«Зима 2025»

Асыл қасиеттер 6-сыныпқа арналған

7- СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ АСЫЛ ҚАСИЕТТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Асыл қасиеттер»


Мақсаты: Балалардың адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін

кеңейту.


Міндеттері: -адами қасиеттерін дамыту;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын қалыптастыру;

  • балалардың адамгершілік қасиеттерін күнделікті өмірде қолдануын әдет дағдыға айналдыруын тәрбиелеу ;


Көрнекілігі: ребустар,ертегіден алынған суреттер,мақал-мәтелдер,

шартты белгілер,ақ қағаз,фломастерлер



Сабақ барысы: Балалармен бөлмеге кіру.(әнұранды айтып кіру)

Шеңберге тұру, әнұранды жалғастыру


Жамандық пен жақсылық,

Отбасындағы татулық.

Өзін - өзі тануда,

Айыра білуді үйреткен.

Өзін - өзі тануда,

Үйренеміз шындыққа.

Өзін -өзі тануда ,

Үйренеміз достыққа.





Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендердің жарқыраған жүздеріңді көріп, өте қуаныштымын.Осы көтеріңкі көңіл күйлерің бүгінгі күннің соңына дейі сақталса деймін.

Ал енді келген қонақтармен амандасайық.

Іші толы әсем ән мен күлкіге

Жылулықты сезінеміз әр күнде

Көңіліміз көтеріңкі әрқашан

Келген екен көп қонақтар бақшаға

Бәріміз бір дауыспен сіздерге

Дейміз : «Хош келдіңіздер!»



-Балалар, бүгінгі сабағымызды үш топқа бөлініп сайыс түрінде өткіземіз.


«Алғырлар» «Тапқырлар» «Белсенділер»


Сайыс барысында біліңмдерің фишка арқылы белгіленеді,тек білімдерің ғана емес тәртіптерің де ескеріледі.

Жұмыс барысында «Достық» клубының шартты белгілерін де ұмытпаңдар.


(шартты белгілерді көрсету )

-Кәне, сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.


Балалар үш топқа бөлініп орындарына отырады.


Жұмысты бастамас бұрын тақтадағы тапсырмалардың шартты белгілерімен таныстыру.

1. әңгімені тыңдап,талдау

2 .сурет бойынша әңгімелеу,салыстыру.

3.сөзден мақал мәтел құрастыру

4. ребус шешу.

-(тапсырмаларды орындап болғаннан кейін санмен белгілеп отыру,неше тапсырма орындалғанын балалардан сұрап отыру )


1-тапсырма: әңгімелеу. «Бірлік» Е.Өтетілеуұлы.

Балаларға әңгіменің мазмұнын айтып беру,сұрақтар қою.


-Балалардың ісінен қандай жақсы қасиетті байқауға болады?

-Сенің достарыңа,достарыңның саған осындай көмек көрсеткен кезі болды

ма?

Балалардың және топтың берген білімдерін фишка арқыл белгілеу.


2-тапсырма:Сендер жаңа мен айтқан әңгімені тыңдап талқыладыңдар,енді қазір сурет бойынша әңгімелеп өз ойларыңды ортаға саласыңдар.


әр топқа суреттер беріледі,балалар сол сурет бойынша қысқаша әңгімелейді.

Суретті тақтаға іледі.


«Екі дос» «Үш жалқау» «Тырна мен түлкі»


Тапсырманы орындау барысында әр топ бір-біріне көмектеседі,толықтырады.


(білімдерін фишкамен белгілеу)


Өзіммен өзім.


-Енді барлығымыз кілемге жайғасып отырайық.көзімізді жұмайық,бір бірлеріңе кедергі жасамаймыз.(жай әуенді музыка ойналады)

Енді барлығымыз өте тату тұратын «Татулық еліне» келдік деп ойлаңдар.Не сезіндіңдер?ал маған жып-жылы жел есіп тұр.Өйткені бұл елдің тұрғындары бір-біріне тек қана жақсылық тілейді,сыйлайды,жақсы көреді.Сендер де осы елдегі жылылық пен сыйластықты сезініңдер.Барлық көргендерің үшін рақмет айтайық.


өз тобымызға оралайық. Көзімізді ашайық.


Балалар өз сезімдерімен,ойларымен бөліседі.

Балалардың жауаптарын толықтыру:Бұл елдің тұрғындары өте тату-тәтті екен. Үнемі бір-біріне тк қана жақсылық ойлап,көмектесуге дайын тұрады. Сол себепті «Татулық,сыйластық елі» деп атайды. Біз өз тобымызда,отбасымызда бір-бірімізді сыйлап, тыңдап,құрметтесек осындай татулық орнаған ортаны жасай алады екенбіз.


3-тапсырма

Сөздерден мақал мәтелдер құрастыру:



Жаманнан жирен,жақсыдан үйрен.


Татулық –табылмас бақыт.


Дос –бәрінен де қымбат.

Құрастырған мақал мәтелдерін оқытып,талдау,толықтыру.

(жауаптарын фишкамен белгілеу)


4-тапсырма: ребус шешу.(татулық,бақыт,достық)

әр топқа ребус беріледі,шешкен ребусты тақтаға іліп талдайды.

-Ал енді сайысымыздың барлық тапсырмаларын орындадық деп ойлаймын.Кәне қай топ қанша фишка жинаған екен,санайық.Сайыс болғаннан кейін жеңімпаз топты да атап өтуіміз керек.

Фишканы санау.Ал енді кім өзінің жинаған фишкасын тобына қосқысы келеді.

(барлық фишканы қосып санау)

-Балалар, біз бүгін қалай жұмыс жасадық?

«Достық клубының шартты белгілерін орындадық па?Ендеше мен мынадай дәйексөзге тоқталғым келіп тұр.тақтадағы мақалды ашып ,балаларға оқыту.


«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?(балалардың жауаптарын тыңдап толықтыру)


-Шығармашылық жұмыс:

Балалар,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді,көңіл күйлеріңді қағаз бетіне салыңдар.

(салған суреттерін қонақтарға тарту ету,орындарына келіп отырады)


Жүректен жүрекке:Ал енді үстел үстіндегі жолақ қағаздарды алып менің жаныма келіңдер.Менің қолымдағы күннің көзі,ал сендерде күннің шуақтары,жай күн шуағы емес,сиқырлы шуақтар.әр шуақтағы сөзді оқиықшы.

Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?(Асыл қасиеттер)

Жер бетіне не жылу береді?

Осы күннің арқасында өсімдіктер жайқалып,құлпырып өседі.Сендер де қазірден бастап бойларыңа осы қасиеттерді қалыптастырсаңдар,ертең еліміздің ақылды,тәртіпті,қамқоршыл азаматы болып өсесіңдер.

Ал енді күн шуақтарын кілем үстіне орналастырайық,күн шуағының берген жылуын қонақтарға сыйлайық







































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее