Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Мен қазақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:білімділік-ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу,мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық- әр оқушының ой- пікірін еркін жеткізуіне ерік беру, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін дамыту, өлеңді талдау;
Тәрбиелік- өлең сипатын ұғына отырып бағалай білуге, өз беттерімен өлең құрастыра алуға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:дамыта оқыту технологиясы, деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: С. Торайғыров суреті, слайд, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.
Абай. «Әсемпаз болма, әрнеге».
а) ақын бұл бұл өлеңде жастарды өнер білімге шақыра отырып оларды қандай адамгершілік асыл мінездерге үндейді.
ә) «бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа » дегенде ақын нені меңзеп отыр деп ойлайсыздар? б) Осы өлеңнен ақынның нақылға, қанатты сөздерге айналып кеткен өлең жолдарын табыңдар.
III. Жаңа сабақ. Мақсатын айту.Сабақтың барысын түсіндіру үшін тірек-сызба көрсетіледі (1-слайд)
Сұлтанмахмұт Торайғыров- қазақ халқының хх ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны.Ол халық көзін ашуды, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшін күрескер болуды мақсат етті. Ол халықтың ой тілегін білдіруші, сондықтан оның бойында өршілдік басым.
Ел- жұртын, халқын қалтқысыз сүйе отырып, ол еліне қорған болар адам болуды, азамат болуды бәрінен жоғары қояды.
Ақынның «Мен- қазақ» өлеңінің лирикалық қаһарманы- ақынның өзі. Ақын өз атынан сөйлей отырып,сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман- аңсарын, сезім күйін жырға қосады.
(«Мен - қазақ» өлеңін мәнерлеп оқу. Үнтаспадан тыңдатамын).
Оқушылар оқулықтың 86- бетіндегі сұрақтарға жауап айтады.
Мұғалімнің көмегімен өлең құрылысына талдау (2- слайд)
1.Өлеңде неше шумақ бар? 2.Әр шумақта неше тармақ бар? 3.Шумақтағы әр тармақта неше бунақ бар?4. Әр тармақта неше буын бар?
Сөздікпен жұмыс (3- слайд)
Қоныс қылдым – мекен еттім, тұрдым. Ен далада- кең жазық далада. Лықа байып- жаныма керектің бәрі де бар. Тәжім еткен – ізет көрсеткен.
ІV.Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Мен - қазақ» тақырыбына сөзжұмбақ шешу.
1.Кім болуды көздейді? (Адам).
2.Қоныс сөзінің баламасы (мекен)
3. «Шеше» (ана)
4.Ақынның жастарды шақырған тақырыптарының бірі (Оқу)
5.Өлеңнің басты кейіпкері (қазақ)
6.Ақынның «көңіл - күйін» білдіретін сөз (сезім)
7.Ақын жастарды кім болуға шақырады? (азамат)
8.Ақын қандай даланы жырға қосқан (жазық)
ІІ. «5 жолды өлең» стратегиясы.
І ІІ ІІІ
1.Есімдік Зат есім 1. Мен-қазақ.
2.Зат есім Сын есім 2.Тау тұлғалы.
3.Сын есім Зат есім 3. Жомарт жан.
4.Зат есім Сын есім 4.Күн дидарлы.
5.Зат есім Сын есім 5.Арманы асқарлы.
V.Қорытындылау.
1) Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінің тақырыптары.
2) «Мен- қазақ» өлеңіндегі лирикалық қаһарман кім?
3) Өлең жас ұрпақ бойында қандай сезім қалыптастырады?
IV. Үйге тапсырма:
а) өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау;
ә) «Мен қазақпын – биікпін,байтақ елмін» тақырыбына ой толғау жазу.