САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің орынбасары
Пән аты: Информатика
Класы: 7
22-сабақ. Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру
Сабақтың мақсаты:
• фигуралар салып үйрену.
Оқушылар білуі тиіс: Inksсape графикалық редакторы сурет салу үшін қандай фигураларды ұсынатынын.
Оқушылар үйренуі тиіс: берілген параметрлер бойынша фигуралар салуды; Paint, Inkscape графикалық редакторларында сурет салудың мүмкіндіктерін салыстыруды.
Сабақтың ілеспесі: көрсету (Lesson 22/фигураларды салу.pps).
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі
ІІСабақтың мақсат – міндеттерін қою
ІІІБілімді өзектендіру
Сұрақтар:
─Paint графикалық редакторында бұрын сендер қандай сурет салу құралдарын пайдаландыңдар? MS Office векторлық редакторында ше?
«Фигура» түсінігінің анықтамасын беруді ұсыныңыз.(Фигура – әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болатын нысан)
І VЖаңа материалды оқып – үйрену
Фигурадан ғана алынған бірнеше кескінді көрсетіңіз.
Оқушыларға кескінді алудың өз тәсілдерін ұсыну мүмкіндігін беріңіз.
Фигуралар жасаудағы әр құралды қолданудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Пернетақтаны қолданудың ерекшеліктеріне назар аудару: Shift пернесі дұрыс фигуралар алу үшін, Ctrl пернесі пропорционалды тікбұрышты алу үшін қолданылады.
Талдауға ұсынылатын сұрақтар:
1.Салынып қойған фигуралар үшін баптауды қалай түсіруге болады?
2. Сегментті қалай алуға болады (екі радиусты жабық эллипс)?
3. Доғаны қалай алуға болады?
4. Доғада құю болуы мүмкін бе?
5. Жұлдызды көп бұрышқа қалай айналдыруға болады?
6. Спиральдің ішкі радиусы 1 – ден артық мәнге ие болуы мүмкін бе?
VТәжірибелік жұмыс
VІЖұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары
4 – тапсырма
Осындай спираль түрін алу үшін параметрлердің қандай белгілері орнатылуы керек екенін (компьютерсіз) анықта:
a.айналым – 10;
b. сызықсыздық – 1;
c. ішкі радиус – 0,9.
Деңгейлік тапсырмаларын орындау.
VІ Қорытындылау
Тәжірибелік жұмысын орындалуын бағалау.
VІІҮй тапсырмасы
§22 оқу, тәжірибелік жұмыстың деігейлік тапсырмаларын орындауды аяқтау,бақылау сұрақтарына жауап беру.