«Зима 2025»

Жас химик - 2017

«ЖАС ХИМИК - 2017» сайысы

Мақсаты:

  • Студенттердің теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру;
  • Студенттерде ғылыми көзқарас қалыптастыру;

Студенттердің тіл байлығын,ой ұшқырлығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Атырау энергетика және құрылыс колледжі





«ЖАС ХИМИК - 2017»
Сыныптан тыс шара

Өткізген: биология-химия пәні оқытушысы Назарова Ш.Т.

















2017 жыл

«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз химия ғажайыптары»
М. Ломоносов.


«ЖАС ХИМИК - 2017» сайысы


Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті студенттер!!!

Елбасымыз өз жолдауында Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі ең біріншіден білім беру саласына қатысты екендігін қадап айтқан болатын. Алдыңғы қатарлы елдермен бәсекеге қабілетті болу үшін де сапалы білім болуға тиіс екендігі бұлжымас заңдылық. Сапалы білім – саналы ұрпақ. Ендеше, осы мақсатта оздырылғалы отырған «Жас химик - 2017» сайысына қош келдіңіздер!!!

Мақсаты:

  • Студенттердің теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру;

  • Студенттерде ғылыми көзқарас қалыптастыру;

  • Студенттердің тіл байлығын,ой ұшқырлығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

  • Қызықты сұрақтар

  • Ғылыми жоба қорғау

  • Химиялық тәжірибе көрсету

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайысқа қатысушы 1 курс 16 топ студенттерін ортаға шақырсақ(сайысқа қатысушылар таныстырылады).

  1. Артурұлы Жанболат

  2. Гариполлин Ержан

  3. Гиззатов Ернар

  4. Ескабулов Алтынбек

  5. Сидеғалиев Мейрамбек


Сайыс болған жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызға бақылау жасайтын тәуелсіз сарапшыларымызды таныстырып өтсек(сарапшылар таныстырылады).

1. Алиева А.Н – жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі жетекшісі, химия-биология пәні оқытушысы

2. Темірғалиев Р. – химия пәні оқытушысы

3. Орынбаева З.Б. – ағылшын пәні оқытушысы

4. Мырзабекова Б. – математика пәні оқытушысы

1-кезең. «Қызықты сұрақтар»

(Сұраққа толық жауап берген студентке 10 ұпай беріледі, толық жауап берілмесе ұпай саны кемиді)

  1. Алманы кескенде ортасы қараяды, неге деп ойлайсыз?

Жауабы: Себебі, алма құрамында темір болғандықтан, ол ауадағы оттегімен реакцияға түсіп тотығады.

  1. Сокты ашқанда газ неге бөлінеді?

Жауабы: Себебі сок құрамында көмірқышқыл газы болады, біз сокты ашқанда көмірқышқыл газы өте әлсіз болғандықтан ол ыдырап көмірқышқыл газы бөлінеді.

  1. Кальций қосылыстары неге жер қыртысында көп кездеседі?

Жауабы: Себебі, ол тірі организмдердің сүйектерінің құрамына еніп, сол арқылы жер қабатына түседі. Яғни тірі ағзалар өздерінің өмір сүруін тоқтатқанда шіриді, сондықтанда кальций жер қыртысында көп кездеседі.


  1. Дамыған елдерде ересек адамдар шайға кілт немесе шеге салып ішеді, бізде бұл құбылыс неге байқалмайды?

Жауабы: Себебі дамыған елдерде су келетін құбыр пластмасса немесе темірден басқа заттардан жасайды, сондықтанда организмге темір қажет болғасын кілт немесе шеге салып ішеді. Ал бізде су келетін құбыр темірден жасалады. Сондықтан бізде бұндай құбылыс байқалмайды.

  1. Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған?

Жауабы: Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар.

  1. Алюминийден жасалған ыдыстарда сода ерітіндісін және қышқыл сүт өнімдерін ұзақ сақтауға бола ма?

Жауабы: Болмайды. Себебі алюминий амфотерлі болғандықтан ол сода ерітіндісімен және қышқыл сүт өнімдерімен реакцияға түсіп кетуі мүмкін.


2-кезең. «Ғылыми жоба»

(Студенттер химиялық әртүрлі тақырыптар бойынша ғылыми жоба қорғайды. Толық ұпай 50)

1. Артурұлы Жанболат - «Химиялық элементтер – адам ағзасында»

2. Гариполлин Ержан - «Газдалған сусындар»

3. Гиззатов Ернар - «Химия және косметика»

4. Ескабулов Алтынбек - «Химиялық қалдық заттар»

5. Сидеғалиев Мейрамбек - «Сиқырлы отшашулар»

3-кезең. «Химиялық тәжірибелер»

(Студент кез келген өзіне ұнаған тәжірибесін көрсетіп, реакция теңдеуімен толық түсіндіруі қажет. Әр студентке 1 немесе 2 тәжірибе көрсетуге ғана рұқсат етіледі. Ұпай ортақ қойылады. Жоғары ұпай 40)


3-кезең. Марапаттау

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее