«Осень 2024»

Жемқорлық -құқық бұзушылықтардың картасы

Сабақ жоспарында "Жемқорлық" туралы мәліметтер беріледі.Екі топ болып өз пікірлерін қорғайды.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Саға негізгі мектебі


Бекітілді: Тексерілді:

Мектеп директоры Тәрбие ісінің орынбасары

М.М.Бокашев М.Т.Бримбетова

« » ......... 2017 ж « » ........ 2017 ж




«Жемқорлық – құқық бұзушылықтардың картасы»







Тәлімгер: Г.Б.Жумагалиева













2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: Жемқорлық – құқық бұзушылықтардың картасы

Мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;
Бүгінгі іс-шараның жоспары:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндама Г.Б.Жумагалиева

  2. «Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» қысқаметражды фильм

  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» мәнжазба қорғау (оқушылар)

  4. Ситуациалық жағдай

  5. «Жемқорлық» тақырыбына сурет салу, оны қорғау

  6. .«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» пікірталас

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында отырысымыздың тақырыбын «Жемқорлық – құқық бұзушылықтың картасы» деп алып отырмыз.

(Бір парақ қағазға «Отан» тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
Әр топ өз шығармасын оқып, қорғайды.

1.«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндама Г.Б.Жумагалиева

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні деп аталып өтіледі. Бұл күні Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас ассамблеясымен 2003 жылдың 1 қарашасында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа Конвенциясына қол қойылды. Оған қол қойған мемлекеттер пара, бюджеттік қаржыны жымқыру және сыбайластық жемқорлық жолымен пайда табуды қылмыстық істер деп қабылдауы қажет.

Әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсаттарына жету үшін біз күшімізді біріктіру қажет, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігу қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей жетістікке жету, сыбайлас жемқорлыққа тек біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана мүмкін.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

2. «Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» қысқаметражды фильм (экраннан фильм көрсетіледі)

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» мәнжазба қорғау (оқушылар мәнжазбаларын қорғайды)

  2. Ситуациалық жағдай (әр топ таңдап алған жағдайға көрініс көрсетуі тиіс)

1 тапсырма: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:

1.Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2.Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3.Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?



2 тапсырма. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:

1.Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2.Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3.Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?

  • Топтар дайындалып болғанша көрермендерді «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойынын ойнауға шақырамын. Мақал-мәтелдің жалғасын тапқан оқушыға сыйлық дайын!


1.Ырыс алды - ынтымақ.

2.Күннің көзі - ортақ,

Жақсының сөзі - артық.

3.Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.

4.Жауға барсаң - бәрің бар,

Дауға барсаң - бірің бар.

5.Туысы бірдің - уысы бір.

6.Бір кісі таққа отырса

Қырық кісі атқа қонар.

7.ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда болады.

8.Ай - ортақ,

Күн - ортақ,

Жақсының аты - ортақ.

10.Бірлік түбі - береке.



5.«Жемқорлық» тақырыбына сурет салу, оны қорғау

6.«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» пікірталас

Қорытындылау. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы дей отыра бүгінгі отырысымызды аяқталды.

































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее