«Зима 2025»

«Әдептен озбайық»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

Дамытушылық: әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабақ жоспары


Тексерілді: ДОІЖО____________

Мектеп: №148 мектеп-гимназия

Мерзiм: 15.02.2017ж

Тақырып: «Әдептен озбайық»

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:Әдептілік, мәдениеттілік

Мұғалiм:Ажахаева Н.Е.

Сынып: 9 «Ә»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

Дамытушылық: әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) плакаттар, түрлі- түсті маркерлер, бояулар,

мультимедиялық құралдар т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.Сабақты 5Т ережесімен бастау.Содан кейін жақсы атмосфера қалыптастыру үшін оқушыларға «Ұшақ» ойынын ойнатамын.



Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыздар.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет!



Сабақ барысын талдау: Балалардың зейінін сабаққа аударып,үй тапсырмасына шолу жасау арқылы балаларды жаңа сабақ тақырыбына көшу. Сонымен қоса, дәйексөз арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Бейсенбаевтің «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін талдау.

  • Жігіттердің іс-әрекеті саған қандай ой қалдырды?

  • Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?


102-103 беттегі жағдаятты шешу




3.Жаңа сабақ (кітаппен жұмыс 101 бет)

«Кісіге адамшылдық неге керек?

Адамдық- өзге айуаннан артық демек...

Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам-

Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек».

Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

  • Қазақ халқының және басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?



4.Видео ролик

Алтын сандық

1.Әдептілік -әдемілік дегеніміз не?

2.Әдептіліктің мінез-құлықпен байланысы бар ма?

3.Әдептілік адамның қандай ерекше қасиеттеріне байланысты?

4. «Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала» мақалын калай түсінесің?


5. Сергіту сәті: « Мен -қазақпын» әніне оқушылар би билейді.


  1. Дәйек сөз.

«Біз бойымызды әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін»

И.Гете

Нақыл сөзді қалай түсінесін?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


І топ: Әдептілік ережелерін құрып,жазу.

ІІ топ: «Әдепті оқушы» постер қорғау.

ІІІ топ: Әдеп, әдептілік туралы мақал-мәтел жазу

IV топ: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» тақырыбында эссе жазу.



Сабақты қорытындылау

Оқушылар бүгінгі сабақты түсінген немесе түсінбегендерін білдіру үшін алдарындағы стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған кестеге іледі. Содан кейін сабақта болған көңіл – күйді бет-әлпеті салынған смайликтерді таңдау арқылы көрсетеді.




  1. Үй тапсырмасы.

«Қыз сыны» әнін жаттап келу.


  1. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее