Ғылыми жоба тақырыбы:
“ Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер”
Cабақтың тақырыбы: Жеті ата
Ғылыми жобаның мақсаты:
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі:
- Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен.
Зерттеудің міндеті:
- «Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.
2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік .
« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Жеті саны-қасиетті сан
- ата
- күн
- қазына
- Жеті жұт
- жарғы
- жетім
- керемет
« Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
- Жеті ата Жеті ұрпақ
- Бала 1. Әке
- Әке 2. Бала
- Ата 3. немере
- Арғы ата 4. Шөбере
- Тек ата 5. Шөпшек
- Түп ата 6. Немене
- Баба 7. Туажат
«Шежіре» – араб сөзі. Қазақ тіліне аударғанда- «ағаш-
тың бұтағы» деген мағынаны береді. Қазақта әрбір адам өзінің арғы тегін, кем дегенде, жеті атасына дейін білуі керек. Мұны білмегенді «жеті атасын білмеген – жетесіз» деп сөккен. Сондықтан қазақ баласы әкесінен бастап жеті атасының есімдерін кішкентай кезінен жаттап өсуі керек. Қазақ шежірені тарихты айтумен бір деп есептеген.
Әрбір адам өз ата-бабасының өмірде жасаған ғибратты
іс-әрекеттерін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп, жастарды тәрбиелеп отырды. Шежірені кейде «Далалық тарихнама» деп те атайды. Зерттеуші ғалымдар бір ата 13 атадан асса – ру ,бір-
неше ру біріксе – тайпа, бірнеше тайпа бірігіп жүз қауымдасса
халық, не ел болады деп есептейді.
7.Кітаппен жұмыс. Өлеңді үнтаспадан тыңдандар, рөлмен оқыңдар.
Тілдесім:
Нұрсая
Нұрлан
Төрехан
Асан
Көккөз
Әмірхан
Сақыпжан
Мейірхан
10. Бекіту «Жеті ата» әнін орындау («Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)
- Жеті ата бастауы
- Әке мен баласы
- Немере, шөбере,
- Шөпшекпен жалғайды.
- Немене бар деген
- Туажат болды ғой
- Осымен бірлескен
- Ұрпағым мықты ғой
Қайырмасы:
- Менің тегім
- Менің ұрпағым
- Сен үшін мен егілемін
- Жырың болып төгілемін, тегім
- Жеті атам менің
- Қасиетім.
Назарларыңызға рахмет!