Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
«Достық» балабақшасының педагогы
Длжанова Жазира Мақсатқызы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты:Жылдың төрт мезгілінде құбылыстарды салыстыру айыра білу.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс, көктем, жаз, күз суреттері, жыл мезгілдерінің көрмесі аққаланың макеті,слайд т.б.
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, түсіндіру,көрсету, ғажайып сәт, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру.
Ғажайып сәт: Тәрбиешінің сиқыршыға айналып кетуі және жыл мезгілдірінің қонаққа келуі.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар, біз шуағын шашқан күнмен, мейірімді жер анамен, қайырымды аспан атамен бізге келген қонақтармен амандасайық.
Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін !
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін!
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?
Балалар: Табиғат бізді қоршаған орта. Табиғатқа гүлдер, сулар, ағаштар, құстар т.б
Табиғатты аялап қорғасақ өз денсаулығымызды қорғаймыз.
-Балалар өз денсаулығымызды қорғаймыз дегенді қалай түсінесіңдер?
-Балалар табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді, ағаштарды гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы.
(слайд көрсету)
Осы кезде музыка қосылып, есік түртіліп сандықша тастап кетеді.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің табиғат туралы айтып жатқанымызды естіп, табиғат патшалығы сандықша жіберіпті, қараңдаршы ішінде сиқырлы таяқша бар екен.
Балалар мен енді сиқыр жасап көрейін сендер көздеріңді жұмып, барлығың бірге
1-ден 5ке дейін санаңдар
Осы кезде тәрбиеші сиқыршының киімін киіп алады.
Тәрбиеші: Мен сиқыршыға айналып кеттім, енді мен сиқыршымын. Сендердің тілектерінді орындаймын. Балалар қараңдаршы сандықшаның ішінде сыйлық бар екен. Бұл сыйлықтың сыртында ойын-тапсырмалар беріліпті.Табиғат патшалығы осы сұрақтарға жауап берсеңдер сендерге осы сыйлықты береді екен.Қанекей, ойын -тапсырмаларды орындап көрейікші.
1-тапсырма:- Балалар жылдың неше мезгілі бар? Қане бәріміз бірге атайықшы.
Балалар: Көктем,жаз,күз,қыс
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
Әр бір жыл мезгілдері өз сәнімен ерекшеленеді жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
-Енді мен сиқырлы таяқшамен сиқыр жасап,жылдың төрт мезгілін шақырайын
(сендер көздеріңді жұмып,1ден-5ке дейін санаңдар)
Музыка ойналып, жылдың төрт мезгілі келеді.
(Көктем, жаз, күз,қыс)
Көктем: Мен көктем мезгілімін. Менен тіршілік көзі басталады. Адамдар қыстан аман шығып жадырап, қайта түлеп, қызу еңбектерін бастайды.Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарып,жасыл желекке айналады. Менің алғашқы наурыз айымда мейрамдар болады. 8-наурыз аналар мерекесі, 22-наурыз қазақтың ұлттық мейрамы Жаңа жыл мерекесі болады. Табиғаттың ең кереметі менмін.
Жаз: Жарайды көп мақтанбай-ақ қой! Менсіз адамдар не істеген болар еді. Егер менің аптап ыстығым болмаса егін бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер? Табиғаттың ең кереметі менмін!
Күз: Өте дұрыс айтасыңдар, бірақ адамзатқа менің де қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде егін, бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі, ал сендер жеміс -жидекке тоймаған болар едіңіздер. Табиғаттың ең жақсы кезеңі менмін
Қыс: Пай-пай мақтанбаңдар,табиғаттың ең кереметі менмін, Менен күшті ешкім жоқ. Барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіремін табиғатқа сұлулық беретін мен ,Жаңа жылды менсіз қарсы ала алмайсыңдар гой? Көрдіңдер ме табиғаттың ең күшті кезеңі менмін.
Тәрбиеші: Бәрің де адамдарға керексіздер, Сендер көктем,жаз,күз, қыс болып өзгеріп тұрасыңдар! Адамдар,жан-жануарлар яғни тіршілік иелері өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің өз кереметтері бар, сондықтан таласпаңыздар. Сіздер біздің балалардың жыл мезгілдерін қалай жақсы көретінін тамашалаңыздар.Балалардың сіздер туралы қаншалықты білетінін көріңіздер!
Балалар: Жылдың төрт мезгілін жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иа
Тәрбиеші: Ендеше біз осы жыл мезгілдерімізге арнап тақпақтар айтып берейік.
Әйгерім: Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төглді
Жыршы құстар көп келді
Гүлдер жапты бөктерді
Айсан: Жазды ыстық сүйемін
Сайраңдап жүремін
Суына шомылып
Күніне күйемін
Нұрберген: Ой балалар,балалар
Қонырқай күз келді
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Кәусар:Айналамда ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп,
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар балалар!Әр жыл мезгіліне байланысты әр түрлі құбылыстар болады екен.Мысалы: Қыста қар жауады, боран болады, аяз болады; Көктемде қарлардың барлығы еріп, суға айналады, күн бұлттап жаңбыр жауады, жел болады; Жазда күн ыстық болады, күн бұлттап, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кемпірқосақ шығады,кейде жел болады;Күзде күн суыта бастайды, жаңбыр жауады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, бұршақ жауады.
2-тапсырма:Д/О: «Кім жылдам»
(Жылдың төрт мезгілін құрастырып, жапсыру. )
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп бір сергіп қалайық:
Жер тұрады гуілдеп
Ағаш бетін уілдеп
Аспанды бұлт торлайды
Найзағайлар ойнайды
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді
Жарқыраған күн шықты!.
3-тапсырма:Табиғат құбылыстар туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?
1.Аузы жоқ үреді
Аяғы жоқ желеді (жел)
2.Жардай дәулер соғысты
Жарық-жұрық етіп соғысты (Бұлт найзағай)
3. Көк жүзінде көп доға
Жер жүзінде жоқ доға
Қолмен ұстауға болмайды
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
4. Аспанда алып доп
Жарғырайды жарық боп ( Күн)
5. Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді (Қар)
(Суреттерін көріп жауап береді)
Табиғат туралы мақал- мәтел білеміз бе?
Балалар хормен айтады.
Табиғатты аяласаң,табиғатта аянып қалмас
Жер қазына, су гаһхар
Судың да сұрауы бар
Су- тіршілік көзі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер табиғат патшалығы беріп жіберген сыйлықтың сыртындағы ойын тапсырмаларды орындай білдіңдер. Сыйлықты ашып көрейік ішінде не бар екен?
(Балаларға сыйлық таратылады)
- Балалар енді біз сиқырлы таяқшаны және жылдың төрт мезгілін табиғат патшылығына қайтарайын. Қане, бәріміз бірге сиқыр жасайық, 1 ден 5ке дейін санап, үрлейміз.
(Жыл мезгілдері жоғалып кетеді)
Қортынды:
Балалар бізге қонаққа кімдер келді?
-Жыл мезгілдері
Қане барлығымыз бірге атайықшы
қыс,көктем, жаз, күз
Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Балалар орнымыздан тұрып «Жүректен жүрекке» деп аталатын шаттық шеңберін құрайық:
Балдай тәтті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ойынменен өседі
Ойымыз бен санамыз
Қол ұстассақ бәріміз
Жарасады сәніміз
Көріскенше күн жақсы
Сау болыңыз бәріңіз!