Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов мектеп –гимназиясы
Шыгысова Гулзия
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
2. 9 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды, тиісінше кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.
3. Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: 9-ға дейінгі цифрлар,карточкалар,дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты пысықтау:Үйге :9 цифрын жазып келу тапсырылған және 9-ға дейін тура және кері санату.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді Математика сырына.
Жаңа сабақпен таныстырмас бұрын 8 -ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау.
«Киелі сандар» айдары
Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
ІІІ.Жаңа сабақ:9 санының құрамы.
9 кәмпетти алып, оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып, (9=?+?) қосындылары құрастырылады.
9 = 2 + 7
9 = 3 + 6
9 = 8 + 1
9 = 5+4
«Ұлттық тағам» айдары
Халқымыз «ас атасы – нан» деп ұннан жасалатын тағамдарды ерекше қастерлеген. Нанның киесі туралы ел ішінде аңыз әңгімелер де өте көп.
Атап айта кетер жайт нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге тастамайды, үстінен аттамайды.Үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Қазақ үйіне келген адамға дәм ауыз тигізгенде де алдымен нанды ұсынған. Яғни нан тілекші, қасиетті ас. Қазақ дәстүрінде көрші-қолаңға жеті,тоғыз шелпек тарату секілді салт дәстүрлердің де қалыптасуы осы нанға деген ерекше құрметтен шыққан болса керек.
ІV. Сергіту жаттығуы.
V. Оқулықпен жұмыс.
Теңдіктер құр. Оларды оқы.
8 + 1 = 9
9 – 8 = 1
7 + 2 = 9
9 – 7 = 2
5 + 4 = 9
9 - 5= 4
«Ұлттық ойын» айдары.
9 құмалақ
Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты.
Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады
3-тапсырма:Қызыл түсті кесінді 9см,көк кесінді 8см,оларды салыстыр.
9см 8см
8см 9см
Көк кесінді 1см қысқа
9 см 9 см 8 см
8 см 8 см 9 см
«9 ғаламшар» айдары
1Меркурий 2Шолпан 3Жер 4Марс 5Юпитер 6Сатурн 7Уран 8Нептун 9Плутон
Дәпетермен жұмыс
№3 Салыстыр:
0 * 9 9см * 7см 6 * 9 4см * 9см
9 * 9 9см * 9см 9 * 8 9см * 6см
№4 Өрнектерді салыстыр:
9-1 *8-4 6+3 * 2+4
5+3 * 9-7 9-5 * 4+3
9-8 * 3+0 1+8 * 5+2
№5 Фигураларды ата
Сен білесіңбе? айдары
Ведио көрсету. Қазақстан жер көлемі жөнінен 9 орында.
Ауызша орындау.
VII.Қорытынды: 9 санының құрамын айт.
Сенсің ана, жарық дүние сыйлаған! айдары
ІХ.Бағалау. Оқушыларға баға қойылмайды. Мадақтау арқылы бағаланады.