«Зима 2025»

Қарттарым -асыл қазынам

Тақырыбы: 1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» мерекелік кештің жүргізілу бағдарламасы Мақсаты:Ауыл қарттарын шақырып,оларға құрмет көрсетіп, көрген - білгендерінен үлгі алып, оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд-шоу, қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: 1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» мерекелік кештің жүргізілу бағдарламасы Мақсаты:Ауыл қарттарын шақырып,оларға құрмет көрсетіп, көрген - білгендерінен үлгі
алып,
оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд-шоу, қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар. Қалдықыз апай:

Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Қайырлы күн, құрметті де, қадірлі қариялар, ұстаздар және оқушылар!



Екі жүргізуші бірге: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! 1- жүргізуші: Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде, тау мүсін
Құрыштан соққан құдірет Қарттарым, аман - саумысың?


2 – жүргізуші:Өздерің болсаң жанымда
Ел іші жомарт, еңселі
Дән иісі жүрген бойында
Даланың бір - бір бөлшегі.

Құрметті қариялар бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: Ертеректе жолаушылар бара жатқан ағаларымыз алдынан кездескен ауыл болса, ауыл адамдарынан«Ақылманың бар ма?»деп сұрайды екен.

2 – жүргізуші: Осылайша ауылдағылар ұлық тұтатын ақсақалдарға сәлем беріп, әдептілігін, көрегендігін көрсетеді екен. Онда бүгін біздің ауылымыздың ұлықтары мен қазынасы болған қарттарға көрегендігімізді көрсетіп қошеметтеп қояйық!

1- жүргізуші
: Кешіміздің бет ашары ретінде мектебіміздің --------------------------------қабыл алыңыздар!



2-жүргізуші: Бақытты отбасы- келешек кепілі, Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі. Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету Әрқашан үлкендердің міндеті дей отырып, бүгінгі кешімізде қонақтарға құттықтау жолдау үшін, мектебіміздің басшысы ---------------------------------------сөз кезегін ұсынамыз. 1- жүргізуші:Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып, Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында, бала – шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып. Ән « Асыл әже » орындайтын Серікқызы Ділнәз

2- жүргізуші Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. Сіздердің құрметтері___________ ________ орындауында ән « Ана-әке»

1-жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!

Қарияларға құттықтау сөз беру.

2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

1-жүргізуші: Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

2-жүргізуші: Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.Бұл моральдік  құқыны құрметтей білу керек дей отырып, көркем сөз «Қариялар азайып бара жатыр» оқитын Молдабекқызы Ақдидар (видео көрсетіледі)

1-жүргізуші :Көңіл жетім болмаған соң сыңары, Жас баладай жаутаңдаған жанары, Қайта – қайта қарағың кеп тұрады, Қағыс естіп қалбақтайды баладай. Мәпелеңдер қарт біткенді аялап, Ниеті ақ, көңілі кең даладай демекші, құрметті ата-апалар, бұл кейінгі ұрпағымыз ешқандай қателіктер жасамасын деп, ата-аналарын аялап, құрметтеу мақсатында көрсетіп отырмыз. Сіздердің көңіл күйлеріңізге ешқашан кірбің түспесін. Сіздердің құрметтеріңізге ____________________ орындауында ән «Ата-әже»

2-жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздері бар. _____________________

2-жүргізуші: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. Ата-әжелеріміз аман болсын! Сіздердің құрметтеріңізге Көрініс

1-жүргізуші: Арқасына нардың жүгін артқандай, Батырлығы-арғы атаға тартқандай. Мойымаған қиындыққа төзімді Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай деп, сіздердің жастық уақытта айтқан ән жолдарына кезек берсек, Әнді аяқта.

2-жүргізуші: Ана мейір күн көзімен пара-пар, Тұла бойға қуат болып таралар. Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән « Жан әке » орындайтын _________________________

1-жүргізуші:

Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел экономикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

2-жүргізуші: Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да, ойлантып, толғандырған. Өзі де  дәулетті  әулеттен, не  ішем, не  кием  деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», -  деп күңіренген.

Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді. Құрметті қариялар, сіздер ешуақытта қартаймаңыздар!

1-жүргізуші: Батасыз ер арымас... Мерекелеріңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Енді бүгінгі мерекелік кешімізде қадірлі ата-апаларымыздан бата алып, кешімізді аяқтаймыз! 2-жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде, Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп, сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз!

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлайық, қадірлейік! Екі жүргізуші бірге:Тағыда мерекелеріңіз құтты, өмірлеріңіз шаттыққа толы болсын, құрметті қариялар!




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее