Алматы қаласы №148 МГ Мергенбаева Назигуль Оразбаевна
Пән: Математика | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Мергенбаева Н.О. | |
Сынып: 3 Ә | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Бөлім | АДАМ бөлімі бойынша нәтиже сабақ | |
сабақтың тақырыбы |
| |
Сабақтың мақсаттары | Білім, білік, дағдыларын жетілдіреміз, бекітеміз. Барлық оқушылар: Бұл тарауды оқу арқылы оқушылар жүйедегі барлық ағзалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты жұмыс істейтінін түсінеді. Ағзадағы жүйелер бірлесе отырып, ортақ міндеттерді атқаратынын біледі. Көптеген оқушылар: Ас қорытудың ұзақ үдеріс екенін түсінеді. Тыныс алғанда газалмасу үдерісі жүретінін біледі. Қанайналым жүйесі қалай жұмыс істейтінін зерттейді Ағзаның ауру мен инфекциядан қорғану тәсілдерін біледі. Кейбір оқушылар: Зерттеу жұмыстарын орындап, нәтижелерін салыстырады. | |
Құндылық | Бірлескен әрекет | |
Ресурстар | Адам ағзаларына байланысты кестелер. Суреттер. Зерттеуге қажетті шар, түтікше, лента, скотч. Үлестімелер. Микрофон, маркерлер, флипчарт. | |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Әдебиеттік оқу. | |
АКТ-ны қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта. | |
Алдыңғы білім | Адамның энергияны қайдан алатынын, оның қанайналым жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біледі. |
Жоспар
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | СК1. 1.Адам-кім?( Адам- табиғаттың бір бөлшегі) 2.Сабақ мақсатымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру. Асқорыту жүйесін анықтай аламын. Қанайналым жүйесін анықтай аламын. Тыныс алу жүйесін анықтай аламын. Ағзаның ауру мен инфекциядан қорғану тәсілдерін білемін. «Кіру билеттері» таратылады. (Кіру билетінде бүгінгі сабақта қол жеткізетін нәтижелер жазылған. Сабақ соңында оқушылар толтырады. Тақтаға ілінеді.Мұғалім қорытындылайды) | Кіру билеттері (әр оқушыға арналған) | |||||||
Сабақтың ортасы | СК2. ТИІМДІ СҰРАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 1. «Мұғалім-оқушы» диалог. -Ас қорыту тақырыбы бойынша сұрақтар:(Ішінара сұрақтар оқылады. Жауап берген оқушыларға жанындағы құрбысы жазбаша кері байланыс береді)«Құрбыңның кері байланысы» 1.Ас қорыту жүйесіне нелер жатады?(Ауыз қуысы, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек) 2. Ауыз қуысының әрекеті. (Ауыз қуысында тіл мен тіс тамақты шайнайды, ұсақтайды, сілекейлейді, тіл көмегімен жұтқыншаққа жібереді) 3.Өңеш қызметі қандай? (Өңеш бұлшықеттері тамақты асқазанға жібереді) 4.Асқазан дегеніміз не? (Бұлшықетті қуыс қалта) 5.Асқазанның қызметі қандай? (Шайналған, сілекейлемен араласқан асты асқазан сөлімен араластырады. Оны 12 елі аш ішекке өткізеді) 6.Аш ішектің қызметі қандай? (Аш ішектің басы бауыр мен ұйқы безімен жалғасып жатыр. Аш ішектің қабырғалары арқылы қанға қоректік заттар тарайды. Қан арқылы барлық ағзаға қоректік зат тарайды) 7.Бауыр не істейді? (Бауыр аш ішекке өт бөледі, өт-майдың ыдырауына әсер етеді) 8.Ұйқы безі ше? (Ұйқы безі ішекке ас қорытылуға қажетті ұйқы безі сөлін бөледі) 9.Асқорытудың соңғы бөлігі-қандай ішек? (Асқорытудың соңғы бөлігі-тоқ ішек. Тоқ ішекте судың сіңірілуі жүреді. 10.Өңеш дегеніміз не? (Жұтқыншақ пен асқазанды жалғайтын түтікше) 11.Асқазанда -3-6 сағат, ішекте-4 сағат, тоқ ішекте -7-10сағат,Жалпы 18 сағат мөлшерінде. Тыныс аул мүшелері тақырыбы бойынша сұрақтар: 1.Тыныс алу жүйесіне нелер жатады? (мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдек тарамы, өкпе. 2. Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не? (өкпе) 3.Өкпе неше бөліктен тұрады? (екі) 4. Неліктен өкпені жұп мүше дейді? 5.Өкпе қайда орналасқан?(қабырғаның астында, көкірек қуысында) 6.Өкпеге ауа қалай жетеді? Кеңірдек ауаны өткізеді. Ауа тамырлары ауаны өкпеге жеткізеді. (оттек ауадан бөлінеді, қанға түседі) 7.Өкпеде қандай үдеріс жүреді? (газ алмасу үдерісі) 8.Тыныс алу үдерісіне қатысады-кеуде қуысының бұлшықеттері, қабырға бұлшықеттері, диофрагма(көкет) 9.Негізгі тыныс алу қозғалысы дегеніміз неден тұрады? (дем алу, дем шығару) Қанайналым жүйесі бойынша сұрақтар. 1.Қанайналым жүйесіне нелер жатады?(жүрек, қан тамырлары) 2.Жүрек ? (қанды тамырларға айдайтын бұлшық ет) Ол қанды барлық тамырларға таратады. 3.Қантамырлар қоректік заттары асқорыту жүйесінен сіңіріп, барлық ағзаға таратады. 4.Оттекке қаныққан қан күретамыр бойымен ішкі мүшелерге келеді. 5.Көмірқышқыл газ бен зиянды заттарды сыртқа алып шығатын-көктамыр. 6.Қылтамыр-ең ұсақ қантамырлар. 7.Қан өкпені шайып өтеді, сол арқылы оттекпен қанығады. Оттекпен қаныққан қан барлық мүшелерге тарайды. Иммунитет дегеніміз не? (адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру әрекеті) БАҒАЛАУ. «Құрбыңның кері байланысы» Қанша оқушы құрбысынан кері байланыс алды? Орнымыздан тұрайықшы. -Марат, құрбыңнан қандай баға алдың? т.с.с. 2. «Жоспарланған проформа» Жоспарланған проформа оқушыларға берілетін үлестірмелі материалдар. Осы материалдарды, суреттерді, сөз тіркестерін төмендегідей тапсырмаларды шешуде құжат ретінде қолданыңыз. Адам ағзалары араластырылырып беріледі. Асқорыту жүйесіне, қанайналым жүйесіне,тыныс алу жүйесіне нелер жататынын анықтаймыз? БАҒАЛАУ. Мөрмен бағаланады. (Кіру билеттеріне соғылады) 3.Белсенді тапсырмалар бекеттері Бөлмеге бекеттер белгіленген.Әр бекетте ресурстар берілген. Суреттер, анықтамалар берілген. Ресурстардың көмегімен асқорыту, қанайналым, тыныс алу жүйесіне нелер жататынын анықтап, адамның денесіне орналастыру. Белгілі уақыт беру. БАҒАЛАУ. Әр топ бірін-бірі бағалайды. (Жұмыстарының дұрыс орындалғанын тексеріп, стикерге жазады, ұсыныстар береді) Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Баяндайды, бірін-бірі толықтырады. ФОРМУЛАЛАР.
Зерттеу жұмыстары. 1-зерттеу. Шарлар. Үлкен және кіші екі оқушыны шығару. Жұппен жарыс ұйымдастыру. Бір рет қалыпты дем алып, шарды үрлеу қажет. Үрленген шарларын салыстыру. Шарлардың көлемі туралы не айтуға болады? (Үлкен баланың өкпесі үлкен. Сондықтан да өкпеден шығатын ауа да көп) 2-зерттеу. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Асқорыту жолы қандай мүшелерден тұратынын топта талқылайды. • Асқорыту жолын көрсететін бауға (тесьмаға) ауызды белгілейді (қағазға суретін салып, қыстырғышпен қыстырып қоюға болады. Бірінші циферблатқа 1 минут деп түрлі түсті маркермен жазады.) • Ауыз қуысынан өңешке дейін – 40 см – 8 секунд. • Бауға шарды (үрленбеген) бекітеді. Бұл – асқазан – 15 см. Жапсырмаға жазып, циферблатқа белгілейді – 3 сағат. • Шардан бастап, 25 см өлшейді, бұл – он екі елі ішек. • Аш ішек – 6 м. Циферблатқа белгілейді – 4 сағат. Жапсырмаға жазады. • 1 м 50 см, маркермен белгілейді. Бұл – тоқ ішек.Циферблатқа белгілейді – 10 сағат. Тапсырманы орындау барысында оқушылар дереккөз түрлерін ажыратып үйренеді. Олар асқорытудың едәуір ұзақ үдеріс екенін түсінеді. Бұл үдеріс біртіндеп жүреді. Оқушылардың түсінгендігін тексеру үшін сұрақ қойыңыз: «Ауыз қуысында тамақ қандай өзгеріске ұшырайды?Асқазанда ше? Қоректік заттар қайда сіңіріледі? Тоқ ішекте қандай үдеріс болады? (Ауыз қуысында тамақ шайналады, сілекеймен ылғалданады. Асқазанда тамақ асқазан сөлімен араласады. Қоректік заттар ішектерде сіңіріледі. Тоқ ішек суды сіңіреді.) «Ас қай бөлікте ұзақ жүреді? Адам ағзасында асқорыту жүйесінің барлық мүшесі қалай орналасқан? (Аш ішекте ең ұзақ жүреді. Мұнда тамақтан қоректік заттар сіңіріледі. Олар қанға сіңіп, барлық ағзаға тарайды. )Тамақты шайнайтын және сілекеймен ылғалдайтын қуыс –ауыз.Тамақ жартылай ботқаға айналатын бұлшықетті қуыс қалта-асқазан.Жұтқыншақты асқазанмен жалғап тұратын түтікше-өңеш.Мұнда қорытылған ас қанға сіңіп, барлық ағзаға тарайды-ішектер. «Мен -саған, сен-маған» ойын жаттығуы Оқушылар микрофон алып, бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді. БАҒАЛАУ. | | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. «Бір минуттық эссе» Салауатты өмір салты ережесін жазу. Жазып біткен оқушылар жариялайды. СК4. Үйге тапсырма беріледі. |
| |||||||
| | | |
Оқушының аты-жөні:________________________________
| |
Бүгінгі нәтиже сабақ «Адам» тарауына негізделе отырып, түсіндім........... | Түсіндім/ әлі де түсіне алмаудамын/ қиналамын |
1.Асқорыту жүйесін анықтай аламын. |
|
2.Қанайналым жүйесін анықтай аламын. |
|
3.Тыныс алу жүйесін анықтай аламын. |
|
4.Ағзаның ауру мен инфекциядан қорғану тәсілдерін білемін. |
|
БАҒАЛАУ
|
Оқушының аты-жөні:________________________________
| |
Бүгінгі нәтиже сабақ «Адам» тарауына негізделе отырып, түсіндім........... | Түсіндім/ әлі де түсіне алмаудамын/ қиналамын |
1.Асқорыту жүйесін анықтай аламын. |
|
2.Қанайналым жүйесін анықтай аламын. |
|
3.Тыныс алу жүйесін анықтай аламын. |
|
4.Ағзаның ауру мен инфекциядан қорғану тәсілдерін білемін. |
|