«Зима 2025»

Атажұрт. География пәнінен сайыс

Атажұрт этнографиялық-географиялық танымдық ойын

арқылы оқушылардың тарихи-географиялық білімдерін

кеңейту.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Атажұрт

Мақсаты: - Атажұрт этнографиялық-географиялық танымдық ойын

арқылы оқушылардың тарихи-географиялық білімдерін

кеңейту.

- отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: сайыс

Құрал-жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, компьютер,

интерактивті тақта, слайдтар.

Барысы: І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытында бөлім

І. Кіріспе бөлім.

Кештің мақсатын, барысын түсіндіру.

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Барысы: І тур. Бәйге

ІІ тур. «Қанат қақты»

ІІІ тур. «Самғау»

ІV тур. «Шырқау»

V тур. «Шарықтау»

VІ тур. «Жерұйық»


  1. Тур. Бәйге


  1. Бұл-фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі-католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.Бұл қай ел? Испания

  2. Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел.Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.

Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. Франция

  1. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттер-

дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас

киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. Ұлыбритания

  1. Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,тырбиған ағаштарды өсіру өнері-бансай,қыл қаламмен және тушьпен көркем жазу өнері-каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы,көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі

  2. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат береді. XVI

ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б. мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы-Рождество.Сыйлықтарды тарататын кемпір-Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады:

ыдыс-аяқ, киім, жиhаз, аяқ-киім т.б. Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді Италия

6. Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын кинофильмдері

нің саны жөнінен(жылына 750 фильм)онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды. Ең дамыған, әрі танымал өнері-би, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі-тұңғиық гүлі болып табылады Үндістан


II тур Қанат қақты туры капитандар сайысы


1 топ капитаны

1.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5еллмен)

2.Қазақстан Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)

3.Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш.Уәлиханов)

4.Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)

5.Қ.Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)

6.Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)

7.Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)

8.Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)







2-топ.капитаны

1.Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды?(қара топырақ)

2.Қ.Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш.Уәлихан,Ж.Мәлібек)

3.Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)

4.Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)

5.Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уәлиханов)

6.Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)

7.Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)

8.Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)


III тур. Самғау. (Жанкүйерлер)

Көлге қатысты.

Бұл көл шығыс Қазақстан облысының өзі аттас ауданындағы ағынды көл.Жоғарғы Ертіс алабында,Қазақстанның таулы аймағындағы ірі көл.1434м.биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда.Ауданы-455км.Ұзындығы -38км; ені-19км;жағалау сызығы-95,5км,тереңдігі-27м.Бұл көлге бірнеше кішігірім һзендер құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.

(Марқакөл)

Тауға қатысты.

Бұл тау жүйесі Солт.-Алакөл қазаншұңқыры мен Оңт.-Іле өзеніаңғарымен шектелген.Солт.Шығ. Оңт.Батысқа қарай 450км-ге созылып жатыр.Қытай мен қазақстан шекарасында.Осы тау мен барлық жотасының аралығында осы тай аттас аталатын тау аралық ойыс бар.Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады.Ең биік жері-Бесбақан шыңы.(4622).

(Жоңғар Алатауы).

IVтур.Шырқау.(торкөздегі тапсырмалармен жұмыс).

1.Қалаға қатысты.

196мың тұрғыны бар бұл қала Қазақстанның оңт.бат орналасқан облыс орталығы.1817жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс ретінде салынған.Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі комбинаттары бар.Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады.Қосымша көмек бұл қала 1925-1929ж.ж Қазақ АКСР астанасы болды. (Қызылорда)

2.Еліміздегі жазыққа қатысты.

Бұл жазық оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ..жазықтың құрылысына тән ерекшелігі өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350м-ден 600-700м-ге дейін биіктейтіндігінде.Бұл жазықта Тау құм,Сарыесік, Атырау құмы,Бақанас тақырлы сазды-құмды жазығы созылып жатыр.Қосымша көмек бұл жазық оңт. өзімен аттас үлкен көл орналасқан.

(Балқаш маңы жазығы)

3.Облыс.

Бұл облыс 1932жылы құрылған.Аумағы -428мың км.Облыста 9селолық ауд.,11қалалары,39поселкалар, 556селолық және ауылдық округтер бар.Аумағы аласа таулы, ұсақ шоқылы, жоталы жазық.Облыс Сарыарқаның оңт. қамтиды.Обл Б-Ұлытау тауы,Ш-Қарқаралы тауы,оңт бат. және оңт. бөлігінде Арал бойы Қарақұмы және Мойынқұм құмдары бар.

Қосымша көмек: аумағы жөнінен респ. 1-орыналады. (Қарағанды обл.)


4.Еліміздегі қорыққа қатысты.

Бұл қорық 1976ж. Құрылған.Қорық Солт. Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен Оңт.-т.д.1447м.биіктіктегі Азутау жотасы арасында орналасқан.Жалпы аумағы -75мың га.Қорықта сүтқоректілердің 58түрі,құстардың 260-қа жуықтүрі мекендейді,өсімдіктердің 721түрі кездеседі.

Қосымша көмек: Бұл қорық өзі аттас көл бойында орналасқан. (Марқакөл)

5.Өзенге қатысты.

Орал тауынан басталып, Батыс Қаз. С-О-ке кесіп өтіп,Каспий теңізіне құяды.Ұзындығы-2428км,респ.жеріндегі ұзындығы-1082км.Негізінен қарсуымен қоректеніп, көктемде тасиды.Орташа жылдық су шыығыны 400м.секӨзен тасығанда деңгейі 9-10-ге көтеріледі.

Қосымша көмек: Басты салалар-Самаа,Шаған,Елек,Ор. (Жайық)

6.Қалаға қатысты.

Бұл қаланың іргесі 1938ж. Кегір су қоймасының жанында қаланған.Қала статусын 1954ж алады.Бұл қала мемлекетіміздің түсті металлургия орталықтарының бірі, яғни мыс балқыту орталығы болып есептеледі.Қалада тау-кен байыту комбинаты орналасқан.

Өосымша көмек: Қаланың қалануына маңызды рөл атқарағн қазақтың ұлы ғалымы Қ.И.Сатпаев. (Жезқазған)

7.Архитектуралық ескерткішке қатысты.

Бұл көне арх-қ әуелі Қарахан дәуірінде (XII)тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIVғ. Аяқ шені мен XVғ. Қайта салынған.Бұл кесене түркі халықтарының тәу ететінорталығы болған.БҰҰ-ң дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген бұл кесене халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымыздың дейін жеткізген ғажайып асыл туындыларының бірі.

Қосымша көмек: Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесене Түркістан қаласында орналасқан. (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)

8.Ән сұрақ.

Бұл әнде еліміздің оңтүстігіндегі өзендердің біріне қатысты айтылған. (Арыс

9.Ән сұрақ.

Бұл күйде еліміздің орталығында орналасқан әсем тауларымыздың біріне қатысты айтылған. (Сарыарқа


Vтур.Шарықтау.(сурет бойынша анықтау).

1.сурет.

Бұл суретте еліміздің оңт.шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі бейнеленген.Көл т.д.342м биіктікте жатыр.Ауданы-18200км,ұзындығы614км,ені-74км,жағасының ұзындығы2383км.Суының көлемі106км.

Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.

(Балқаш көлі)


2 сурет.

Бұл суретте еліміздің солт. Табиғаты әсем, еліміздің көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің біріне қатысты бейнеленген.

Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың бірі орналасқан. (Бурабай көлі)

3 сурет.

Бұл суретте география ғылымына көп үлес қосқан, біздің заманымыздан бұрынғы 3ғ. өмір сүрген грек ғалымы бейнеленген.Бұл кім?

(Эратосфен)

4сурет.

Бұл суретте орыстың көрнекті ғалымы, саяхатшысы бейнеленген.1827-1914ж.ж.өмі сүрген ол Қазақстанжәне Орта Азияға экспедициялар жасап, көптеген зерттеулер жүргііп,соның нәтижесінде Қазақстан таулары,нақты тың мәліметтер қалдырған.

Қосымша көмек: Бұл ғалымның құрметіне осы өзі зерттеген таудың есімі ғалім атымен бірге аталады. (П.П.Семенов-Тян-Шанский)

5 сурет

 14691524 — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды. Васко да Гама

6сурет

Бұл сарқырама әлемдегі ең керемет табиғи орындардың бірі . Ол жерге жыл сайын мыңдаған турист келіп, табиғаттың осы бір сыйын өз көзімен көреді
Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтеді Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады Ниагара

7сурет.

Бұл этникалық қауымдастық, АҚШ, Канада, Гренландия, Ресей мемлекеттерінің солт. аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 112 мың адам (2005)

Этнос ретінде бұдан 5 мың жыл бұрын Беринг т. маңында қалыптаса бастады да кейіннен солт. жағалаулар бойынша батыс пен шығысқа қарай таралды. Сан ғасырлар бойы Арктикадағы өмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады.  морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді. Күмбез тәрізді баспаналары (иглу) қардан тұрғызылған Эскимостар




VI тур. Жерұйық. (жеңген топпен).

Бұл тау 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан. Ең биік шыңы-Мұзтау 4506м және 328 мұздық бар. Түсті металлургияға бай, ең үлкен өзені-Ертіс Алтай тауы

ІІІ. Қорытында бөлім: жеңімпаздарды марапаттау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее