Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы | «Таным» | ||
Бөлімі | Жаратылыстану | ||
Тақырыбы | Ауа-райы (табиғатқа экскурсия) | ||
Мақсаты
Міндеттері: | Табиғат құбылыстарын бақылауға қорытынды жасауға үйрету. Себеп салдарлық сипаттағы сұрақтарды қоюға үйрету, қоршаған табиғатқа қызығушылығын ояту. Бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеуді бекіту.
| ||
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер | Суреттер, заттар, схемалар, көктем ағаштарының суреттері | ||
Әдіс тәсілдер | Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, жұмбақ, бақылау | ||
Сөздік жұмыс: | Көктем, табиғат, қорғау | ||
Билингвалды компонент | Көктем- spring; | ||
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | |
Мотивация- лық қозғаушылық | Үнтаспадан соққан желдің дыбысы естіледі. | Дыбысты тыңдайды.
| |
Ұйымдастыру-іздестіру | - Жел соғып кетті ғой. Қандай, неге соғып кетті екен. Үнтаспадан сөйлеп тұрған желдің даусы беріледі: -сендер өздерінді көптен бері мазалаған сұрағымды қойғым келіп тұр: Халық неге айтады, Туады деп көктемде?
Шығармашылық сәт - Ал, балалар, біз жауап тапқанша желдің іші пысып, біздің бөлмеміздің шашып тастамай тұрғанда оған бір ермек тауып берейік. Жел аспанды қалықтатып, батпырауық ұшырғанды ұнатады ғой. Оғанкөп батпырауық жасап берейік. Балаларды Өнер орталығына отырғызады, дайын батпырауық суретін боятады. -Енді желдің сұағанына жауап іздейік. «Көктемді көркейт» дидактикалық ойыны Тақтаға табиғат құбылыстарының суретін іледі. - Суреттің ішінен көктемдегі құбылыстарды тауып алайық. - Иә,балалар бәрін дұрыс айттыңдар. Бірақ көктемнің туғаның мен көрмей тұрмын. Бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі, Кіп кішкентай ағаштар. Үлкен болып өседі. «Төлін тап» үстел үсті ойыны Шарбақтың ішіндегі төлдерді шарбақ сыртындағы енесімен табыстырып, атын атау керектігін түсіндіреді. |
Сұрақтарға жауап береді.
Желдің сұрағын тыңдайды, жауабын ойластырады.
Балалардың жауаптары
Берілге үлгіге қарап, түрлі қарындашпен батпырауықты бояйды
Суреттерді таңдайды, құбылыстарды атайды, түсіндіреді.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Енесі мен төлдерін табады, атайды. | |
Рефлексивті –түзетушілік |
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды. | Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды | Көктемдегі табиғатта болатын құбылыстардың атауы. |
Түсінеді | Көктем мезгіліне қатысты айтылған сөздер мағынасын. |
Істей алады | Табиғатта болатын құбылыстардың себептерін. |