«Осень 2024»

Гомеостаз туралы түсінік

Гомеостаз ішкі ортаның тұрақтылығы туралы мағлұмат берілген

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 20.12.16 ж Сыныбы: 10 Тексерілді:



Тақырыбы: Гомеостаз туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға гомеостаз туралы жалпы мағлұмат беру арқылы ФС арттыру.

Сабақтың міндеттері:

а) Оқушыларға ағзаның ішкі тұрақтылығы туралы түсіндіру.

ә) Оқушыларды тазалыққа, ізденіске, табиғатты, өз ағзасын сүюге тәрбиелеу

б) Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ

4.Бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6.Бағалау 

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу;

б) сыныпта жоқ оқушыны сынып журналына белгілеу;

в) оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Лездемелік сұрақтар:

  • Нәуыз биосинтезі дегеніміз?

  • Нәруыз биосинтезі қай органойдта жүзеге асады?

  • Ген туралы түсінік

  • Генетикалық код, генетикалық кодтың қасиеттері, кодон, антикодон, триплет терминдеріне анықтама беріңіздер.

Жаңа сабақ.(Слайд)

Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.

Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.

К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.

Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп, өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі. Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымды-ларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.

Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді. Оларға салқын қанды — пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар жөне кейбір омырт-қалылар жатады. Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т.с.с.) тәуелді болады.

Тіршіліктің тұрақты не еркін формасы жоғары сатылы жануарларға тән. Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді, себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі ай-тарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді. Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Сонымен К. Бернардың айтуынша кез келген жоғары сатылы жануарлардың тіршілігі 2 ортада жүреді: ағзаны қоршаған сыртцы орта және ұлпаларды, мүшелерді қоршаған ішкі орта К. Бернар ағзаның ішкі ортасы деп ұлпаларды үнемі жуып-шайып тұратын сұйықтықтарды — қан сұйықтығын, лимфа және ұлпа сұйықтықтарын айтқан. Қорыта келгенде ол ағзаньщ ішкі орта тұрақтылығы тіршіліктің тұрақты, еркін фор-масының негізі болады.

В. Кеннон көптеген физиологиялық зерттеулер нәтижесін-де жануарлардың тіршілігі қоршаған ортаның қолайсыз, зиянды факторларының әсеріне қарамастан ұзақ жылдар бойына қалыпты күйде жүретінін байқаған.

Ағзалардың қалыпты тіршілігін ұзақ уақыт өзгертпей сақтап тұру қасиеті мындаған жылдар бойына құпия болып келді. Әйтсе де, Гиппократтан бері қарай көптеген ғалымдар ағзалардың аурулары олардың ішкі табиғи күштері негізінде емделетінін байқаған. Бірақ, тек қазіргі кезде ғана ол күштерді ағзалардың гомеостазды қалыптастыру және зиянды факторларға бейімдеушілікті (адаптациялануды) дамыту мүмкіншіліктерімен байла-нысты екендігі анықталды. Сонымен, гомеостаз дегеніміз ағзалардың орта факторларына адаптациялануының (бейімделуінің) тарихи қалыптасқан, тұқым қуалайтын қасиеті болып саналады, Орта факторлары қысқа мерзімге не ұзақ уақыт бойына өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайларда ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі) ішкі ортаның қасиеттерін қалпына келтіріп қана қоймай, қысқа мерзімге оның қызметтік активтігінің өзгеруіне де алып келеді (мысалы, жүрек қызметі ырғағының жиіленуі және ты-ныс алу жиілігінің жылдамдануы). Қолайсыз жағдайлардың зиянды әсері ұзақ уақытқа созылатын, не қайталана беретін болса, ағзада тұрақты құрьшымдық өзгерістер пайда болуы мүмкін. Ал, егер бір мүше жарақаттанатын болса, онда оны қалпына келтіру механизмдері (регенерация) іске қосылады, не басқа мүшелердің қатынасуымен жарақаттанған мүшенің қызметі қалыптастырылады. Гомеостазды қалыптастыратын ағзаның реакциялары олардың құрылымдық тұрақтылығын сақтау, зиянды факторлардың әсерлерін жою не шектеу процестерін үйлестіруге, құбылмалы орта факторлары мен ағзалар арасында оңтайлы қарым-қатынас формаларын сақтап қалуға не жаңадан қалыптастыруға бағытталады. Осы процестердің бәрін адаптация деп атаймыз. Медицинада адаптацыя деп ағзалардың қолайсыз жағдайларда тіршілік етуіне байланысты қалыптасқан бе-йімделушілігін айтады және адаптацияның кез келген түрлері гомеостаз механизмдері негізінде пайда болады. Ол механизмдер түрліше болып келуі мүмкін: шағын бір мүше не ұлпалар деңгейіңде; тұтас ағза деңгейіңде. Гомеостаздың шағын не жүйелі формалары ағзаның физиологиялық көрсеткіштерінің сақталуыңда елеулі рөл атқарса, тұтас ағза деңгейіндегі гомеостаз механизмдері зиянды әрекеттерді жоюға бағытталады.

