Пәні: информатика Сыныбы: 7 Пән мұғалімі: Габдуллина Л К
Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға үйрету, соның ішінде үзіндіні көшіру, жылжыту, көбейту, бұру және еңкейту жұмыстарын жасауға баулу;
2) Дамытушылығы: Оқушы бойындағы шығармашылық қабілеті мен қасиеттерін дамыту;
3) Тәрбиелілігі: Ептілікке, татулыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың типі: Практикалық
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, парақшалар, суреттер, семантикалық карта, кестелер, сұрақтар;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: 1) Оқушыларды түгелдеу;
2) Психологиялық дайындық
І. Қызығушылықты ояту: 1) «Ой қозғау» стратегиясы Сұрақ- жауап кезеңі:
1. Редактордың қандай командаларын білесің? 2. Орындатпау командасы туралы айтыңдар 3. Қайталау командасының әрекеттері қалай жүзеге асады? 4. Суреттерді қалай сақтайды? 5. Суретке мәтін кірістіру жолдарын көрсет
2) Үй тапсырмасын қорытындылау: «Галереяға саяхат» стратегиясы
«Жұмбақтар әлемі» Жұмбақтар шешу кезеңі
ІІ. Мағынаны тану: 1) Жаңа сабақты түсіндіру
§25 Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі.
1)Белгілеу құралы 2)Ерікті аймақты белгілеу құралы
Үзіндіні таңдағаннан кейін орындауға болатын әрекеттер:
1 Алмасу буферіне қиып алу
2 Алмасу буферіне көшіру
3 Осы суретті басқа жерге апару
4 Берілген суреттің өлшемінде көшіру
5 Оны сурет бойынша «көбейту»
6 Пішіні мен өлшемін өзгерту
7 Өлшемін өзгерту
8 Төңкеру мен кері бұру
9 Түсін өзгерту
10 Өшіру (жою)
Түстер палитрасын өзгерту Палитра-- Изменить палитру
Суретті баспаға беру Файл -- Печать Файл -- Предворительный просмотр
2) Жаңа тақырыпты бекіту: Практикалық жұмыс жасау кезеңі
а) Үзіндіні бейнелеу, көшіру, апарып қою, жылжыту және өлшемін өзгерту дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар.
1) Фон беру 2) Суретті салу 3) Үзіндіні көшіру, қою
ә) Үзіндіні көбейту және өшіру (жою) дағдысы бойынша тапсырмалар.
1) Үзіндіні бөліп алу 2) Дұрыс команда беру арқылы жұмысты атқару
«Көңілді тапсырмалар» кезеңі
«Адасқан сөздер» Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі. |
Бұл құралмен ерікті түрдегі үзіндіні белгілейді. |
Бұл құралмен төртбұрышты үзіндіні белгілейді. |
Сергіту кезеңі: «Дене мүшелерімен сандарды жазу»
б) Үзіндіні бейнелеу немесе бұру дағдысына үйрену кезеңі
1) Интернет желісін пайдаланып, сурет көшіріп алу, оны жұмыс аймағына орналастырып,
РИСУНОК ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командасын орындау арқылы суретті бұру және бейнелеу,
ал созу/еңкейту жұмыстарын РИСУНОК РАСТЯНУТЬ/НАКЛОНИТЬ командалары арқылы орындату.
ІІІ. Ой толғаныс « Шығармашылық» кезеңі
Өздеріңізге ұнаған тақырыпты таңдап, сурет сал.
«Желкенді қайықтар» «Жолақты өрнектер» «Матрешкалар»
«Гүлдер» «Балықтар» «Көбелектер»
Сабақты қорытындылау:
1. Paint графикалық редакторының қызметі қандай? 2. Редактордың терезесі қандай элементтерден тұрады? 3. Paint редакторында қанша құрал бар? 4. Белгілеу құралдарын ата. 5. Сурет салуға арналған құрал түрлері қандай? 6. Түспен тікелей байланысты құралдар бар ма? 7. Сурет салуда қолданып жүрген сызықтың қай түрлерін білесің? 8. Фигуралардың қандай түрлерімен сурет сала аламыз? 9. Құрал таңдаған соң олармен қандай өзгерістер жасай аламыз? 10. Суретке мәтін кірістірер бұрын қандай әрекеттер жасалады? 11. Тағы қандай құралдарды атай аласың? 12. Суреттерді қалай сақтайды? 13. Сақталған суретті қалай ашуға немесе табуға болады? 14. Редактордың қандай командаларын білесің? 15. Үзінді деген не? 16. Белгілеу құралын пайдаланып үзінділерге қандай өзгерістер жасауға болады? 17. Түстер палитрасындағы түстерді өзгертуге болады ма? 18. Суреттің өлшемін қалай өзгертуге болады?
Үйге тапсырма: §25 Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
«Колейдаскоп» тақырыбына өз ойынан сурет салу, мәтін енгізу;
Бағалау