Сабақтың тақырыбы: Сары, жасыл түстермен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: қызыл, көк түстермен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: қызыл, көк түстер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Түзете – дамытушылық: балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзыреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: М.Монтессори әдісі, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.
Көрнекі-құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, түстер, т.б.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, Сәлемдесу: Сәлем бердім мен күнге,
Сәлем бердім мен саған
Сәлем бердік апайға,
Қонақтарға құстарға.
III. Жаңа сабақ. Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. (Балалардың назарын суретке аударту) Бүгін біз бағдаршамның көздерімен,олардың түстерімен және пішіндерімен танысамыз. Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне. Үш түрлі түсім бар. Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын. «Шарлар» аялдамасы. Ал, қане балалар біз аялдамаларды өтіп шығу үшін автобуспен жүріп барамыз. -Қане балалар біз бірінші аялдамамызға келдік түсіңдер. Біз қандай аялдамаға келдік? «Шарларды өз себетіне жинаймыз»Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу.
IY.Сергіту сәті:
«Көбелектер әлемі» Мақсаты: Баланы тыныштандыру және қиялын дамыту
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ - қолдарын еркін созады. Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі жаймен дем алыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттары
ның қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңіздерші! Сендердің қанаттарың төмен - жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңіздер! Өздеріңізді жеңіл әрі керемет сезінудесіңдер! Алдарыңнан көздің жауын алатын әсем де керемет жайқалып тұрған гүлдер кездесті. Гүлдердің түсі әр түрлі. Қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түске барып қоныңдар. Иісі неткен керемет! Оның жұпар иісімен дем алыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Тобымызға қайта оралдық. Көзімізді жаймен ашамыз.
- Көз алдымызға көбелек елестеді ме?- Сен қандай түсті гүлді таңдадың?
Олай болса өздеріңе ұнайтын түсті гүлге көбелектеріңді қондыра қойыңдар
Балалардың таңдаған түсіне байланысты көңіл – күйлері анықталады.
Қызыл - қуанышты көңіл - күй
IY.Сергіту сәті:
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Шарларға баулар байла» Мақсаты: негізгі түстерді топтастыруға балаларды үйрету: қызыл, көк. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. «Шарларды өз себетіне жинаймыз» Шарты: Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу.
«Көліктерің дөңгелегін орналастыру»Шарты: Қақпақтар арқылы дайын көліктің дөңгелегін орналастыру. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
"Түрлі - түсті жолдан өтеміз" Шарты: аяқтағы кебіс түстеріне қарай түрлі-түсті жолдан өту. Жолдан өтіп орындықтарымызға отырамыз.
IY.Сергіту сәті: Ақ қанатты көбелек, Көп қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек. Біздің үйге келек кет.
III апта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).«Есте сақта және боя» Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.«Үйдің терезелерін саламыз» Балаларға геометриялық пішінді үйдің бейнесін беріп, сол үйдің терезелеріне өз-өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. «Кім тез табады?» ойыны Берілген дидактикалық материалдарды пайдаланып құрастырады.
"Не жоқ?" ойыны. (4-5 ойыншықты көрсете отырып,бір ойыншықты жасырып не жоқтығын сұрау) ."Өз орнын тап" ойын.Түстеріне қарай пазлдарды орналастыру. -Балалар, біз саяхаттап жүріп, түрлі тапсырмаларды орындап, өз бөбекжайымызға қайтіп келіп қалғанымызды тіпті байқамай қалыппыз.
IY.Сергіту сәті
IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).-Жұмбақ жасыру: Ағайынды бәрі: Шықса көк, түссе сары. (Жапырақ) «Түстерді тап» ойыны. Көк, қызыл. Түстерді қайталау. Қызыл, көк түстермен таныстыру. -Балалар бұл ненің суреті? -Дұрыс, алма, бұлт. Алманың түсі қандай? Бұлттың түсі қандай?
«Көліктерің дөңгелегін орналастыру» Шарты:Қақпақтар арқылы дайын көліктің дөңгелегін орналастыру. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
VI. Қорытынды.Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Күтілетін нәтиже: қызыл, көк түстерді ажыратуды үйренді.