«Осень 2024»

Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Жаңа жылға арналған ертеңгілік «Орман аңдарында қонақта»

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Жаңа жылға арналған ертеңгілік

«Орман аңдарында қонақта»

2 «Батыр» санаторлық балабақшасы КМҚК

Смагулова Айбике Темохановна

Құралдар: Ақ қарлар, шамдар, жылтыр түрлі-түсті желдеткіштер, Ойыншық аққала шыршада ілінген, аққала қолына қап ұстау, метолофон,

Кейіпкерлер: Жүргізуші; Ақшақар; Аққала; Қоян; Түлкі; Аю; Аяз ата

Балалар: Орман аңдары

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да,
Қол соғып қарсы алайық.
Шақырайық ортаға,
Ертеңгілік басталсын,
«Күншуақ» тобында!

Кіру «Шырша, тікенекті шырша».
(Балалар келіп шыршаны айналып, шырша алдына шашырап түрып билейді.) қолдарына жылтыр желдеткіштер.

Шыршаны айналып қарастырады

Жүргізуші: Шырша дейміз елканы,
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық,
Шыршада көз тартады!

Шырша тұр ғой көнілсіз,

Сабақтары салбырап,

Біз көңілін көтерейік,

Мен бір құпия айтайын!

Қайталаңдар менімен, (шапалақтап, топылдатады)

«Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат!» (3 рет айту керек)

(Шапалақтап, топылдатады. Шырша шамдары жанады).

Егер шырша шамдарын сөндіргілерің келсе, біз жай ғана үрлейік.

Балалар шыршаға үрлейді, шамдары сөніп қалады. Ойын 2-рет қайталанады

Жүргізуші: Ал енді кім шыршаға арнап тақпақтар айтып береді?

Заира: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Нұржігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.



Айзере: Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Шұғыла: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.

Хоровод «Орман аңдары» орындалады. (хороводтан кейін балалар отырады).

Жүргізуші : Шыршады тұр ілініп ойыншық аққала.

Бірақ, мерекеде бір керемет болатыны барлығына белгілі

Сыйқырлы әуен. Сыйқырлы әуен ойналады.

Қоңыраулар соғады.

Жүргізуші қолындағы ойыншықты бұрады, таспада қоңыраулар дыбысы естіледі, шыршаның артынан аққала шығады. Қолында керемет қапшық бар. (Атрибуттар).

Аққала: Мен секіріп түстім шыршадан!

Әзілқоймын мен сондай!

Жүргізуші: Кел аққала бізбенен.

Би билеп, көңіл көтер!

Шеңбер құрып тұрайық!

Аққаланы ортаға шақырайқ

Аққала: Сендер менімен ойын ойнайсындар ма?

Келіңдер ойын ойнайық

Ойын «Ақ қарлар!»

Аққала: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата қайда екен?

Жүргізуші: Ия, расында Аяз ата қайда екен?

Бар, Аққала Аяз атаны шақыр, тезірек келсін.

Аққала кетеді.

Сыйқырлы әуен естіледі.

Жүргізуші: Сендер сыйқырлы әуенді естіп тұрсыңдар ма? Әуен анау қарлы үйден шығып тұрған сияқты. Жүріңдер қасына барып көрейік, кім тұрады екен. (Қағады, бірақ ешкім шықпайды. Жүргізуші таяқша алып мұзды қағады, осы кезде Ақшақар металлофонды балғамен қағады. Балалар таң қалады).

Жүргізуші: Ал енді барлық мұздарды қағайық. Мұзардан қандай әдемі әуен естіледі. Кім үйде тұрады екен? Білем. Осындай әдемі үйде Ақшақар тұрады. Оны шақыру керек. Ақшақар! (Балалар шақырады).

Ақшақар.

Ақшақар: Естідім, естідім! Келе жатырмын, келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Ақшақармын, Аяз атанын немересі. Сендер қандай әдемі киінгенсіңдер! Мен де мерекеге арнап киіндім. Сендерге менің әуенді үйім ұнады ма? Мұздар қоңыраулар сияқты сыңғырлап тұр.

Мен өз Мұзды үйімді жинадым. Рахмет шақырғандарыңа.

«Орманда туды жас шырша» хоровод

Ақшақар: Өлеңді жақсы айтасындар. Аяз атаға бірге барамыз!

Жолда адасып кетпес үшін фонарларды аламыз.

«Би кішкене шамдар» орындалады

Жүргізуші: Енді барлығымыз би билеп, ойын ойнап, көңілімізді көтерген сияқтымыз.

Ақшақар: Балалар қараңдаршы, біздің шыршада қандай әдемі қоңырау ілініп тұр. Мүмкін, бұл қоңырау сыйқырлы шығар: егер қоңырауды шылдырлатсам – қонақтар келеді. Көңілді болу үшін қонақтар шақырайық?

Ақшақар қоңырауды соғады. Қоян жүгіріп келеді.
Қоян
.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен орманнан келдім,
Сықырлаған қарменен.
Түлкіден қатты қорқамын,
Сендер мені қорғаңдар.
Ақшақар: Қорықпа, қоян, қорқақ қоян, сақ қоян! Біздің мерекеде жақсы, сені ешкім ренжітпейді.
Қоян: Мен онда балалармен бірге қалып, оыйын ойнап, би билеп, көңілімді көтеремін

Аяз атаны тосам. Рұқсат бересіңдер ме?
Ақшақар: Әрине, Қоян, қал бізбен! Сен қандай күштісін, аппақсың, жұмсақсың! Сенімен өлең айтып, би билейік пе?
Қоян. Ия, қуанышты боламын.
Ойын «Сырғанақ тебу».


Ақшақар: Қалай көңілді!
Жүргізуші: Біз бүгін барлық достарымызды мерекеге шақырамыз!

Жүргізуші қоңырауды соғады. Түлкі жүгіріп кіреді.

Жүргізуші: Ах, қандай қу түлкі, сен біздің ақ қояндарды ұстап алайын дедің бе!
Түлкі: Жоқ ол не дегеніңіз! Мен сендермен ойын ойнауға келдім.
Мен қасқырдан естідім,

Мереке деп сендерде

Мен түлкі сіңілдеріңмін,
Құйрығымды мақтан етем,
Көңіл көтеруге келдім мен.

Ақшақар: Рахмет саған, Түлкі сіңілім! Балалар келіңдер түлкімен ойнайық!

«Қояндар мен түлкі». Ойын

Жүргізуші: Балалар ойын ойнадық, енді өлең айтып берсек қалай қарайсыңдар (жекелеме ән) Еркеназ, Азиз, Анель, Айбек

Өлең «Жаңа жыл» жекелеме ән
Жүргізуші:
Қызық, сыйқырлы қоңырау тағы кімді алып келеді екен?

Жүргізуші қоңырауды соғады. Аю кіреді.

Аю: Балалар мені таныдыңдар ма?

Мен – аюмын, сендерді сағыныдым. Мен маймақпын, қорбандаймын. Орманда тәтті ұйықтап жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естідім де ояндым. Ұйқыдан мен шаршадым. Сендермен біраз көңіл көтерейін!

Ойын «Жолдармен».

Ақшақар: Біз Аяз атаны тосып, барлығымыз бірге шақырайық.

Кейіпкерлер: Біз де Аяз атадан сыйлықтар алғымыз келеді.

Аяз атаны шақырады.

Әуен ойналады, Аяз ата келеді.

Аяз ата: Құтты болсын, балалар!
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Жүргізуші: Аяз атаға арнап өлең айтып берейік


Хоровод «Аяз ата».

Аяз ата: Рахмет, сендерге балалар. Өлеңді жақсы айтасасыңдар. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Қатырамын»

Мерей: Киіндік ұл мен қыз Мансур: Ақ қырауға малынған
Аң болып, жан болып Сақалы да, мұрты да
Танымай тұрсын деп Аяз ата сағынған
Досымыз таң болып. Сәлем берді жұртына

Шыңғыс: Жаңа жылға сәніміз Бақдаулет: Жаңа жылда жаңаша
Біздің айтар әніміз Тақпақ айтамыз.
Келдің бе аман алыстан Болсын риза балаша,
Сәлем, Аяз атамыз. Аппақ Аяз атамыз.

Амина: Жаңа жыл, жаңа жыл Әділжан: Қандай әсем шартарап
Сені күттім елеңдеп Шаттық күйге бөлеп тұр
Өзіңменен ілесіп Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келер деп. Аяз ата келіп тұр.

Әсел:Далада қар борайды Сыздыков Е, Әсем: Аяз ата аппақ,
Ақ мамыққа орайды Кәмпиттері тәтті – ақ!
Мұз болады қатады Маған кәмпит көп берсең,
Жылтырап жатады. Тағы айтамын тақпақ.


Аяз ата: Рахмет, сендерге, балалар!

Жаңа жылдарыңмен ұлдар және қыздар!

Кел кішкене ойнайық.

Жүгірсін біздің аяқтар

Ойын «Сыйқырлы омбы қарлар».

Аяз ата: Қандай керемет, көңілім көтерілді.

Ақшақар: Аяз ата Сыйлықтарды ұмытпадын ба?

Жүргізуші: Біреу шақырады. Қане көрейік кім екен?

Шұбар ала тауық келді

Балаларды жана жылдарымен құттықтайды. Балаларға киндер сюрприз сыйлайды

Дед Мороз: Сыйлықтарынды іздеуге Ақшақар көмектесші, сыйқырлы таяғым қане жолды көрсет. Сыйлықтарды табады.

Аяз ата: Сендер қуаныштысыңдар ма балалар? Өте жақсы! Ал енді бізге қайту керек, бізді басқа балалар да күтуде. Сау болыңда!.

Ақшақар: Сау болыңдар!

Аяз ата мен ақшақар қайтады.











6



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее