Балабақшаға арналған шағын тақпақтар мен өлеңдер
Құлыншақ
Қлыншағым құрағым,
Тұлпар болар ма екенсің?
Бәйгелерден озатын
Сұңқа болар ма екенсің?!
Астанам
Әсем қалам Астанам
Мен сенімен мақтанам.
Гүлдене бер, өркендеп,
Асқақтаған басқалам!
Ақ әжеме
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Құртын жасап береді
Біздің үйдің бәріне.
Аташым
Атам маған елжіреп,
Мейіріммен қарайды,
Саусағымен салалы
Ақ сақалын тарайды.
Динара Джурсумбаева
«Шаттық» шағын орталығының тәрбиешісі