«Осень 2024»

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан

Мақсаты:

1.Халықтар арасындағы достық ұғымы туралы оқушыларға түсіндіру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2. Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

3. Тапсырмалар арқылы сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»

Мақсаты:

1.Халықтар арасындағы достық ұғымы туралы оқушыларға түсіндіру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2. Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

3. Тапсырмалар арқылы сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;

Көрнекілігі: достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, бейнефильм, презентация.


Барысы:

1)Психологиялық ахуал орнату:

«Әр түрлі халықтардың амандасуы»


2)Бейнефильм «Халық бірлігі»

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Міне, біз бүгін оқушылардың білім алу және халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған тәрбие сағатын сұрақ-жауаппен бастағым келіп тұр:

1-

1.Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)

2. Салтанатты ән ( әнұран)

3. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)

4. Қазақстанның алғашқы астанасы?( Орынбор)

5. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992ж 4 маусым)

 

2 –

1. Ынтымақ бірлігін ата? (Ынтымақ достықтың бірлігі )

2. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.)

3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?(Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап)

4. Желтоқсан көтерілісі өткен қала. (Алматы)

5. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметі 1-ші рет қай жылы мейрамдады?(1918 ж)


3) «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-бірімен жылы мейірман, кең пейілділікті, достастықты өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі сәлемдесуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Олай болса әр елдердің бір-бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.


4) «Достық пен туысқандық», «Ынтымақ пен ырыс» сөздеріне сурет салу


5) «Бірлік» күніне орай тілек

Қорытынды:

Аңыз:

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее