Бекітемін»
Директорың ОІЖ орынбасары: Е.А.Ерболатов
№ 43 технологиялық карта
Күні: 28.02.17 ж
Білім беру саласы :Таным. Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Ашық оқу қызметінің тақырыбы: 0 – 10 сандары. Тура және кері санау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 10 сан және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру, тура және кері санауды. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой – қиялын, математикалық тілін, дүниетанымын дамыту. Логикалық ойын ұштау. Саусақтың ұсақ моторикасын жетілдіру;
Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, жұтық, жеке жұмыстарға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қолнанылатын көрнекі құралдар: кеспе сандар, текшелер, әліппе - дәптері.
Ұйымдастырылған оқу қызметі | Педагогтің басқару қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық- қозғаушылық | -Балалар біздер оқу қызметімізді әдетте немен бастаймыз? Олай болса балалар шаттық шеңберіне тұрайық. Шаттық шеңбері Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз. Есептерді шығарып, Біз білімді боламыз. Сәлеметсізде ме балалар? Здраствуйте ребята Good moning children | -Шаттық шеңберімен Балалар шаттық шеңберіне шығып амандасады. Сәлеметсіз бе? Здраствуйте Good moning |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Педагогтің түсіндіруі: Олай болса, математикалық білімімізді толықтыру үшін математика сабағымызды бастайық. Өткен оқу қызметімізде қандай санды өттік? -Жақсы балалар, енді осы 10 санын бүгін тура және кері санап үйренеміз. Жұмыс дәптері
0 – 9 дейінгі сандарды бастырады.
Сергіту сәті: Қояндар әні | 10 санын
0 – 9 дейінгі сандарды бастырады.
1 – 10-ға дейінгі сандарды ретімен қосады. Балалар тәрбиешімен сергіту сәтін ққимылмен қайталайды.
|
Рефлекциялық - түзетушілік | Қорытынды жасайды. Біз бүгін қандай санмен таныстық? 10 санының көршісін ата. Кері байланыс. Смайликтерді тақтаға жапсыру арқылы Бағалау. Жұлдызшалар таратылады. Балалар, сіздер сабаққа жақсы қатысып, келген қонақтарға білімдеріңді көрсеттіңіздер. Мен сіздерді Қазақстанның үлкен азаматтары мен азаматшалары болатындарына сенімдімін. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Бағаланады. |
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді
Түсінеді: 10 санын табу және бейнелеуді
Қолданады: оқу қызметінде үйренген цифрлармен,қосу, азайту амалдарын, санамақтарды