Гомеостаздың негізгі құрамдық бөліктеріне мыналар жатады:

А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:

Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-сулар, белоктар, майлар; Су; Натрий хлориді, кальций басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция гормондары.

В) Жасуша активтігіне әсер ететін сыртқы факторлар:

  1. Осмос қысымы;

  2. Жылылық;

  3. Сутек ионының концентрациясы (РН-көрсеткіш).

Г) Ағзаның қызметтік және құрылымдық біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:

  1. Тұқым қуалаушылық;

  2. Регенерация және репарация;

  3. Иммунобиологиялық қасиеті.

Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның нервтік және эндокриндік реттелу механизмдерінің өзара әрекеттесуі салдарынан туындайтын ағзаның жалпы жауап реакциясына мысал ретінде стресс-реакцияларды жатқызуға болады. Ол қолай-сыз тіршілік жағдайларының қалыптасқан ағза гомеостазын бұзу қаупі туған кездерінде дамиды.

Стресс (күйзеліс-реакция) — дегеніміз ең алдымен күнделікті өмірде ерекше, төтенше немесе экстремальды әсерлер нәтиже-сінде пайда болатын ағзаның адаптивтік реакциясы болып саналады. Сонымен қатар, күйзеліс кейде жүрек-тамыр ауруларының, жүйке бұзылуының, психикалық бұзылыстардың дамуының себебі де болуы мүмкін.

Күйзеліс құбылысының мұндай бір-біріне қарама-қарсы қасиеттерін табиғаттың белгісіз күштерінің барлық уақытта мақсатқа сай әсер ете бермейтіндігімен түсіндіруге болады. Мысалы, И.И. Мечниковтен бері қарай қабыну құбылысы ағзаның қорғаныстық реакциясы екендігі белгілі. Әйтсе де көптеген адамдар қабыну саддарынан дүние салады. Сол сияқты күйзелісте. Бұл реакция бір жағынан ағзаның қорғаныстық реакциясы бол-са, екінші жағынан ол патологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Стресс (stress) — құбылысын оқымыстылар түрліше мағынада түсінеді: кейбіреулері ағзаның кез келген түршігу күйін стресс деп қарастырады. Екінші біреулері стресс, Г. Сельенің аурулар туралы іліміне сәйкес келеді деп есептейді. Олардың пікірлерін-ше, стресс — ағзада кез келген қолайсыз тіршілік жағдайларының (стрессорлар) әсерлерінен пайда болатын кез келген аурулардың өзіңдік ерекшелік (спецификалық) емес көріністері деп есептейді. Ал аурудың өзіндік ерекшелік емес керіністерінің түрлері ете көп, мысалы, бас ауруы, қалтырау, қабыну, невроз, шок, (есеңгіреу) парабиоз т.б.

Сондықтан да, қазіргі кезде стресс (күйзеліс) деп ағза гомеостазының бұзылу қаупі төнген кезде пайда болатын ағзаның спецификалық емес жалпы нейрогуморальдық реакциясын айтады.

Стресс реакциялардың ең негізгі сипаттамаларына мына-лар жатады: АКТГ (адено-кортикотропты гормон) және кортикостероидтардың секрециясының күшеюі; бүйрекүсті без қыртысының гипотрофиясы; тимуслимфалық жүйенің бұзылуы жөне кішіреюі; асқазан-ішек жолдарының қабынуы, жараның дамуы.

Стресс-реакциялардың дамуында 3 кезен байқалады:

1)  ағзаның қорғаныстық күштерін іске жұмылдырылуы (дабыл кезеңі); 2) ағза резистенттілігінің (төзімділігінің) жоғарылауы; 3) Қажу, стресс-реакцияның ақырғы кезеңі, ағза өліміне әкеледі.

Стресс-реакциялардың ақырғы нәтижесі түрліше болуы мүмкін: 1) стресс-адаптивтік механизм ретіңде ағзаны бұрынғы күйіне не жаңа күйге көшіріп, гомеостазды қалпына келтіреді;

2)  стресс-реакция аурудың даму механизміне айналып, ауруды қоздырады.

Адам гомеостазының қалыптасуы мен реттелуінің бірнеше механизмдері белгілі: нервтік, эндокриндік, биохимиялық, физико-химиялық, генетикалық, құрылымдық, иммунологиялық т.б. Олар туралы толық және нақтылы деректерді арнайы биологиялық, клиникалық әдебиеттерден табуға болады (Гомеостаз. // Под редакцией П.Д. Горизонтова, 1981. Москва).

Бекіту:Биологиялық диктант жазу.Көрсетілім көру.

Үйге тапсырма: АВ деңгейлік тапсырма



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее