«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Түсінік хат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары генетика және селекция негіздері бойынша білімдерін, толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс генетика және селекция ғылымдарының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің яғни, тірі ағзаларға тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын және генетика ғылымы мен селекция ғылымының арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде оқуышлардың биология базалық білімінде алған білімдері кеңінен пайдаланылады. Генетика ғылымының заңдылықтарын есептер шешуде пайдалана білу. Адам генетикасының ерекшеліктерін, өзгергіштік заңдылықтарын. Қазақстандағы генетика мен селекция ғылымдарының табыстарын,гендік инженерия , биотехнология негіздерін оқып-үйрену болып табылады. Курс жоғары сынып оқушыларына арналған
Курстың мақсаты:
Генетика ғылымының негізгі заңдылықтарын оқыта отырып оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни генетикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру. Селекция ғылымы мен генетика ғылымының арасындағы байланысты оқып – үйрену
Міндеттері:
Генетика және селекция негіздері бойынша алған білімдерін тереңдету
Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, генетикалық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу
– ғылымның әлемдік бейнесін жалпы адамзаттық мәдениетттің компонентті ретінде қалыптастыру;
– генетика және селекция негіздерін оқып білу үрдісінде, пәнге қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
– экологиялық және жалпы мәдениетке, өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін жетік түсінуге тәрбиелеу.
оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
Оқушыларға өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын кеңейту
Оқушылардың бейіндік оқуын таңдауға көмектесу
Жеке бас гигиенасын сақтай білу
Әртүрлі генетикалық жұқпалы аурулар туралы білімдерін кеңейту, және алдын- алу шараларын білу
Зертханалық жұмыстар арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырып отыру
Сабақтың негізі түрлері: лекция; зертханалық жұмыс; сарамандық сабақ; есептерді шешу сабақтары
Бақылау түрлері: суреттер; формулалармен жұмыс жасау, кестелермен жұмыс істеу, тәжірибе қою және қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, алынған қорытындыларға қалыпты жағдаймен салыстыра отырып аналитикалық сараптама жасау, алынған зерттеу қорытындыларымен жеке сипаттамалар жаза білу
Оқушылар үшін әдебиеттер:
Биология 10- сынып оқулық
Интернет материалдары
Биология негіздері бойынша жаттығулар жинағы
Бақылау түрлері мен формасы:
Әртүрлі қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары
Семинар сабақтар
Кестемен жұмыс істеу
Есептер шешкізу
Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалары бар жеке карточкалар.
Құрастырған Семей қаласы №37 гимназия биология пәні мұғалімі Архыматаева
Арай Жаксылыковна
«Генетика мен селекция негіздері» бойынша бейіндік курстың тақырыптық жоспары
10 “б,ә» сыныбы Аптасына 1сағат Жылына 34 сағат
р/с | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | мерзімі |
1 | Генетика- тұқым қуалау мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі гендер мен генотиптер ұғымдары мен терминдері. | 1 | 2-7.09 |
2 | Г.Мендель заңдылықтары. Моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Есептер шығару | 1 | 9-14.09 |
3 | Полигибридті будандастыру. | 1 | 16-21.09 |
4 | Тұқымқуалауда көптік аллельдер типі | 1 | 23-28.09 |
5 | Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі | 1 | 30-5.10 |
6 | Комплементарлық және эпистаз | 1 | 7-12.10 |
7 | Плейотропты және полимерлі гендердің әрекеттесуі.Ажырау типтерінің жүруі | 1 | 14-19.10 |
8 | Генетикалық әрекетттесудің табиғи қатынасы | 1 | 21-26.10 |
9 | Тұқымқуалаудағы тіркес гендер.Томас Морган заңдылығы | 1 | 28-2.11 |
10 | Жыныстық хромосомалар. Жынысын анықтау есептер шығару | 1 | 12-16.11 |
11 | Сүтқоректілердің аталығындағы Х-хромосоманың көріну ерекшелігі.Құстар мен бунақденелілерде аналық жыныстарының белгілері | 1 | 18-23.11 |
12 | Тұқым қуалайтын жыныстық және аутосомдық хромосомалар арқылы берілетін аурулар | 1 | 25-30.11 |
13 | Тұқым өзгергіштігінің сәйкес қатарлар заңы | 1 | 2-7.12 |
14 | Гендік , хромосомалық , геномдық мутация түлері | 1 | 9-14.12 |
15 | Адам генетикасы және әдістері | 1 | 16-21.12 |
16 | Адамның хромосомалық және генетикалық шежірелігі | 1 | 23-28.112 |
17 | Адам генетикасында генетикалық әдістің зерттелуі | 1 | 13-18.01 |
18 | Жасушадағы биологиялық құбылыстың әсерінен қатерлі ісіктің өсуі | 1 | 20-25.01 |
19 | Популяциядағы генотиптер арақатынасы. Харди –Ваинберг теңдеуібойынша есептеулер жүргізу | 1 | 27-1.02 |
20 | Генетика және эволюция теориясы | 1 | 3-8.02 |
21 | Медициналық генетикасы | 1 | 10-15.02 |
22 | Сұрыптау.Сұрыптаудың негізгі әдістері | 1 | 17-22.02 |
23 | Жақын туыстық будандастыру(инбридинг). Гетерозис | 1 | 24-1.03 |
24 | Көпплоидтылық және бағытты мутагенез өсімдіктерде қолданылуы | 1 | 3-8.03 |
25 | Саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзаларды сұрыптау ерекшеліктері | 1 | 10-15.03 |
26 | Биотехнология. Гендік инженерия | 1 | 17-19.03 |
27 | Жасушалық және ферменттік инженерия | 1 | 1-5.04 |
28 | Генетика мен селекцияның табыстары. Жануарлар және өсімдіктердің гендік инженериясы | 1 | 7-12.04 |
29 | Биотехнологияның медицинада және селекциядағы маңызы | 1 | 14-19.04 |
30 | Моногибридті, дигибридті будандастыруға , аллельді емес гендердің әсерлеріне есеп шығару | 1 | 21-26.04 |
31 | Полигибридті будандастыру , көптік аллельдер типіне есептер шығару. | 1 | 28-3.05 |
32 | Жыныстық тіркес белгілері бойынша есептер шығару | 1 | 5-10.05 |
33 | Қазақстандағы жасөспірімдер мутацияға және кемістік ауруларына ұшырау себептері | 1 | 12-17.05 |
34 | Қазақстандағы генетика мен селекция негіздерінің табыстары | 1 | 19-24.05 |