«Осень 2024»

Жаңашыл ұстаз (тренинг сабақ)

Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Жаңашыл ұстаз

(тренинг-сабақ)

Мақсаты: Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.

Міндеттері:

- Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;

- Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;

-Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.

Түрі: пікір алмасу.

Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.

Шарты: қатысушыларды топтарға бөлу. 

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз: Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

І.Танысу тренингі.

Мұғалімдер шеңберге тұрып бір-бірімен танысады. Әрбір қатысушы өз есімінің алғашқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Мысалы: Маржан – мейірімді, Әсем –әрекетшіл. 

Мұғалімдерді топқа бөлу. Алдарыңызда кітап, қоңырау және глобустың суреттері берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суретті таңдап, топқа бөлінулеріңіз сұралады. 

II. Постер қорғау.

Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

I топ. «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер».

Мақсаты: Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.

II топ. «Білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары».

Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.

III топ. «Мінсіз мұғалім ».

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.

ІІІ.Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.

Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.

1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

2-тапсырма. Шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген. 

Кілті:

1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады».

2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді».

3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...» 

ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!»

Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.

Жемістер: қарбыз, шие, қара өрік, шабдалы, жүзім, құлпынай.

Кілті: 
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік, батылдық керек.

Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес. Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

V. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Нұсқау: Сіздердің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаулықтың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқауға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды білдіріңіз.

1- жағдаят: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?

1. «Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».

2. «Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».

3. «Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғаліммен оқуың керек шығар».

4. «Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді».

5. «Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».

6. «Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?».

7. Өз ойы

2- жағдаят: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек?

1. «Шынымды айтсам, күмәнім бар»,

2. «Әрине, сен бұған күмәнданбай -ақ қой».

3. «Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін».

4. «Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?».

5. «Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық».

6. «Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істегенімізге байланысты».

7. Өз ойы

3- жағдаят: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектіген айтыңыздаршы». Мұғалім не деуі керек?

1. «Меніңше, сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты»

2. «Бұған алаңдайтын еш нәрсе жоқ»

3. «Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын жағдайды тереңірек біліп алуым керек»

4. «Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып, бұл жағдайға қайтып оралайық»

5. «Мен саған қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек.»

6. «Алаңдама, менде де, сендей кезімде дәл осындай қиындық болған»

7. Өз ойы

VІ. Қорытынды ой. Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», - деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

VІІ. Рефлексия. (кері байланыс). 

I топ. «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер» 

II топ. «Білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары» 

III топ. «Мінсіз мұғалім» 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее