Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тараулары: Экология
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту. Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, эксперимент,ой-толғау, тірек сурет, ойын, жапсыру, құрастыру, пиктограмма.
Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген.
Сөздік жұмыс: Жапалақтап, үлпілдек.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты слайд, қыс көрінісіні, шырша, қар, мұз, жұмбақтар.
Құрал – жабдықтар: Тіс пастасы, желім, мақта, сүлгі, үлгі сурет, аққаланың пішіндері, үлгі сурет, пішіндер, фланелеграф.
Пәнаралық байланыс: Шығармашылық. Таным. Коммуникация.
Қолданылатын технология: Монтессори, модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық.
Таңғажайып сәт: Аққаланың келуі.
Танымды оятушылық:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады)
Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер шешімін тауып көріңдерші?
Ой – толғаныс әдісі.
Жұмбақ
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны?
Аққала.
Таңғажайып сәт. Аққала келеді.
Балалар, бізге қонаққа аққала келді. (әуенмен)
Аққаламен амандасайық.
Балалар аққаламен амандасады.
Балалар, аққаланы неден жасаймыз?
Қардан жасаймыз.
Аққаланың түсі қандай?
Аққаланың түсі ақ.
Аққала қандай пішінге ұқсайды?
Дөңгелекке ұқсайды.
Аққала бізге бос келмепті, өзімен бірге қар алып келіпті.
Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.
Жылы алақанымызға салғанда неге айналатынын көрейік.
Эксперимент жасайды.
Пиктограмма әдісі.
Балалар қарды алақандарына салады. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қар неге айналып кетті?
Суға айналды.
Енді осы суды суыққа шығарсақ мұзға айналады екен.
Мұзды көрсету.
Балалар, мұз қандай екен?
Суық, жылтыр, қатты.
ІІІ. Жаңа тақырып:
Кіріспе:
Балалар, біз бүгін сендермен қыс қызығы туралы әңгімелесеміз.
«Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық.
Тірек сурет әдісі.
Слайдты көрсете отырып сұрақтар қою.
Балалар, жылдың қай мезгілі екен?
Қыс.
Қыс екенін қайдан білдіңдер? (жекелеме баланың жауабы)
Қыста қар жауады. Күн суық болады.
(Боранның дауысы естіледі)
Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
Шанамен сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.
Сергіту сәті:
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Негізгі бөлім:
Топтық жұмыс.
Балалар, біз енді үш топқа бөлінейік.
І топ «Шырша» тобы – қардың суретін салады.
Мақсаты: Тіс пастасын пайдалана отырып, қағаз бетіне саусақпен бастыру, қағазды бүктеу арқылы екі бетіне қардың суретін салғызу.
ІІ топ «Ұлпа қар» тобы – мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсырады.
Мақсаты: Қағаз бетіне мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсыра білуге үйрету.
ІІІ топ «Аққала» тобы – аққаланы құрастыру.
Мақсаты: берілген матаға дайын пішіндерден аққаланы құрастыра білуге үйрету.
Балалар, аққала сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Аққаламен ойын ойнайық па?
Иа.
Аққала:
Балалар, сендермен қар лақтырысып ойнайық?
Қимылды ойын «Қар лақтыру».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір – бірлеріне қар лақтырады.
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа дағдыландыру.
Оқу қызметін қорытындылау:
Балалар, қыс несімен қызықты?
Қыста қар жауады. Біз қармен ойнаймыз. Сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.
Балалардың білімін бағалау:
Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. Аққаланың сендерге әкелген тәттілері бар екен.
(Аққала балаларға тәттілерді таратады)
Балаларды мақтап мадақтау:
Балаларды жекелеме мақтап, мадақтаймын.
Үйге тапсырма беру:
Балалар, үйде аққаланың суретін салып келеміз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.
Болу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктері.
Істей білу керек: Қойылған сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі керек.
Тексерілді: