«Осень 2024»

Жай бөлшектерді қосу

Қысқа мерзімді жоспар математика пәнінен 5 сыныпқа арналған

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 А Жай бөлшектерге амалдар қолдану



Мектеп:

Күні Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 5 Қатысқандар- Қатыспағандар-0



Сабақтың тақырыбы

5.2 А Жай бөлшектерді қосу

Ресурстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.17 Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосуды орындау:

5.1.2.18 Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосуды орындау:



Сабақтың мақсаты

Оқушыладың бәрі:

Жай бөлшектерге амалдар қолдануды түсіне алады;

Оқушылардың көпшілігі біледі:

Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосудың ережесін пайдаланып, есептер шығара алады;

Оқушылардың кейбірі біледі:

Жай бөлшектердің қасиеттерін пайдаланып күрделі есептер шығара алады.


Бағалау критерийі

Жай бөлшектерге амалдар қолдану алгоритмін түсінеді;

Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосудың ережесін пайдаланып, есептер шығарады;

Жай бөлшектердің қасиеттерін пайдаланып күрделі есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

  1. Тілдік; Оқушылар жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритімін түсіндіре алады.


  1. Пәнге тән лексика және терминология: жай бөлшек, алымы,бөлімі,бөлшек сызығы, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.

  2. Жай бөлшектерді қосу және азайту.

  3. Диалог:

-Дұрыс,бұрыс бөлшек дегеніміз ......

-Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу .......

-Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үшін.........

-Жай бөлшек дегеніміз ............


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы.

Ынтымақтаса жұмыс істеуге,бірін-бірі құрметтеуге,өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс

Жаратылыстану


Алдынғы білім

Жай бөлшек ұғымы қалыптасты. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады ,ең кіші ортақ бөлімге келтіреді. Жай бөлшектерді қысқартуды біледі.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



4 мин

-Сәлемдесу

-Жоқ оқушыларды белгілеу

-Сынып тазалығын қадағалау

«Топқа бөлу». Стикерлерге жазылған сандар бойынша. /Жеңіл тапсырмалар: жауаптары дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және натурал сандар/

Стикерлер

5 мин

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша топтарға ортақ ауызша есептер беріледі.

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек ....бөлшек деп аталады. / дұрыс/

  2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек немесе тең бөлшек....бөлшек деп аталады. /бұрыс/

  3. Бөлшектің алымын да,бөлімін де олардың ортақ бөліміне / 1-ден өзге/ бөлуді... деп атайды./ қысқарту/

  4. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан ....деп атайды. /аралас сан/

  5. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу үшін .../алымын бөліміне бөледі бөлінді бұтін бөлігі,қалдық алымы,бөлімі өзгеріссіз жазылады /

  6. Шаршының қандай бөлігі боялған ... , қандай бөлігі боялмаған


Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау»


А4 және АКТ-құралы.









Шаршы суреті.














Сабақ ортасы


7 мин










7 мин









2 мин















5 мин









5 мин










6 мин
















Сабақтың соңы.


4 мин













«Конверттегі есептер». әдісі «Топтық жұмыс»

Топтың бір мүшесі келіп конверттегі есепті алады, топ болып есепті шешеді.

І. Тапсырма . Амалдарды орында.

1. 1/6+3/6

2. 5/6+2/3

3. Теңдеуді шеш: 9/16-х=1/2

4. Бірінші күні жолдың 1/7-і, ал екінші күні 2/7-і асфальтталды. Жолдың қандай бөлігі асфальтталмаған?

Қалыптастырушы бағалау . «Шапалақ»




ІІ. Тапсырма . Амалдарды орында.

1. 3/8+5/8

2. 7/15+2/5

3. 5/6+1/4

4. Теңдеуді шеш: ½+х=23/24

5. Назгүл кітаптың 2/5-сін оқыды, содан соң тағы 1/5-сін оқыды. Ол кітаптың қандай бөлігін оқыды?

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ»


Сергіту сәті: « Қозғалыс ойыны »әдісі.

Әдемі «Қаражорға» әні арқылы оқушылар ортада билеп жүреді, музыка тоқтаған кезде әр топ өзінің шеңберіне орналасу керек, шеңбердің сыртында қалып қойған оқушы шеңберден шығады.Осылай 2-3 рет қайталанады.

Қалыптастырушы бағалау арналған тапсырмалары

Бағалау критерийі: Білім алушы

-Жай бөлшектерге амалдар қолдану алгоритмін түсінеді;

-Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту ережесін пайдаланып, есептер шығарады;

-Жай бөлшектерге амалдар қолдану алгоритімін пайдаланып, мәтінді есептер шығарады.

Ойлау дағдыларының дейгейі:

Білу, түсіну, қолдану

Жұптас-ойлан-бірік әдісі

І- тапсырма

Амалдарды орында

  1. 2/7+1/3

  2. 3/8+5/24

  3. (3/8+1/9)+25/36

Дескриптор:

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосады;

  • Ортақ бөлімге келтіреді.

ІІ- тапсырма

Амалдарды орында

  1. 5/6+7/8

  2. 3/5+1/7

  3. (7/8+13/200)+9/10

Дескриптор:

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосады;

  • Ортақ бөлімге келтіреді.


ІІІ-тапсырма

Мазмұнды есептер

1.Домбыра басы 1/10 м, мойны ½ м, шанағы 2/5 м. Домбыра ұзындығы неше метр?

Дескриптор:

  • Ортақ бөлімге келтіреді;

  • Бөлшектерді қосады;

  • Домбыра ұзындығын табады.


2. Санды 5/12-ке арттырғанда, 17/36 бөлшегі шықты. Арттырылған санды табыңыз?

Дескриптор:

  • Теңдеу құрады;

  • Амалдарды орындайды;

  • Теңдеуді шешіп, жауабын жазады.


Кері байланыс

«Түртіп ал» әдісі арқылы кері байланыс жасаймыз.


1

Бұл сабақ мен үшін түсінікті және пайдалы


2

Кейбір жерлері аздап түсініксіз


3

Әлі де еңбек етуім қажет


4

Ия, қиын бірақ оқимын














А.Е.Әбілқасымова

Математика 5



































Т.А .Алдамұратова

Е.С.Байшолақов

Математика 5








Саралау





Бағалау


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау


Топ тапсырмалары берілгенде топ ішіндегі әр оқушы қабілеттері сараланады. Кейбіреулер үшін қосымша есептер ұсынамын .

Белсенді оқу тәсілдері

«Миға шабуыл», «Топқа бөлу» әдістерін пайдаландым.

Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Мадақтау», «Басбармақ», «Шапалақ»






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее