«Осень 2024»

Зат мөлшері. Мольдік масса

Оқушыларға зат мөлшері және мольдік масса туралы ұғымды түсіндіріп, есептің шығару жолдарын ұғындыру

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: Химия 8 сынып сабақ № 8

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Зат мөлшері. Мольдік масса

Мақсаты

Оқушыларға зат мөлшері және мольдік масса туралы ұғымды түсіндіріп, есептің шығару жолдарын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

Білу:  Зат мөлшері және мольдік масса туралы есепті шығару арқылы біледі. (барлығы)

Түсіну: Оқушылар топ болып жұмыс жасау арқылы зат мөлшері мен мольдік массаны түсінеді. (көпшілігі)

Қолдану: Зат мөлшері және мольдік массаға байланысты есептер шығарады. (кейбіреуі)


Сабақтың түрі

аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері

сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс

Керекті жабдықтар

Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық.

Тірек білім мен біліктер


атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді.

Химиялық диктант 


Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады: плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум, карбонеум, нитрогениум, станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

ІІ. Білу


 1.   Заттың құрам тұрақтылығы дегеніміз не?

 2.   Темір сульфидінде темір мен күкірттің тұрақты масса қатынасы қандай?

ІІІ. Түсіну

Мағынаны тану

Зат мөлшері. Мольдік масса

Алдын ала  әрекеттесетін   заттар мен  одан  алынатын  өнімнің  құрамы   тұрақты  болады. Химияда  заттың  өлшемі  ретінде алынатын  физикалық  шама – зат  мөлшері  болып  табылады. Ол мольмен  өрнектеледі. Заттың  әр  молінің  массасы  молярлық  масса деп  аталады.  Ол  үлкен М әрпімен  белгіленіп, г/мольмен  өлшенеді.  Молярлық  масса зат  массасының,  оның  мөлшеріне  қатынасымен  өрнектеледі.  Оның  мөлшері ν (ню) әрпімен жазылады. Заттың  молярлық  массасы  сан  жағынан  оның  салыстырмалы  молярлық  массасына  тең  болады. Мысалы: Мr2О) = 18 болса  М  2О) = 18г/моль  болады.  Ал  ендеше 2 моль судың  массасын  табу   үшін мынадай  формуланы  қолданамыз.

 ν   =  —  → m = M ∙ ν   

  m = М  2О) ∙2 моль = 18г/моль ∙ 2 моль = 36г

Зат мөлшерінің бірлігі –моль –сол   заттың  бір  молекуласы 6,02∙1023 бөлшек  саны болса оны  Авогадро  саны  деп  атайды. Егер   Авогадро  санына  моль-1  бірлігін  қосып  жазса, онда  Авогадро тұрақтысы деп  аталатын  (NА) әрпімен  жазылады. Олай  болса   NА = 6,02∙1023 моль-1  атом  болады. Авогадро  санын   есте  сақтау  керек. Авогадро  санын  заттың  молекуласын  табу  үшін  қолданады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол  Авогадро  санын  зат  мөлшеріне  көбейткенге  тең.

Формуласы  N = ν ∙NА    Барлық формулаларды  немесе  тұрақты  санды  есептер  шығару 

үшін  қолданады.

ІV. Қолдану


  1. Массасы 112г темір неше моль болады?

  2. Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?

  3. Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?

  4. Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

  5. Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

  6. Мөлшері 0,5 моль судың массасын есептеп шығарыңдар;

V. Талдау


1.      Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

2.      Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?

3.      Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?

4.      Зат мөлшері қалай белгіленеді?

5.      a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?

      б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?

6.      Үш молекула су қанша моль болады?

VI. Жинақтау


Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль.

Моль – берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері.

Ол ν(ню) әрпімен белгіленеді.

Құрылымдық бөлшектер саны Nәрпімен белгіленеді.

Заттың молярлық массасы – М

Зат массасы – m

Зат мөлшері - ν(ню)

«Заттың молярлық массасы М зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шама» деген анықтаманы оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

М=m / ν

VII. Қорытынды


Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекітуге болады:

1. Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

2. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?

3. Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?

4. Зат мөлшері қалай белгіленеді?

5. a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?

VIII. Үй тапсырмасына нұсқау беру

а) тақырыпты оқу

б) төмендегі есептерді шығару

1) 0,2 моль азот қанша көлем алады?

Жауабы: 4,48 л.

2) Массасы 23,4 г натрий сульфидінің зат мөлшерін

есептеңіздер.

Жауабы: 0,3 моль.

3) Көлемі 67,2 л азоттың (қ.ж.) массасын есептеңіздер.

Жауабы: 84 г.

Рефлексия


«Рефлексиялық нысана» секторларына стикер арқылы  сабақтан алған әсерлерін жазады.











 
















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее