«2 НАУРЫЗ – СІРІҢКЕ КҮНІ»
ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮН
Мақсаты: Балалардың сіріңке туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
БМ: Балаларға сіріңке туралы түсінік беру.
ДМ: Танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлық-тарын арттыру. Белсенді сөздік қорларын кеңейту.
ТМ: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекелік жадығат: сіріңке салынған қораптар, сіріңке және сіріңкеден жасалға заттар бейнеленеген суреттер.
Сөздік жұмыс: сіріңке
Қостілділік компонент: сіріңке – спички.
Іс-шараның барысы:
І КҮН ЖАРТЫСЫНДА
Кіріспе әңгіме «Сіріңке туралы».
-Балалар, мына жұмбақтың шешімін табыңдаршы.
Елу тентек тып-тыныш,
Бір сарайда жатады.
Тысқа шықса біреуі,
Жарқ етіп от шашады. (сіріңке)
-Дұрыс. Бұл сіріңке (балаларға сіріңке салынған қорапты көрсетеді). Сіріңке– бір жақ ұшына оңай жанатын қоспа жағылған жіңішке ағаш таяқша (шырпы). Сіріңкені ойлап тапқан ағылшын өнертапқышы Джон Уолкер деген адам.
-Балалар, сіріңке бізге не үшін керек? (балалардың жауаптары: от жағу үшін).
-Жақсы. Балалар, біз сендермен әр түрлі қызықты бір нәрсеге байланысты күндермен танысамыз. Мысалы, балмұздақ күні, мысықтар күні, мейірімділік күні. Бүгін біз сендермен сіріңке күні туралы әңгімелейміз. Бүгін 2 Наурыз күні – сіріңке күні деп саналады. Бұл қызықты күн, ол бізге сіріңкенің маңыздылығы мен әр үйде оның қажетілігі туралы ескертеді.
Әңгіме «Сіріңкенің пайдасы мен зияны».
-Балалар, айтыңдаршы сіріңкенің қандай пайдасы бар? (балалардың жауаптары).
-Иә, сіріңке ол күнделікті тұрмыста арзан, пайдалы және ыңғайлы отты шығару құрал. Мысалы, үйді жылытқан үшін пешті сіріңкемен жағасыз, шайнекті қайнату үшін, пли-таны жағамыз, орманға демалуға барғанда адамдар түндеп қалса алау отты жағып жылынады
-Ал, сіріңкенің зияны қандай? (балалардың жауаптары).
-Иә, байқамастан сіріңкені сөндірмей қалтырсаң, өрт шығуы мүмкін.
«Сіріңкеден не жасауға болады?» бейнесюжеттерді көру.
ІІ КҮН ЖАРТЫСЫНДА
Шығармашылық жұмыс «Сіріңкеден атты жасау».
Қажетті құралдар: бала санына қарай: тақтайша, майлықтар, ермексаз, сіріңкелер, қатырма қағаз; үлгі жұмыс; аттың суреті немесе ойыншығы.
-Балалар, біз сендермен «Сіріңкеден не жасауға болады?» атты бейнесюжеттерді кһріп шықтық. Сіріңкеден көптеген нәрсе жасауға болады екен. Бізде бүгін сіріңкеден бірдемені жасап көрейік.
-Балалар, мына суретте не бейнеленген? (ат)
-Дұрыс. Ол қандай жануар? (ол үй жануары).
-Бүгін біз сендермен атты сіріңкеден жасап көрейік.
Үлгі жұмысқа назар аудартады.
-Бізге керек қарыма қағаз, ермексаз, сіріңкелер. Алдымен қатырма қағаздың беттің жартысына көк түсті, ал екінші жартысынаа жасыл түсті ермексазды жағамыз.
-Содан соң сіріңкеден аттың бейнесің құрастырамыз. Алдымен бес сіріңкені алып көк пен жасыл түсті ермексаздар қосылған орынна төмен ермексаздың ұстіне басып орналастырамыз.
-Енді жан-жаққа қиғаштап, төмен және жоғары аяқтарын, құйрығын, басын жасаймыз. Аяқтары мен құйрығын екі, ал басына үш сіріңкеден жасаймыз.
-Тағы төрт сіріңке алып, бетін –тұмсығын жасаймыз.
-Суретті ермексаздан гүлдерді мүсіндеп толықтыруға болады. Біздің атымыз алаңқайда жайылып жүргендей.