«Зима 2025»

"Ана тілім- асыл қазынам"

22-қыркүйек- Тілдер мерекесіне орай жүргізілген іс-шараның жоспары

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

«22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні»

Тақырыбы: «Ана тілім- асыл қазынам»

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!

2-жүргізуші: «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналғалы отырған тіл апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Сайысқа қатысушы сайыскерлер! Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Халықтың тарихта қалуы-тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Халық үшін, тіл үшін болған күрестер – ата-баба мұраты, ол бүгінгі тарих беттерінде мәңгілік ұмытылмай сақталады.

2-жүргізуші Бүгінгі біздің тіл мерекесіне орай өтейін деп отырған «Ана тілім – асыл қазынам» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

2-жүргізуші Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап алсақ.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді ашу үшін құрметпен сөз кезегін мектеп директоры С. К. Аманбайқызына береміз

Құрметті қатысушылар, қонақтар, бастауыш сынып оқушыларының тіл мерекесіне арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші Сайысымыздың 1-айналымы «топты таныстыру». Сіздер өздеріңіздің топтарыңыздың атын, ұранын, төсбелгілеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

1-жүргізуші: Сайыскерлерімізбен таныстық ендігі кезекті 2-айналымға береміз. 2-ші айналым «Мақал сөздің көркі» мақалда түсіп қалған сөзді тауып орысша, ағылшын тіліне аударады әр оқушыға екі тапсырмадан.

2-жүргізуші Тауып айтсаң мереке қылады,

Таппай айтсан келеке қылады!-дей келе келесі кезекте 3-айналым «Бәйге »сайысы. Викториналық сұрақтар үш тілде бірігіп жауап беруге болады.

1-жүргізуші:: Келесі сайысымыз ребус шешу. Сайысымызда алдарыңызға берілген ребусты бірігіп шешесіздер.

1-жүргізуші: Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-жүргізуші: Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
2-жүргізуші
Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдемі өлең жолдарын оқып берейін:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
1-жүргізуші
: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?

2-жүргізуші Олай болса келесі кезекте 3-сынып оқушысы Әбікен Зейнептің орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ендігі кезектегі сайысымыз көрермендер сайсы «орамал тастамақ». Осы сайсымызда берілген жұмбақты шешіп, жауабын үш тілге аударамыз.

2-жүргізуші Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
1-жүргізуші:
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
2-жүргізуші
Туған тіліміздің қадір - қасиеті туралы біздің сөзімізді ары қарай сайыс түрінде жалғастырсақ. Сайысқа қатысып отырған оқушыларымыздың тіл туралы жаттаған өлең шумақтарын тыңдасақ.

1-жүргізуші: Келесі сайсымыз «адасқан әріптер» . Бұл сайсымызда шашыраңқы әріптерді жинақтап бірнеше сөйлем құрайды, екі оқушы бірге. Сөйлемнің санына байланысты ұпай қойылады.

2-жүргізуші Ал ендігі сайсымыз «сиқырлы сандар» . Сандардың астында өлең жолдары бар жалғастырып кету керек, егер дұрыс айта алса сан ашылады да суреттің жартысы көрінеді тапқан оқушылар ұпай жинайды.

1-жүргізуші: Соңғы сайсымыз «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген тон пішер»

түрлі – түсті қағаздан ою- өрнек қиып, қалай аталады, және қай жерде қолданылады, сол туралы айту.

2-жүргізуші Әнсіз мына өмірдің несі көктем,
Ән десе қазағымның есі кеткен- дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын әсем әннің куәсі бола отырайық. 8-сынып оқушысы Айдар Беріктің орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайсымыз өз мәресіне жеткен секілді. Сайсымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбындағы өткізілген сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап , білім биігінен көріне беріңіздер деген тілекпен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!


















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее