«Кәусар шағын орталығы»
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
«Ақжелкен» тобы
Тәрбиеші: Талипова М.
Ақшұқыр 2017 жыл
Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
Мақсаты: 1. Балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.
2. Халқымыздың салт-дәстүрі, өнері, ұлттық ойындары мен әдет-ғұрыптарын тереңдете таныстыру.
3. Наурызда болатын табиғат өзгерістері, жан-жануар мен өсімдіктердің гүлдеп жаңа өмір бастауын ұғындыру.
Көрнекілігі: Қазақы бұрыш, мерекелік дастархан.
Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз тойға бәріңіз бүгін.
Аямас өнерпаздар ән мен жырын
Тойлайық халық тойы Наурызымның
Шуағын жерге төккен бақыт күнін
Келіңіздер, наурыз тойын бастайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қарашы қыстан өтіп наурыз келді.
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Құрметті қонақтар, әріптестер, абзал әжелер Наурыз мейрамы құтты болсын!
Біз бүгін Зере әжейдің наурыз тойына қонаққа келдік. Ендеше, мерекеге арнаған тойымызды бастайық.
Әжеміздің тойына өз өнерлерін көрсетуге асыға келген «Ақжелкен» тобы балдырғандарын қошеметпен қарсы алайық!
Ата, аяулы әже балаларымыз бізге тойға шашу ретінде өнерлерін көрсетпекші екен.
Наурыз тойы құтты болсын халайық,
Қане бірге «Наурыз» әнін шырқайық.
«Наурыз» әні (балалар хор)
Жүргізуші: Бас қосуды ашайық,
Тақпақтыда айтайық
Бүгінгідей тойға біз
Сөйтіп үлес қосайық.
Гүлдариға: Ырыс-дәулет мол болсын;
Жылда осындай той болсын.
Мейрамды енді бастайық,
Ал, қанекей жол болсын.
Сұңғат: Күн мен түн теңеледі.
Күнде ұзарам мен енді.
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлден наурыз сен енді.
Фариза: Құтты болсын наурыз!
Жалқаулық қой жауымыз
Дала тасып егіске
Малға толсын тауымыз.
Ринат: Арпа, бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған
Наурыз көже көп көже
Бұл тойдағы бас тағам
Гаухар: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Көже ішіп тойыңдар
Оған дейін ойын бар.
Байжан: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.
Ғазиза: Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе
Жүргізуші: Балалар биыл қандай жыл білемізбе?
Әрине, дұрыс тауық жылы.
Біз осы жыл басы болуға таласқан хайуанаттар ертегісін жақсы білеміз, ендеше осы ертегі хикаясын қонақтарға арнап көсетейік.
Жылқы (Дархан): Менің адамдарға көп пайдам бар.
Сүтімнен қымыз жасайды, етімді жейді. Мен жыл басы боламын!
Тауық (Ақерке): Мен болмасам адамдар жұмысынан қалып ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, кеш батқанда да жатар мезгіл болды деп шақырамын.
Ит (Данияр): Мен болмасам, сендерді ұрлап немесе қасқыр жеп тауысар еді, мен сендерді кұзетемін дұшпан көрсем үріп, иеме хабар беремін.
Қой (Аружан): Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді, жүнімнен киіз, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады.
Сиыр (Аянат): Адам егін ексе менімен егеді. Сүтімді ішеді, құрт, май, ірімшік жасайды.
Түйе (Ермағанбет): Менің пайдам көп. Алыс жерлерге барамын шөлге
шыдаймын. Сүтімнен шұбат, балқаймақ, құрт жасайды.
Жүргізуші: Осылайша барлығы өзді-өзді мақтанады. Барлығы келісіп бір
шешімге келеді, яғни таң елеңнен шығып келе жатқан күннің сәулесін кім көрсе, сол жыл басы болу керек деген ортақ шешімге келеді.
Бір шетте тұрғантышқан қулық ойлап, түйенің мойнынан өрмелеп басына шығып алады да, ең алғаш күнді көріп «мен көрдім» деп дауыстайды.
Осылайша, жыл басы «тышқан болады» екен. Амалдары қалмаған аңдар мен жануарлар келіспеуге амал болмай құптай береді.
Жүргізуші: Балалар, біздің тойымызға ат арытып Тазша бала да келіп
қалыпты.
– Амансыз ба Тазша бала, қош келдіңіз!
«Ат жарыс» ойыны.
Балалар біз мерекелік дастарханда отырмыз, мұнда әр түрлі ұлттық тағамдар қойылған.
Мен сіздердің біліміңізді шыңдап жұмбақ айтқым келеді.
Бір сусын бар жұртымда
Ішсең уыз жұртымда
Бәрі содан шығады
Ірімшік, май, құртымды (Сүт)
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас (Таба нан)
Тыйым сөздер (нанды уатпа, нанды жерде жатса баспа)
Құрметті қонақтар, асыл әжелер, апалар сіздермен бірге халқымыздың салт-дәстүрлері туралы сайыс өткізгім келеді.
«Шарғы» дегеніміз не? (Кеткен қыздың сіңілісіне орамал
беруі)
«Қой басты» дегенді қалай түсінеміз? (Киіз басушылар киізді домалатып бір үй жанына келіп тоқтап ас-тағам ішеді).
21 наурыз түні қандай түн деп аталады.
«Біз шаншар» дегенді қалай түсінеміз? (Қызы бар үйге қонақтар келіп отырған жеріне біз шаншып кету, яғни құда болуға ниет білдіру).
Жүргізуші:Ұлыс күні қазан толса.
Сол жылы ақ мол болады
Атамыз ақ бата тілек айтып
Бізді жолға шығарар.
Ата (Бата тілек айту).
Жүргізуші:Бишілерде өнер көп.
Би билейді жорғалап
«Қара жорға» биін билейік
Өнерге баға берейік.
Осымен балаларымыздың өнерлері мен тойға шашуын көріп тамашалаңыздар. Сіздерге мың алғыс!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Әр үй баланың күлкісіне толсын!
Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман боп
Жылдан-жылға жақсылықпен жете берейік! – дей отырып сіздермен қоштасамыз!