаза тапқанын.

1-оқушы.

Өкініште арман, арман, арман ай

Қаншама бет таяқ жеді аңдаай.

Ұрпағының ертеңі үшін мертіккен,

Бабаларды ұмытармын мен қалай?!

Халқымыз үшін қасіретті, қазақты тарыдай шашып жіберген зор нәубет аштық туралы сөз болғанда.

1-топ оқушылары: «Заман ай» әні

2-оқушы: демограф- ғалымдардың айтуынша 1921-1922 жылдардағы аштық 2миллион 250мың адамды қармағына іліктірді. 1931-1933 жылдардағы «Қызыл қырғын» 2миллион 200мың адамның тағдырын бір жолата қиды.

Мұғалім: Қазақ елі үшін Кеңес дәуірінен тасқа қашап жазар бір өлің қалса, ел қазақтардың қырылғанын өз көзімен көріп, көз жасымен жазған Татьяна Невадовскаяның «Қазақстан трагедиясы» деп аталатын ызалы жыры еді.

3- оқушы:

Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар,

Айныдық па адамшылдық салтынан!

Ашыққандар шөп шаламды ақтарар,

Табам ба деп, табам ба деп жарты дән?

Кім жіберді аштық деген пәлені,

Кім жауапты? Білгім келер соны мен.

Түйе мініп, атпен шапқан жөн еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Бірін қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындай да сұм айла.

Бүкіл жұртты қырып жойып аштықпен,

Кекрек пе еді аллаға, әлде құдайға!?

Малсыз қазақ жайсыз қазақ қайрансыз,

Аш жалаңаш, көрдік мүлдем қатқанын.

Білмейді олар Мәскеу жақта кей колхоз

Егін орып, астық жинап жатқанын.

Аштық жайлы еске алудың өзі мұң,

Шаншу сұрақ мазалайды: «Неліктен?»

Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің.

Жер бетінде жүре алмайсың өліктен.



Бұдан соң халқымыздың басына түскен, қасіретті кезең сталиндік репрессия жылдары еді. Халқымыздың қаймағы болған асыл ағаларымыздың кінәсі « Өз елінің қамын ойлағаны, тәуелсіздігін аңсағаны еді...»

3- оқушы: М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» Өлеңін оқиды.

4- оқушы: «Қазақстан 101 мың адам репрессия ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар-

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...

5-оқушы: 1941 жылы 22- маусымда екінші дүние жүзілік соғыс басталып, сол кездегі КСРО территориясына жау кіргенде халқымыздың ұлдары мен қыздары басқа халықтарымен бірге «бір жағада бас, бір жеңнен қол» шығарып майданға аттанды. Жауға атылған 10- оқтың 9-ы Қазақстанда жасалды.98- қазақ Кеңес одағының батыры атағын алды.

Маған қарап тура мегзеп оқтарын,

Қасарысты тағдыр құрып қақпанын.

Сталинград па, Ленинград па, Берлин бе,

Кім айтады атам қайда жатқанын?

С.Бәйтерековтың «Әлия» әні орындалады.

Мұғалім: Тарихымызда орын бар, бәріміз куә болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Топ оқушы: Ә. Тінәлиевтің «Желтрқсан желі» әнін орындайды.

Қайрат Рысқұловтың «Ақтық өлеңін» кезектесіп оқу.

6-7 оқушы:

1. Елбең, елбең жүгірген,

Елбек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей гөр!



2. Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.



1. Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар.



2. Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.



1.Қош аман бол, артымда,

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата анам,

Ел жұртым саған аманат!





2.Өсер ұлдың қай сәтте де, бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңбеюге тиісті емес жалауы!



Мұғалім: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге еңбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерді атап өтейікші.

1991 жылы 20 - тамызда Семей полигоны жабылды.

1991 жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жылы 1- желтоқсанда тұңғыш президент сайланды.

1992 жылы 2- наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.

1992 жылы 8- мамырда Республика ұланы құрылды.

1992 жылы 4- маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады

8- оқушы: Енді бүгін туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп іленді.

Мұғалім: Тәуелсіз қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ. Ол сол елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді.

Бірі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

9-оқушы: Ертеден келе жатырған ұғымдар арасында дүниенің төрт бұрышын түрлі бояу арқылы беру дәстүрі бар. Солтүстік- қара, Оңтүстікті -ақ, Шығысты зеңгір- көк, Батысты -сары немесе қызыл бояу арқылы берген. Бүркіт еркіндік бейнесі, биік армандарға қол созу, асыл армандарға қиялап қанат қағу нышаны.


















271 орта мектебі

















Тақырыбы:

Қазіргі заманғы Қазақстан

Елбасының көшбасшылық

сабақтары






Күні: 12.12.2019

Сыныбы: 11 «А»

Сынып жетекшісі: Омарова Г.








2019-2020 оқу жылы











271 орта мектебі









Тақырыбы:

Салықтың даму тарихы,

салықтың түрлері мен қызметтері











Күні: 11.12.2019

Сыныбы: 8 «б»

Сынып жетекшісі: Абдуллаева А










2019-2020 оқу жылы



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее