Күні: 07.09.2016ж
Сыныбы: 2б
Сабақтың тақырыбы: Greetings
Сабақтың мақсаты:
білімділік: «Сәлемдесу» тақырыбы бойынша репродуктивті және рецептивті қарым-қатынасын қалыптастыру; есептік сан есім мен әліпбиді қолдануларын белсендіру.
дамытушылық: өтілген лексикалық материалдарды тікелей белсендіре отырып оқушылардың дамыту; old-new антоним сөздерін енгізу арқылы сөздік қорларын байыту; әріптерді цифрларды ажырата білу дағдыларын арттыру; басқа елдің мәденеиетіне деген жағымды қарым-қатынастарын қалыптастыру; саусақ бұлшық еттерінің икемділігін арттыру; ойын арқылы белсенді іс-әрекетке тарту.
тәрбиелік: өз елінің және тілін үйреніп жатқан елдің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау; мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болу; сыныптағы жиһаздар мен оқу құралдарына ұқыпты болу.
Күтілетін нәтижелер:
пәндік: танысу жағдайында берілген типтік клишерді сөйлеу тілінде қолдана алу: Hi, Hello, Good morning/afternoon/evening…, Nice too meet you. My name is …, What`s your name? How are you? How old are you? Ағылшын әліпбиін, 0 ден 12-ге дейін сан есімдерді білу;
тұлғалық: үйреніп жатқан тіліне деген қызығушылығын арттыру; өз елінің тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетіне құрметпен қарау.
жүйелі іс-әрекеттік: танысу жағдайындағы өтілген лексикалық-граматикалық құрылымдарды қолдану, оқулықты, жұмыс дәптерін қолдана алуға дағдыландыру.
Сабақты материалдық жабдықтау:
мұғалім үшін: СД-ойнатқыш, интерактивті тақта, әліпби кесте, цифрлар карточкаларының жиынтығы, жануарлар мен оқу құралдарының суреті, дүниежүзілік географиялық карта.
оқушы үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка («Hello, Hello!» әнін орындау), математика (0-ден 12-ге дейін санау), дүниетану (елі туралы мәліметтер, Англия және Қазақтан елінің мемлекеттік тілін үйреніп жатқан рәміздері).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті.
-Good morning children? I`m glad to see you! How are you?
- Good morning teacher! We are glad to see you too!
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
- балалар бүгінгі сабақта адамдар бір-бірімен ағылшын тілінде қалай амандасатынын және ағылшын әліпбиі мен цифрларын еске түсіріп қайталаймыз.
3. Тірек білімдерін белсендіру.
- Сендер бір жасқа есейдіңдер және енді біз тағы көптеген ағылшын сөздерімен танысып, жазуды және оұуды үйренеміз.
Фонетикалық жаттығу.
Мұғалім қарғаның дауысын салып:
Балалар кейбір дыбыстардың айтылуын еске түсіріп бәріміз бірге айтып көрейік.
Біз қолымызды аузымызбен үрлегенде шыққан жылы ауамен жылытайық: Say: Hi, hello, him, hide, how,his. Good!
Now repeat after me ei, ei. Let`s say together: what, when, why, wonderful.
4. Амалдар тәсілі мен жаңа білімді меңгеру.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and repeat after the teacher.
Track 1.
Anar: Hi, my friends! I`m Anar.
Misha: Hello! My name`s Misha. I`m 8.
Olga: Good morning. I`m Olga. I`m 7.
Alibek: Hello, children! My name`is Alibek. I`m 7.
Bota: Hi. Kids! I`m Bota. I`m 4.
2-жаттығу. .Listen and repeat.
Track 2.
Alibek: Look! A new pupil!
Teacher: What`s your name? How old are you?
Ben: Hello! My name is Ben. I`m 8. I`m from England.
Anar: Nice to meet you.
Alibek: How are you?
Ben: I`m fine, thank you.
2-жаттығу. Listen and sing.
Track 3.
Hello! Hello! How are you? How are you?
Hello! Hello! How are you? How are you?
I`m fine, I`m great! I`m wonderful!
I`m fine, I`m great! I`m wonderful!
6. Іс-әрекет амалдарын және білімдерін бекіту.
Үй тапсырмасы туралы хабарлама.
Әліпбиді қайталау, әріптерді және сандарды дәптерде жазу.