Тақырыбы: Жақсы мінез-жанға қуат
Мақсаты:1.Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;
2.Мінездегі жетістіктер мен кемшіліктерді ажырата білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
3.Оқушыларды жақсылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы:Оқушыларды топқа бөлу.1-топ: Талап 2-топ: Еңбек 3-топ: Терең ой
Психологиялық икемділік: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Кіріспе.Мұғалім сөзі:Адамгершілік қасиеттер өз бойыңдағы жақсы мінез-құлық ,жақсы әдет,жақсы әдептен құралады.Ол ананың ақ сүтімен ,әкенің үлгі- өнегесімен,ата-әженің берген тәрбиесімен бойыңа сіңеді.Мектептегі ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандықтың айырмасын танып білуге,сіздердің бойларыңызға жақсы мінездің қалыптасуына ықпал етеді.
Негізгі бөлім.Мінез адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.Мінез грекше «характер» деген мағынаны білдіреді.- Балалар,мінездің қандай түрлері болады деп ойлайсыңдар? Құндыз: Жақсы,жаман мінездер болады.
Балалар жауаптары күн шапағына жазылады. Жақсы мінез
бауырмалдық
имандылық
мейірімділік
әдептілік
дөрекілік
өзімшілдік Жаман мінез
тәкаппарлық
қызғаншақтық
Адам адамнан жақсы мінезі,жақсы қасиеттері арқылы ғана ерекшелене алады.
Құндыз:Мінездер бар жақсы,жаман сан алуан,
Әдептілік,әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Жұлдыз:Жақсы мінез,жылы сөз жан дәруі,
Адамның мұны керек аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп,тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып,сандалуы.
Балалар,өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіздер ме? Адам өз бойларындағы жаман мінездерін түзеуге болады ма?Бұл туралы данышпан Абай атамыз не деген екен?
«Адамның мінезін түзетуге болмайды деген адамның тілін кесер едім» деген.Олай болса,мінезді түзетуге болады деген қорытындыға келеміз.
Рамазан: Ойға түстім,толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым
Тексеруге ойландым.
Қонысбек: Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен,өзіңнен.
Бексұлтан:Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы.
Тренинг «Өзіңді таны». Оқушылар өздерінің жағымды,жағымсыз мінездерін парақшаларға жазады.Жекелеген оқушылар өз пікірлерін білдірген соң,жағымсыз қасиеттерінің үстінен сызады.
Адам мінезін көбінесе өзін өзі тәрбиелеу арқылы түзейді деген қорытындыға келеді.Мінезді түзетудің басқа да әдіс- тәсілдері бар ма?
Түсіндіру
мадақтау
Мінезді түзету әдістері көрсету
Өзін-өзі тәрбиелеу
әңгімелесу
1-топ:«Кешірім»
2-топ: «Ата мен немере»
3-топ: «Әке мен бала»
Мінезді тәрбиелеуде қазақы дәстүр мен қазақы мінездің мәні зор.Оқушылар алфавит ретімен қазақы мінездерді сипаттайды.
Дария:Ақкөңілділік мінез тәлімі.Адам баласына тек жақсылық ойлап,оған адамгершілік пен жақсылық жасауға бейім ақжарқын,аялы нұр көрсететін ұлттық мінезді ақкөңілділік мінез дейміз.
Аяулым:Әдептілік мінез тәлімі.Баланың әдептілік мінезін қалыптастыру үшін халық оны тілі шыға бастағаннан ақ ,жаман мен жақсыны ажырата көрсетіп,мінездегі әдептілікті үйретеді.
Айшат:Байсалдылық мінез асықпауды,ақылға сенуді,сабырлы әрекетті,түбін ойлауды көрсететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін биіктетеді. «Байсалды болса мінезің,бақыттысың сен өзің» деп халық бұл мінезді жоғары бағалаған.
Айбек:Бауырмашыл адам қайырымды болады.Ол жақын адамдарға әрқашан көмек көрсетіп,қиындығын бөлісіп,шаттығын бірге көреді.
Назгүл: Зиялы мінез тәлімі.Зиялы адамдар ұлттық мінез құлықты ,ұлттық әдепті бойына сіңірген әдепті адамдар.
Қонысбек:Кішіпейіл адам кішіні сыйлайды,үлкенді құрметтейді.Ол үлкендігін,мансабын бұлдамайды.Жаны жарқын,сөзі жылы,жайдары бейнесімен жұртты сүйіндіреді.
Аяулым:Қайсарлық мінез тәлімі.Қайсар адам шындықты айтады.Қайсарлықтың белгісі батылдық.Батыл адам қиындықтан қымсынбайды,жақсыны жанындай бағалайды.
Нұршат:Иманды адам- инабатты адам.Ол басқа адамның қасиетін бағалайды,арын ардақтайды. «Иманы бардың сыйламы бар»деп халық оны жоғары бағалайды.
Жазира:Парасатты мінез тәлімі .Сабырлылық,инабаттылық,әдептілік сияқты жоғары қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлғадан парасатты мінез келіп шығады.
Нақыл сөздер.Әр топ өздеріне берілген нақыл сөздердің мағынасын ашады.
Мал аласы сыртында,адам аласы ішінде.
Мінез -жанның айнасы.
Жақсы мінез- өсіреді,жаман мінез -өшіреді.
Тренинг «Бәрі менің қолымда,бәрі маған байланысты» Оқушылар өз аттарының алғашқы әріптеріне жақсы мінез қосып айтады, «Шаттық шеңберін» жасайды.
Хормен «Біз бақытты баламыз» әні.
Қорытынды.Болашақта ұлы істерді меңгеретін жақсы азамат боламын десеңіздер,бойларыңыздағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп,халқымыз айтқандай «мінезге бай»болыңыздар.
Қаражанова Маржан жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы