№1 билет
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеу сөздердің тиістісін қойып, мағынасына қарай ажыратыңыз. (4 ұпай)
1.Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып, пәуескенің жақтауынан қарыса ұстап, ... етеді.
2.Алыстан ергежейлі біреу ... басып келе жатты.
3.Бір ырғақпен ... етеді.
4.Қатты қорыққаны соншалық денесі ... етеді.
5.Рысқұл түкке түсінбей, бұл ... аяғымдағы кісеннің дыбысы шығар деп қалған.
1.Шыр-шыр
2.Маң-маң
3.Гүр-гүрс
4.Қалш-қалш
5.Салдыр-күлдір
2-тапсырма
Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс сәйкестендіріп (тұсына жазып) және сөйлем құраңыз.
Үлгі: қалш - қалш ету. (ренжісу)
Жүрегі дүрс - дүрс соғу. (қуану)
Шақ - шұқ болу ( мұздау, тоңу)
Қалбалақтай жүгіру. ( қорқу, қобалжу)
3-тапсырма. Абай өлең шумағындағы еліктеу сөздері табыңдар, өлең шумағына толық морфологиялық талдау жасаңдар.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
№2 билет
1-тапсырма
Абай өлең шумағындағы еліктеу сөздері табыңдар, өлең шумағына толық морфологиялық талдау жасаңдар.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
2-тапсырма
Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс сәйкестендіріп (тұсына жазып) және сөйлем құраңыз.
Қатты қорыққан кездегі қозғалыс(тырс)
Қазанның жай қайнауы (күрк)
Жіңішке дауыстың естілуі (зу)
Жөтелдің түрі (бүлк)
Тамшының дыбысы (селк)
Қасыңнан бірнәрсе тез өте шықты (шіңк)
3-тапсырма
Еліктеу сөздердің мағынасын, тұлғасын, құрылысына сай талдап, үстіне жаз.
Үлгі: лапылдаған
Бұл сөз 4 құрамнан лап-ыл-да-ған тұрады
Тұлғасына қарай --туынды
Құрылысына қарай-- туынды
Мағ.бейнелеуіщ
Алыстан лапылдаған оттар көрінеді. Трактордың гүрсілдеген дауысы үй ішіне естіліп тұрды.Күннің көзі терезеге жарқырай түсіп тұр.Маңайдан шіңкілдеген дыбыстар естіледі.Көлден саңқылдаған аққулар ұшып барады.Арсылдаған иттен қорыққан Бәтима жылап жіберді.Есікті әлдекімдер дүңкілдетіп қаға берді.
№3 билет
1-тапсырма
Еліктеу сөздердің мағынасын, тұлғасын, құрылысына сай талдап, үстіне жаз.
Үлгі: лапылдаған
Бұл сөз 4 құрамнан лап-ыл-да-ған тұрады
Тұлғасына қарай --туынды
Құрылысына қарай-- туынды
Мағ.бейнелеуіщ
Қараңғы бөлменің іші сәлден соң жарқ етті. Аспанда жұлдыздар жылтың-жылтың етіп,көздің жауын алады.Күлпаштың оты лап етіп жана бастады. Әлдекімге ашулы Жантас мектепке бұлқан-талқан кіріп келді де,орнына жайғасты. Қарға басқан адымның құлаққа сықыр-сықыр естілері анық.
2-тапсырма
Абай өлең шумағындағы еліктеу сөздерді табыңдар, өлең шумағына толық морфологиялық талдау жасаңдар.
Тотықұс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек
Күпілдек мақтан
Табытын қаққан
Аңдығаны, баққаны.
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен танысып.
3-тапсырма
«Жалт», «мөлтілдеп» сөздері
Мына көрсетілген үлгі бойынша еліктеу сөзге талдау жасаңыз.
Фонологиялық талдау.
Зу 1.Айтылуы,жазылуы жолдарына қарай жуан буынды сөз.
2. Бір буыннан құралған.
3. Тасымалданбайды.
4. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз.