«Зима 2025»

Дифференциалдық теңдеулер

Дифференциальные уравнения - важный математический аппарат в естествознании. Они применяются в физике и астрономии, аэродинамике и теории упругости, химии и экономике, биологии и медицине.

Здесь рассматриваются методы интегрирования простейших дифференциальных уравнений 1-го порядка. Цель изучения темы "Основные понятия дифференциальных уравнений 1-го порядка" и "дифференциальные уравнения с разделяющими переменными" состоит в кратком изложении основных понятий и методов интегрирования простейших дифференциальных уравнений 1-го порядка и задачи для самостоятельной работы учащимся.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Дифференциалдық теңдеулер

Тәуелсіз айнымалы х, ізделінді функция у=у(х) және оның у',…,у(n) туындыларын байланыстыратын теңдеу дифференциалдық теңдеу (жай дифференциалдық теңдеу) деп аталады.

F(х,у,у',…,у(n))=0 (1)

Теңдеудің реті деп теңдеуге кіретін ізделінген функция туындыларының ең жоғарғы реті аталады. Егер ең жоғарғы ретті туынды шешілген болса, онда теңдеудің түрі

у(n)=f(х,у,у',…,у(n-1)) (2) болады.

(2)-теңдеу ең үлкен туындыға қатысты шешілген туынды деп аталады.

Жай дифференциалдық теңдеудің шешімі деп теңдеуді қанағаттандыратын у(х) функциясын айтады.

Дифференциалдық теңдеуінің шешімінің графигін интегралдық қисық деп атайды.

Дифференциалдық теңдеудің шешімін интегралдау арқылы табамыз.

Жалпы шешімі y=φ(x,C1, ...Сn) функциясы.

Жалпы интегралы F(x,C1, ...Сn)=0 функциясы.

Дербес шешімі жалпы шешімдегі тұрақты С санының белгілі бір мәнінде алынады.

Коши есебі. Берілген х=х0 болғанда у(х0)=у0, у'0)= у0',…,у(n-1)0)=у0n-1 болатын бастапқы шарттарды қанағаттандыратын функцияны табу Коши есебі аталады: ,

Бірінші ретті дифференциалдық теңдеу мына түрде беріледі: F(x,y,y')=0 немесе y'=f(x,y).

Жалпы шешімі y=φ(x,C), С=const.

Бірінші ретті теңдеуге Коши есебінің түрі: y'=f(х,у), у(х0)=у0..

Екінші ретті дифференциалдық теңдеу мына түрде беріледі: F(x,y,y', y'')=0 немесе у''=f(х,у, y').

Жалпы шешімі y=φ(x, C1, С2), C1, С2 - const.

Екінші ретті теңдеуге Коши есебінің түрі: у''=f(х,у,y'), у(х0)=у0, y'0)=у0'.

Мысалы:

Көрсетілген функция берілген Коши есебінің шешімі бола ма?

Коши есебінің шешімін табыңыз.

у=cosx, y'+у=0, y(0)=1

(cosx)'+cosx=0

-sinx+cosx=0

-sin0+cos0=1

1=1, болады.

y' =2х+1, y(1)=3

у=∫(2х+1)dx=x2+x+C жалпы шешімі.

y(1)=12+1+C=3

C=1

у =x2+x+1 дербес шешімі.


Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеу

M(x)dx + N(x,y)dy=0 дифференциалдық теңдеу берілсін.

M(x,у)=M1(x) M2(y)

N(x,y)= N1(x) N2(y) түрінде жазуға болсын.

M1(x) M2(y)dx + N1(x) N2(y)dy=0 - Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеу.

Бұл теңдеуді N1(x) M2(y) өрнегіне бөлсек:

- айнамылары бөлінген теңдеу аламыз.

Бұл теңдеуді шешу үшін интегралдаймыз. Сонда теңдеуінің жалпы интегралы болады.



Өздік жұмыс тапсырмалары


Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулерді шешіңдер.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее